Ақпараттық жүйелердің сыныптамасы


Ұйымдастырушылық ақпараттық жүйелер



бет2/3
Дата17.02.2022
өлшемі32,16 Kb.
#25813
1   2   3
Ұйымдастырушылық ақпараттық жүйелер. Осындай жүйелер қоғамда пайда болады.

Ұйымдастырушылық жүйе — бұл жалпы мақсаттарға жету үшін қызметі саналы үйлестірілетін адамдар тобы.

Ұйымдастырушылық жүйеде, автоматтандырылған жүйеде сиқты ақпараттық ағымдар айналады. Осындай жүйеде ақпараттық өзара іс-қимылдың мынадай субъектілері белгіленеді: адам — адам; адам— жабдық; жабдық — жабдық.

Ұйымдастырушылық жүйелерде ақпараттық алмасу үдерісін жобалаған кезде өзара іс-қимылдың негізгі буыны «адам — адам»

субъектісі болып табылады. Осыған орай, осындай жүйелерде

ақпараттық ағымдардың талдауын немесе синтезін орындаған кезде

ұйымның


Құжат айналымының ерекшелігі есепке алынады:

• құжаттар тізбесі;

құжаттардың мазмұны;

• оларды рəсімдеу тəртібі;

• құжаттарды жасау үшін деректерді жинау əдістері;

• лауазымдық тұлғалардың функционалдық жəне құрылымдық бағынысы;

• құжаттарды есепке алу жəне бақылау тəртібі.

Корпоративтік ақпараттық жүйелер. Осындайжүйе ұйымның

негізгі функцияларының орындалуын қолдайды. Ол

бағдарламалық қамсыздандырудың жекелеген модульдерін қамтиды жəне əр осындай модлуь белгілі бір бөлімшенің немесе бөлімшелер тобының қызметін автоматтандырған кезде пайдаланылады. Құрылымдық жағынан корпоративтік ақпараттық жүйе кəсіпорынның ұйымдастырушылық иерархиясына сай болады.

Транзакцияларды өңдеу жүйелері. Транзакция ақпараттық жүйеде өтетін жəне деректерді өзгертуге бағытталған үдеріс болып табылады. транзакцияларды орындау екі қалыппен сипатталады: транзакцияны ашу; транзакцияны тіркеу.

Өз кезегінде транзакцияны тіркеу оны қабылдауын немесе «кері шегіндіруді» білдіреді. Транзакция қабылданған жағдайда өзгерістер

жүйенің деректер қорында тіркеледі. «Кері шегіндіру» деректер қорында жүргізілген барлық əрекеттерді тоқтатуға əкеп соғады, жəне ол транзакцияны ашу сəтіндегі қалпына қайтарылуы тиіс.

Транзакцияларды қадағалайтын ақпараттық жүйелер OLTP (On-Line Transaktion Prосеssing) жүйелердің атауын алған. Осындай жүйелер трназакцияларды нақты уақыт өлшемінде жүргізеді. Транзакциялар ойдағыдай орындалуы үшін жүйе транзакцияларды іске асыру шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Транзакция мынадай негізгі қасиеттерге ие:

• атомарлық. Транзакция деректерді қорда өңдеуге арналған бірыңғай операция ретінде орындалады. Жалпы түрде транзакция деректерді өзгертуге бағытталған сұрау салуулар немесе операторлар пакеті болап табылуы мүмкін. Осындац пакет біртұтас орындалады;

• келісушілік.
• оқшауланғандық. Көппайдаланушылық жүйелерде деректерді өзгерту үдерісінде қақтығыстар болмауын қамтамасыз етеді.

Осы жүйелерде деректер қоры мен кестелерді бірнеше пайдаланушы өзара бөледі. Осындай қолжетімділік жағдайында деректер келісушілігінің маңызы зор. Бір транзакция белгілі бір кестенің немесе кестелердің жазбасына қолжетімділікті алған кезде, ол аяқталғанша басқа транзакциялар осы жазбаларға қолжетімділікті ала алмайды;

• ұзаққа жарамдылығы. Осы қасиеті транзакция ойдағыдай аяқталған жағдайда оның нəтижелері жоғалмайтынын білдіреді.

Қарастырылған қасиеттердің тиісті ағылшын атаулары бар:

atomicity, consistency, I S O L A T I O N , durаbility, сондықтан алдында

аталған қасиеттерге ие транзакциялар қысқаша ACID-транзакциялар деп аталады.

Көппайдаланушылық жүйелерде транзакцияларды топтастыру технологиясы да қолданылады. Ол екі қағидат негізінде іске асырылады:

1) транзакция олар үшін бұрын басталған транзакция жабылмаған деректер қоры кестесінің жазбаларына қолжетімділікті ала алмайды;

2) егер деректер қоры кестелерінің жазбаларына екі транзакция қатар жүгінген болса, олар ретпен орындалады.

Топтастыру қағидатын іске асыру бұғаттау механизмі көмегімен орындалады. Бұғаттау:

1) деректер қорлары деңгейінде;

2) жекелеген кестелер деңгейінде;

3) беттер деңгейінде;

4) жазба деңгейінде жүзеге асырылуы мүмкін.


Бірінші жəне екінші типтегі бұғаттаулар транзакцияны өңдеу үдерісін едəуір баяулатуы мүмкін. Үшінші типтегі бұғаттау физикалық деңгейде орындалады, бет ретінде кестенің деректері жазылған қатты дискінің учаскелері түсініледі. Транзакцияларды өңдеуді жылдамдату үшін төртінші типтегі бұғаттау жүргізіледі- кестенің жолдары деңгейінде.

Қолжетімділікті жеделдету үшін қатты жəне қатты емес бұғаттау қолданылуы мүмкін. Қатты бұғаттау транзакция кестедегі деректерді өзгертуді жүргізген кезде орындалады, басқа транзакцияларға өзгертілетін деректерге қол жеткізуге тыйым салынады. Қатты емес бұғаттаудеректерді алып шыққан кезде тиімді, бұл ретте басқа транзакциялар да осы деректеерді ала алады. Тек ешқандай басқа транзакция деректерді бұғаттамағанда ғана транзакция қатты бұғаттауды пайдалана алады.

Өзара бұғаттау кезінде транзакциялардың біреуі тоқтатылады жəне оны «кері шегіндіру» орындалады.

Транзакцияларды басқару жүйелері транзакциялардың екі негізгі типін қолдайды: таратылған жəне жергілікті. Таратылған транзакциялар желінің қашықтағы деректер қоры фрагменттелген бірнеше серверінде іске асырылады.

Жергілікті транзакциялар желінің немесе жұмыс станциясының бір серверінде орындалады.

Қазіргі ұйымдарда дəл осы таратылған транзакциялар кең таралуда. Оларды орындау үдерісін оңтайландыру үшін OLTP-жүйелер құрамына арнайы қосалқы жүйені — TPM (Trаnsасtiоn Prосеssing Mоnitоr) транзакциялар мониторы енгізіледі.

Бұл ретте TPM екі функцияны орындайды:

1) желінің серверлеріне жүгінулерді біркелкі үлестіру жолымен оларға жүктемені теңестіреді;

2) серверлерде орындалатын қосымшалар санын оңтайландырады. Бірінші функцияны іске асыру үшін клиенттік сұрау салуларды

бағдарлау технологиясы қолданылады. TPM қосалқы жүйесі динамикалық бағдарлы кестеге жүгінеді жəне клиенттік сұрау салуға қызмет көрсете алатын бос серверді табады. Бос серверді іздестіру не оларды кезеңдік сұрастыру, не белгілі бір алгоритм бойынша жүргізіледі.

Транзакцияларды орындау жылдамдығын оңтайланыру үшін белсенді серверлік қосымшаларды бақылау жүргізіледі. Сұрау салуларға қызмет көрсететін серверлік қосымшалар неғұрлым көп болса, OLTP-жүйелердің əрекет ету жылдамдығы соғұрлым жоғары.

Шешімді қабылдауды қолдау жүйелері. Басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде қажетті деректерді беру үшін қолданылатын ақпараттық жүйелер негізгі элемент ретінде деректер қоймасын пайдаланады. Осындай жүйелерOLAP (On-Line Analysis Pro-сеssing) шартты белгіні алды.

Кəдімгі деректер қорынан айырмасы, деректер қоймасына түрлі көздерден алынған ақпарат орналастырылады. Деректер қоймасында орындалатын негізгі операция — жаңа деректерді қосу. Деректер үлкен блоктармен үлкен интервалмен қосылады. Бұл ретте түрлі көздерден түсетін деректер өңделуі жəне жалпы форматқа келтірілуі тиіс.
Деректер қоймасы технологиясын пайдалану:

а) басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін жүйенің пайдаланушыларын қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету;

б) ұйым деректерінің моделін құру;

в) түрлі ақпаратқа қол жеткізу үшін ықпалдастырылған деректер көзін құру.


Деректер қоймасында жиналған ақпараттың мынадай ерекшеліктері болуы тиіс:

• Ішінде мəндік жүйенің сенімді сипаттамасы болуы тиіс;

ықпалдастырылған деректерді, яғни түрлі көздерден жиналған жəне бір форматқа келтірілген деректерді қамтуы тиіс;

• деректер өздері өзгермейді, қоймаға тек жаңа деректер қосылады. Деректер хронологиялық тəртіппен сақталуы тиіс. Бұл үшін ақпаратты уақыт бойынша немесе күнтізбелік күн бойынша реттеуге мүмкіндік беретін арнайы атрибут пайдаланылады. Ақпаратты хронологиялық тəртіпте орналастыру пайдаланушының сұрау салуына жауп алу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Транзакцияның өңдеу жүйесінен айырмашылығы, шешімдерді қабылдау жүйесіне сұрау салу нақты фактіні емес, белгілі бір нəтижені алуды көздейді. Мысалы, OLTP- жүйеге сұрау салудың құрылымы мынадай болуы мүмкін: «Күннің басына доллардың рубльге шаққандағы бағамын шығару». OLAP-жүйеде сұрау салудың құрылымы мынадай: «Өткен апта ішінде доллардың рубльге шаққандағы бағамының орташа мағынасы қандай болған».

Деректер қоймасын ұйымдастыру үшін түрлі архитектуралар пайдаланылады. Деректер қоймасын ұйымдастырудың базалық тұжырымдамасы — гиперкуб, яғни деректерді сақтаудың көлемді моделі пайдаланылады. Осындай архитектура сақтаудың үшөлшемді сақтау технологиясын пайдалануды көздейді.




Сараптамалық жүйелер екі негізгі типке сыныпталады:

Эвристикалық жəне жалпы тұжырымдамалық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет