5-жаттығу. Notepad [Блокнот] редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.
1. Проводник терезесінің оң жақ панелінде буманың белгісіне екі рет шерту арқылы
өзіңіз құрған буманы ашыңыз.
2. Бума терезесінің бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған
контекстік менюде тышқан көмегімен NEW (Создать) пунктінде Text Document
(Текстовый документ) командасын орындаңыз. Бума терезесінде осы файлдың
пиктограммасы пайда болады, пиктограммадан төмен NEW Text Document.txt
(Текстовый документ.txt) файлдың стандарттық атын көресіз. Осы файл атын
басқа атқа өзгертіп, мысалы, My first text Document.txt деп, содан кейін Enter
пернесін басыңыз.
3. Файл пиктограммасы бойынша тышқанды екі рет шертіп, құжатты ашыңыз,
Windows-тағы Notepad (Блокнот) редакторы мəтіндік құжаттармен байланысты,
сол себепті редактор ортасына кіресіз.
4. Клавиатура көлемімен кішкене көлемді текст теріңіз. Кішкене болса да, текстік
құжат дайындаңыз. Бірақ, ол файлға сақталған жоқ.
5. File (Файл) жазуына тышқанмен шертіп, Save (Сохранить) командасын
орындаңыз. Нəтижесінде сіз құрған құжат My first text Document.txt файлында
сақталады.
6. Notepad терезесінің оң жақ жоғары бұрышында орналасқан r
r
r
r батырмасында
шертіп, ортадан шығыңыз. Блокнот (Notepad) терезесі жабылады.
7. Файл пиктограммасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекстік
менюде Open (Открыть) командасын таңдаңыз. Файл мазмұнын қарап шығу
мүмкіндігі туады. Өз құжатыңызды көріп оның файл түрінде сақталғанына
көзіңіз жетеді.
8. r
r
r
r батырмасында шертіп, Блокнот терезесін жабыңыз.
6-жаттығу. Бума ішінде объектілерді басқару, объектілерді сұрыптау.
1. Проводник терезесінің сол жақ панелінде TP (немесе BP, немесе TP 7) бумасын
тауып, оның белгісіне шертіп, буманы ашыңыз. Нəтижесінде оң жақ бөлігінде осы
буманың мазмұны көрінеді. (Егер TP бумасының терезесінде обьектілер ішінде BIN
бумасын екі рет шерту арқылы ашыңыз). Терезеде обьектілер 4 түрде көрінуі мүмкін:
үлкен шартбелгілер, кіші шартбелгілер, тізім жəне кесте түрінде. Толық мəліметті
кесте түрі көрсетеді.
2. Вид менюінде кесте командасын таңдаңыз. Кесте 4 бағаннан тұрады: Аты, Типі,
Өлшемі, Өзгерісі. Терезе мазмұнын осы бағандардың кез-келгені бойынша сұрыптауға
болады. Ол үшін баған атында шертсе жеткілікті. Егер мəлімет бағанға толық
сыймайтын болса, онда жазу соңында көп нүкте қойылады. Өрістер тақырыптарының
бөлік сызықтарына екі рет шерту бойынша сол жақ бөліктің ең аз ендігін орнатуға
болады. Сонда əр объектінің қасиеті онда толық көрсетіледі.
3. Берілген каталогта тип бойынша барлық файлдарды сұрыптаңдар (Бағанның
Тип тақырыбында шертіңдер).
7-жаттығу. Объектілерді ерекшелеу.
Объект тышқанды бір рет шерту арқылы ерекшеленеді. Қатар орналасқан объектілер
тобын ерекшелеу үшін топтың бірінші объектісіне шертіп, SHIFT пернесін басулы күйінде
ұстап объектілер тобының соңғысында шерту керек, сонда топ толық ерекшеленеді.
1. Жоғарыдағы айтылған əдісті қолданып, ағымдағы терезеде кеңеймесі PAS болып
келген барлық файлдарды ерекшелеңдер (алдыңғы тапсырмада объектілер Тип
бойынша сұралған еді).
Əр жерде орналасқан объектілерді ерекшелеу CTRL пернесін басулы күйінде ұстап
тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы орындалады.
2. №1 пунктте ерекшеленген файлдардан ерекшелеуді алып тастаңдар.
8-жаттығу. Обьектілерді көшіру.
1. 4-тапсырмада құрған өз бумаңызға кеңеймесі PAS болып келген бірнеше файлдарды
көшіріңдер.
2. 7-тапсырмада көрсеткен əдіс бойынша CTRL пернесі көмегімен қатар орналаспаған,
кеңеймесі .PAS болып келген бірнеше (2-3) файлдарды ерекшелеңдер.
3. Правка менюінде Копировать командасын орындаңыз.
4. Көшірме орналастыратын өз бумаңызды ашыңыз.
5. Правка менюінде Вставить командасын орындаңыз
9-жаттығу. Дискетті форматтау.
1. Проводник терезесінің сол жағында А белгісін табыңдар. Диск 3,5 (A) жазуы түрінде
болады.
2. А пиктограммасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Жүйе контекстік
менюді көрсетеді, командалар ішінен Format (Форматировать) командасын
таңдаңыз. Осы команда көмегімен дискетаны форматтайды – жаңа дискетаны
файлдарды орнатуға дайындайды.
3. Format (Форматировать) командасына шертіп, ашылған диалогты терезеде
форматтау параметрін енгізу керек.
4. Дискетаны дисководқа орнатып, алдымен Full (Полное) пунктін, содан соң форматтау
процесін іске қосу үшін Start (Начать) батырмасына шертіңіз. Format
(Форматировать) сұхбат терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан индикатор бойынша
форматтау жүрісіне ілесуге болады. Форматтау жұмысы аяқталғанда жүйе оның
нəтижелері туралы есеп береді, сол есеппен танысыңыз.
5. Сlose (Закрыть) батырмасына тышқанмен шертіп форматтау нəтижелерін алып
тастаңыз, содан кейін Format (Форматирование) сұхбат терезесіндегі осы батырмаға
шертіп, форматтау режимінен шығыңыз. Нəтижесінде экранда Проводник терезесі
көрінеді.
10-жаттығу. Файлды немесе буманы дискіге жіберу.
1. Егер файл немесе бума дискетаға көшірілетін болса, дисководқа дискета
орнатыңыз.
2. Windows-тың Проводник терезесінен өз бумаңызды таңдап, сол бумаңызға
көшіріңіздір.
3. Файл менюінде Отправить командасын таңдап ашылған ішкі менюде бумаңыз
көшірілетін [Диск 3,5 A] дисководты таңдаңыз.
4. Проводник терезесіндегі [А:] жинақтауышқа пиктограммасы бойынша
тышқанды екі рет шертіңіз.
5. 3,5 Floppy (A:) [Диск 3,5 (А:)] тақырыбы бар терезе ашылғанын көресіз.
6. Ашылған барлық терезелерді жабыңыз.
11-жаттығу. Экранды өзгерту.
1. Рабочий стол бетінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
2. Объект менюінен Свойства командасын таңдаңыздар.
3. Заставка белгісіне шертіңіз.
4. Заставка тізімінен өзіңізге ұнаған заставканы таңдап, Параметры батырмасында
шертіңіз.
5. Қажетті параметрлерді (ОК) батырмасында шертіп, диалогты терезеде
орнатыңыз.
6. Интервал өрісінде уақытты орнатыңыз.
7. ОК батырмасында шертіңіз.
12-жаттығу. Экран фонын өзгерту.
1. Рабочий стол бетінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
2. Объект менюінде Свойства командасын таңдаңыз.
3. Фон жалаушасында шертіңіз.
4. Образец тізімінде ұнайтын бейне бойынша файл таңдаңыз.
13-жаттығу. Жылжыту əдісі көмегімен жарлық құру.
1. Өз бумаңызды ашыңыз.
2. (№5- тапсырмадағы өзіңіз құрған) текстік файл белгісіне тышқанның оң жақ
батырмасын шертіңіз.
3. Пайда болған менюден Создать ярлык командасын таңдаңыз – Windows объект
орналасқан бумада жарлық құрады.
4. Құрылған жарлықты Рабочий стол-да керекті орынға жылжытыңыз.
14-жаттығу. Жарлық белгісін өзгерту.
1. Жарлық белгісінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
2. Свойства командасын таңдаңыз.
3. Диалогты терезеде Сменить значок жалаушасында шертіңіз.
4. Қажетті белгіні таңдаңыз.
5. ОК батырмасында шертіңіз.
15-жаттығу. Жарлық белгісін өзгерту үшін төменде көрсетілгендей орындаңыз:
Жарлық бойынша тышқанның оң жақ батырмасында шертіңіз.
Объект менюінің Переименование командасын таңдаңыз.
Жаңа ат енгізіңіз.
16-жаттығу. Мезгіл мен уақытты орнату.
1. Панель управления пунктінің Дата/Время белгісіне 2 рет шертіңіз.
2. Диалогты терезеде Дата/Время жалаушасы бойынша шертіңіз.
3. Мезгілді өзгерту үшін Календарь тізімінен жыл, айды таңдаңыз.
4. Уақытты өзгерту үшін сол текстік өрісте уақытты таңдаңыз.
5. ОК батырмасында шертіңіз.
17-жаттығу. Бумалар мен файлдарды өшіру.
Ескерту!!! Студент бумасынан ғана өшіруді орындауға болады.
Өз бумаңызда объектіні ерекшелеп, төмендегі əрекетті орындаңыз:
• Дискетадан жол бойынша өшірілетін файлдар Корзинаға орналаспайды.
18-жаттығу. Өшірілген объектілерді қалпына келтіру.
Рабочий стол-да Корзина белгісіне 2 рет шерту керек.
Өз бумаңызда қалпына келтіретін объектіні ерекшелеңіз.
Файл менюінде Вставить командасын таңдаңыз.
19-жаттығу. Анықтамалық жүйемен жұмыс
20-жаттығу. Windows ОЖ-сін күйге келтіру.
WINDOWS COMMANDER-мен жұмыс істеу
1-жаттығу. Windows Commander-мен жұмыс істеудің негізгі принциптері
1.1. Windows Commander-дегі навигация.
Windows Commander-дің жұмыс терезесі панель деп аталатын екі бөлекке бөлінген.
Олардың бірі əрқашан екпінді күйде болады. Екпінді панель деп осы сəтте курсор тұрған
панелді айтамыз. Екпінді панелдің тақырыбы көк түспен ерекшеленген. Панелдер
арасында бір-біріне өту үшін басқа панелге тышқанның пернесін шерту немесе
клавиатурадағы ТАВ пернесін басу арқылы жүзеге асады.
1.2. Екпінді панелді екпінді емес, ал екпінді емес панелді екпінді жасаңыз.
Орындау реті: Tab пернесін басыңыз, нəтижеде курсор екінші панелге өтеді. Панелде
ағымдағы дискінің мазмұнын береді. Сол панелде басқа дискіге өту үшін сіз Alt+F1
пернелер комбинациясын басуыңыз жəне ашылған тізімнен керекті дискіні таңдауыңыз
керек. Оң панелде дискіні өзгерту үшін Alt+F2 комбинациясын басуымыз керек. Екінші
əдіс
белгісіне тышқан батырмасын басамыз.
1.3. Панелдегі дисководты ауыстыру.
Орындалу реті: Сол жақ панелдегі дисководты ауыстыру:
а) Alt + F1 пернелерін қатар басу,
б) ашылған тізімнен бағыттауыш пернелерінің көмегімен қажет дискіні таңдау:
в) курсордың көмегімен А: дисководын таңдап, Enter пернесін басу.
Оң жақ панелдегі дисководты ауыстыру:
а) Alt + F2 пернелерін қатар басу,
б) ашылған тізімнен бағыттауыш пернелерінің көмегімен қажет дискіні таңдау:
в) курсордың көмегімен А: дисководты таңдап, Enter пернесін басу.
Ескерту: Егер дисководта дискет жоқ болса немесе дұрыс істемейтін дисковод таңдалса,
мынадай хабарлама шығады:
Бұл жағдайда келесі əрекеттердің бірін орындау керек:
- А: дисководына дискет салып, Enter пернесін басу керек, я болмаса,
- А: дисководының атының орнына басқа, мысалы С: дисководын алуға
болады, я болмаса
- Esc (Отмена) пернесін басу керек.
2-Тапсырма. Екпінді панелдің бойында жұмыс жасау
2.1. Панелдің соңғы жолына көшу.
Орындалу реті.
End пернесін басу керек, я болмаса, курсорды ауыстыру ( стрелка) пернесін
пайдалану.
2.2. Панелдің жоғарғы жолына көшу.
Орындалу реті.
Home пернесін басу керек, я болмаса, курсорды ауыстыру ( стрелка) пернесін
пайдалану.
2.3. Файлды ерекшелеу.
Орындалу реті.
а) Ерекшелеуге қажет файлға курсорды қою,
б) Insert (Вставка) пернесін басу. Сол кезде файл сары түске боялады.
2.4. Файлдағы ерекшелеуді алып тастау.
Орындалу реті.
а) Ерекшелеуді алып тастау қажет файлға курсорды апару,
б) Insert (Вставка) пернесін басу.
2.5. Файлды топтап ерекшелеу.
Орындалу реті.
а) Ерекшеленетін бірінші файлға курсорды апару
б) Insert (Вставка) пернесін басу. Сол кезде файл сары түске боялады.
в) курсорды келесі файлға қойып, тағы да Insert (Вставка) пернесін басу керек
жəне т.б.
2.6. Топтап белгіленген файлдардағы ерекшелеуді алып тастау.
Орындалу реті.
а) Ерекшелеуді алып тастау қажет файлға курсорды қою,
б) Insert (Вставка) пернесін басу.
в) курсорды келесі файлға қойып, тағы да Insert (Вставка) пернесін басу керек
жəне т.б.
2.7. Барлық файлды ерекшелеу.
Орындалу реті.
а) Клавиатураның оң жағында орналасқан "серый" плюс (+) пернесін басу керек,
б) Выделить все диалогты терезесі пайда болады:
в) Еnter пернесін басу.
2.8. Барлық файлдағы ерекшелеуді алып тастау.
Орындау реті.
а) "серый" плюс (-) пернесін басу керек, (клавиатураның оң жағында орналасқан)
б) Ерекшелеуді алу (Снять выделение) диалогты терезесін пайдалануға болады:
в) Еnter пернесін басу.
3-тапсырма. USER атпен директорияны А: дисководында құру керек
Орындалу реті
А: дисководы үшін
1. А: дисководына дискета салу
2. 1.3-тапсырмадағы əдістерді пайдаланып панелде (оң жақ немесе сол жақ) А:
дисководының мазмұнын шығару.
3. 1.2-тапсырмасында жазылған əдісті пайдаланып А: дисководының мазмұны бар
панелді екпіндендіру.
4. F7 (Mkdir) функционалдық пернесін басу.
5. Пайда болған диалогты терезеде клавиатурадан директория аты USER –ді теру
керек.
6. Enter пернесін бассақ, А: панелде жаңа директория пайда болады.
4-тапсырма. сl.txt текстік файлын ашу жəне оны А: дискісінде сақтау
Орындалу реті
1.2-тапсырмада жазылған əдістерді пайдаланып А: дискісінің мазмұны бар
панелді екпіндендіру.
1. Клавиатурадан Shift жəне F4 пернелерін бір мезгілде басу керек.
2. Диалогты терезеде файлдың аты сl.txt-ті теріп, Enter пернесін басу керек.
3. Блокнот текстік редактордың терезесінде тексті теру керек.
4. Блокнотта тексті сақтау үшін Ctrl+S пернесін басамыз, немесе Файл→Сохранить
меню командасын орындау. А: дискісінде сакталған файлдың атын көреміз.
5-тапсырма: Файлдың мазмұнын қарау.
Орындалу реті.
1. Бағыттауыш пернелерін пайдаланып мазмұны қарау қажет файлға барамыз.
2. F3 (View) функционалдық пернесін басамыз. Экранда файлдың мазмұны пайда
болады
3. Қарау программасында келесі пернелер комбинациялары мүмкін:
1 - текстік форматта қарау;
2 - белгіленген жол ұзыындығымен қарау;
3 -16-лық форматта қарау;
4 - сурет түрінде қарау (егер осы сəттегі файл сурет болса);
5 - HTML форматында қарау (барлық өрнектелмейді);
А – ANSI-де қарау, яғни Windows кодировкасында;
S – ASCII-де қарау, яғни DOS кодировкасында.
Option→Configure меню командасын орындағаннан кейін бөлек терезеде шрифтті
келтіруге жəне терезе өлшемін өзгертуге, содан соң Opiton→Save Posiiton меню
командасымен сақтауға мүмкіндік береді.
Ғ10 немесе Esc пернесі арқылы қарау режимінен шығу
6-тапсырма: Файлдың атын өзгерту (мысалы, А: дискісіндегі cl.txt файлын, cly.doc
атына өзерту)
Орындалу реті
1. cl.txt файлына курсорды апарамыз.
2. F6 (RenMov) функциональдық пернесін басамыз .
3. Пайда болған диалогты терезеде файлдың жаңа атын cly.doc-ты тереміз
4. Enter(Ввод) пернесін басамыз
Бұл режимнен шығу үшін Esc пернесін басамыз.
7-тапсырма: А: дисководындағы cly.doc файлын С: дисководына көшіру
Орындалу реті
1. Панелде қайдан көшірілетін А: (мысалы, сол жақта А: дисководы) жəне қайда
көшірілетін С: (оң жақ панелде) 1.3-тапсырмасында жазылған əдіспен дайындалады.
2. cly.doc файлына курсорды апару.
3. F5(Copy) функционалдық пернесін басу.
4. Пайда болған диалогты терезеде қайда көшірілетіні көрсетіледі:
5. Enter(Ввод) пернесін басамыз
8-тапсырма: Бірнеше файлдарды көшіру
Мысалы: С: дискісінен 2 файлды А: ға көшірейік.
7-тапсырмада жазылған əдістер сияқты орындалады, тек қана көшірмес бұрын қажет
файлдарды 2.5- жəне 2.7-тапсырмада жазылған əдіспен ерекшелеу керек.
9-тапсырма: Негізгі менюмен жұмыс істеу тəсілдері.
9.1. Сол жақ панельде файлдардың атын жəне кеңеймелерін шығару.
Орындалу реті.
а) сол жақ панельді екпінді ету;
б) Ғ9 (PullDn) немесе Alt функционалдық пернесін басу;
Нəтижесінде Windows Commander меню панелі екпінді болады.
в) Менюді ашу үшін ↓ пернесін басыңыз. Оң жаққа бағыттаушы пернені басу
арқылы Show (Вид) пунктіне жəне төмен бағыттаушы пернені басу арқылы Brief
(Краткий) пунктіне көшіңіз;
г) Enter пернесін басыңыз.
Осындай нəтижеге Ctrl+F1 пернелерін басып та жетуге болады.
9.2. Оң жақ панелінде файлдардың аттары мен кеңеймелерін шығару.
9.1 тапсырмасында жазылған əдіспен бірдей орындалады, бұл жағдайда тек қана
б) пунктінде оң жақ (Right) панельді таңдау керек.
9.3. Сол жақ панельде файлдың аттарын, кеңеймелерін, өлшемдерін, құрылған
күнін, уақытын шығару керек.
Орындалу реті :
а) F9(PullDn) функциональдық пернесін басыңыз. Нəтижесінде экранның
жоғарғы бөлігінде меню пайда болады.
Нəтижесінде Windows Commander меню панелі екпінді болады.
б) Менюді ашу үшін төмен бағыттаушы пернені басыңыз. Оң жаққа бағыттаушы
пернені басу арқылы Show (Вид) пунктіне жəне төмен бағыттаушы пернені басу арқылы
Full (Подробный) пунктіне көшіңіз;
в) Enter пернесін басыңыз.
Осындай нəтижеге Ctrl+F2 пернелерін басып та жетуге болады.
9.4. Оң жақ панельде файлдың аттарын, кеңеймелерін, құрылған, күнін, уақытын
шығару керек.
9.3-тапсырмасындағы əдістегі жолмен орындаймыз.
Айырмашылығы б) пунктінде Правая панель (Right) таңдалуы керек.
9.5. Файлды тез іздеу.
Мысалы format.com файлын екі əдіспен іздеуге болады.
1 əдіс
Орындалу реті:
а) F9 (PullDn) функционалдық пернесін басу. Нəтижесінде экранның жоғарғы
бөлігінде меню пайда болады.
б) Оң жаққа бағыттаушы пернені пайдаланып Commands (Команды) командасын
таңдап, Enter пернесін басу керек.
Нəтижесінде экранда осы бөлімнің ішкі командалары пайда болады.
Төмен бағыттаушы перненің көмегімен Search (Поиск файла) командасын
таңдап, Enter пернесін басу керек. Нəтижесінде экранда диалогты терезе пайда болады.
Бұнда файлдың атын (мысалы format) немесе оның алғашқы символдарын теріп, Start
Search командасын таңдау немесе Enter пернесін басу керек.
г) Нортон ізделінді файлды табады жəне оны ерекшелейді.
2 əдіс
Орындалу реті :
Alt жəне F7 (Alt+F7) екі пернені қатар басу керек . Экранда пайда болған
диалогты терезеде, жоғарыда көрсетілгендей в) жəне г) пунктерін қайталау керек.
10-тапсырма: Файлды өшіру.
Егер сақталған информация қажет болмаса, онда ол файлды өшіру керек. Ол
жұмыс дискіде орын босатады жəне оның орнына басқа файл жасауға болады.
Ескерту! Бұл амалды орындағанда өте сақ болу керек.
Мысалы, 5-тапсырмада құрылған жіне 7-ші тапсырмада аты өзгертілген А:
дискаводындағы cly.doc файлын өшіру керек.
Орындалу реті:
1. cly.doc файлына курсорды апарамыз.
2. Ғ8 (del) функционалдық пернесін басамыз.
Экрандағы диалогты тарезеде өшірілуге тиіс файлдың аты көрсетіледі.
Бұл файлдың өшірілуін құптау үшін Enter пернесін басу керек.
Бұны өшігіміз келмесе Esc немесе диалогты терезедегі Cancel (отмена) пернесін
таңдау керек.
Бірнеше файлды өшіру қажет болса оларды алдымен ерекшелеп алу керек. (2.5-
тапсырманы қара)
3. Жоюды реттеу үшін Enter басу керек. Режимді тоқтату үшін Esc пернесін басу
немесе бағыттаушы пернелерімен жұмыс істей отырып, диалогты терезеде Саncel
батырмасын таңдау керек. Бірнеше файлдарды жою алдында, оларды ерекшелеп алу (2.5.-
тапсырманы қара), содан соң F8 пернесін басу керек.
8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс)
орындалуы бойынша əдістемелік нұсқаулар. Курс бойынша қарастырылмаған
9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың
мəтіні, əр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары
бойынша тапсырмалар, əдебиет тізімі жəне арналған уақыт көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |