«Ақпараттық жүйелерде деректер қорының алатын орны»



Дата12.05.2023
өлшемі17,03 Kb.
#91939
түріПрограмма
Байланысты:
Ибрагим Сымбат деректер базасы


«Ақпараттық жүйелерде деректер қорының алатын орны»
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) деп техникалық құралдарды, атап айтқанда ЭЕМ қолданатын жүйелерді атайды. Қолданыстағы АЖ-лердің көпшілігі автоматтандырылған болып келеді, сол себептен оларды қысқаша АЖ-лар деп атайтын боламыз. Ақпараттық жүйе деп ақпаратты өңдеуге арналған есептеу кешені аталады. Ақпараттық жүйе келесілерден: компьютерлік құрал-жабдықтан; программалық қамтудан; мәліметтерден; қызмет көрсетушілер құрамы (пайдаланушылар, әкімші) құралады. Жергілікті ақпараттық жүйе деп бір компьютерде орнатылған және сонда жұмыс істейтін жүйе аталады. Клиент/сервер типіндегі компьютерлік желіде жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер барған сайын кең таралуда. Бұл жүйелер мәліметтерді орталықтандырылған, сондай-ақ үлестірілген түрде өңделуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда жалпы мәліметтер серверлерде орналастырылады, ал клиенттік компьютерлерде жеке клиенттердің мәліметтері орналасады. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді программалық қамту төмендегілерден:  жалпыға арналған программалық қамту;  қолданбалы программалық қамту;  мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыру құралдарынан құралады. Мәліметтер қорын ақпараттық жүйелерде қолданудың үлкен артықшылығы – мәліметтер қоры мәліметтердің клиенттік бағдарламалардан тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, пайдаланушылар мәліметтерді тасымалдағыштарда физикалық орналастыру мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін ұйымдастыру мәселесінен құтылады. Кең мағынада АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудің кез келген жүйесі жатады. Қолдану саласы бойынша АЖ-ларды өндірісте, білім беруде, денсаулықты сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік салада, саудасаттықта және өзге де салаларда қолданылатын жүйелерге бөлуге болады. Мақсаттық қызметі бойынша АЖ-ларды шартты түрде келесі негізгі категорияларға бөлуге болады: басқарушы, ақпараттық-анықтамалық, шешімдерді қабылдауды қолдау. Кейбір жағдайларда АЖ ұғымы қандайда бір қолданбалы мәселені шешуге пайдаланылатын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы деген өте тар түсініктеме түрде қолданылады. Ұйымдастыруда, мысалы, өздеріне сәйкес келесі міндеттер жүктелген ақпараттық жүйелер болуы мүмкін: мамандар мен материалдық-техникалық құралдардың есебін жүргізу, жеткізушілер мен тапсырыс берушілермен есеп айыру, бухгалтерлік есеп және т.б. Мәліметтер банкі АЖ-ның бір түрі болып табылады, мұнда бір немесе бірнеше мәліметтер қорына ұйымдастырылған ақпаратты орталықтандырылған түрде сақтау мен жинаудың қызметтері жүзеге асырылған. Мәліметтер банкі (МБ) жалпы жағдайда келесі компоненттерден: мәліметтер қорынан (бірнеше қорынан), мәліметтер қорын басқару жүйесінен, мәліметтер сөздігінен, әкімшіден, есептеу жүйесі мен қызмет көрсетуші персоналдан тұрады. Аталған компоненттер мен солармен байланысты маңызды түсініктерді қысқаша түрде қарастырып кетейік. Мәліметтер қоры (МБ) есептеу жүйесінің жадында сақталатын және объектілер мен қарастырылып отырған пәндік салада олардың өзара байланысының жағдайын бейнелейтін, арнайы түрде ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтығы болып табылады. Қорда сақталатын мәліметтердің логикалық құрылымы мәліметтерді кейіптеудің моделі деп аталады. Мәліметтерді кейіптеудің негізгі модельдеріне (мәліметтер моделіне) келесілер жатады: иерархиялық, желілік, реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және объектілі-бағытталған. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) дегеніміз – бұл МҚ-ны құруға, енгізуге және оны көптеген пайдаланушылардың бірлесе отырып пайдалануына арналған тілдік және программалық құралдардың кешені. Әдетте МҚБЖ мәліметтердің қолданылатын моделі бойынша ажыратылады. Мысалы, реляциялық мәліметтер қорын пайдалануға негізделген МҚБЖ-лар реляциялық МҚБЖ-лар деп аталады. Алғашқы МҚБЖ-ларға келесілер жатады: IMS (IBM, 1968 ж.), IDMS (Cullinet, 1971 ж.), ADABAS (Software AG, 1969 ж.) және ИНЭС (КСРО АҒ ВНИИСИ, 1976 ж.). Қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйелері мыңдап саналады.
Ақпараттық жүйенің (АЖ) тиімді қызмет етуі көп жағдайда оның архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент-сервер архитектурасының болашағы зор болып отыр. Оның жеткілікті түрде таралған нұсқасында компьютерлік желі мен үлестірілген мәліметтер қоры болады, соңғысында корпоративтік мәліметтер қоры (КМҚ) мен дербес мәліметтер қоры (ДМҚ) орналасады. КМҚ компьютер-серверде орналасады, ДМҚ корпоративтік МҚ клиенті болып табылатын бөлімдер қызметкерлердің компьютерлерінде орналасады. Компьютерлік желідегі белгілі бір ресурстың сервері деп осы ресурсты басқаратын компьютер (программа) аталады, ал клиент деп осы ресурсты пайдаланатын компьютер (программа) аталады. Компьютерлік желінің ресурсы ретінде мысалы, мәліметтер қоры, файлдық жүйелер, баспа қызметтері, пошта қызметтері алынады. Сервердің типі ол басқаратын ресурстың түрімен анықталады. Мысалы, егер басқарылатын ресурс мәліметтер қоры болып табылса, онда сәйкес сервер мәліметтер қорының сервері деп аталады. Ақпараттық жүйені клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы пайдаланушылардың дербес ақпаратпен жеке түрде жұмыс істеуімен орталықтандырылған түрде сақтау, қызмет көрсету және жалпы корпоративтік ақпаратқа ұжымдық түрде қол жеткізуді сәтті түрде үйлестіру болып табылады. Клиент-сервер архитектурасында оны жүзеге асырудың түрлі нұсқаларына жол беріледі. Тарихи тұрғыдан алғашқы болып файл-серверін қолданумен үлестірілген АЖ-лар пайда болды (2.1-сурет). Мұндай АЖ-ларда пайдаланушылардың сұраныстары бойынша мәліметтер қорының файлдары дербес компьютерлерге (ДК) беріледі, ол жерде олар өңдеуден өткізіледі. Архитектураның бұл нұсқасының кемшілігі өңдеуден өткізілетін мәліметтерді берудің жоғары қарқындылығы. Оның үстіне көбінесе артық мәліметтер беріледі: пайдаланушыға мәліметтер қорындағы жазбалардың қаншасы қажет екендігіне тәуелсіз мәліметтер қорының файлдары тұтастай беріледі. Мәліметтер қорының серверін пайдалану арқылы клиент-сервер архитектурасы бойынша құрылған үлестірілген АЖ-ның құрылымы 2.2- суретте келтірілген. Мұндай архитектура болғанда мәліметтер қорының сервері мәліметтерді өңдеуден өткізудің басым бөлігінің орындалуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы немесе қосымша құрастыратын сұраныстар МҚ серверіне SQL тілінің нұсқаулықтары түрінде келіп түседі. Мәліметтер қорының сервері керекті мәліметтерді іздестіріп, іріктеп алады, содан кейін олар пайдаланушының компьютеріне беріледі. Бұл тәсілдің алдыңғымен салыстырғандағы артықшылығы берілетін мәліметтер көлемінің едәуір мөлшерде азаюы. Клиент-сервер архитектурасын пайдалану біріншіден, кәсіпорынның даму барысында, екіншіден, ақпараттық жүйенің өзінің дамуы барысында кәсіпорынның ақпараттық жүйесін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жалпы МҚ-ны корпоративтік МҚ мен дербес МҚ-ларға бөлу орталықтандырылған нұсқасымен салыстырғанда МҚ-ны жобалаудың күрделілігін төмендетуге, сол арқылы жобалау кезінде қателер жіберіп алудың ықтималдығы мен жобалаудың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Алимова Ж.С. «Ақпараттық жүйедегі деректер базасы»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет