Дипломдық жұмыс құрамы , мазмұны және оны рәсімдеу
1.Дипломдық жұмыс (жоба)келесі бөлімдерден тұрады :
-түсіндірме жазбадан ;
- құрылған бағдарламаның құрлымына , кестелерден , сызбалардан , суреттерден ;
-буклет .
Бағдарламалық қамтамасыздандыру құжаттамасының (БҚ)мазмұнына қойылатын талаптар «Бағдарлама құжаттаманың біріңғай жүйесі» мемлекеттік стандарттары арқылы реттеледі.
Дипломдық жұмыс мәтіні аталған стандарттың барлық талаптарына сай келетін матритцалық ,ағындық немесе лазерлік принтерге басылып шығарылуы мүмкін .
1305000 мамандық бойынша дипломдық жобадағы графикалық жұмыстарды орындауда ЕСПД ГОСТ 19.701.90 (ИСО 5807 – 85) « Алгоритмдер,бағдарламалар ,мәліметтер және жүйелер сызбасы»стандартының блок –сұлба элементтерін және олардың салыстырмалы өлшемдері салуда, мәліметтерді графикалық түрде көрсетуге символдарды және сызбаларды қолдану ,бағдарламалар сызбасы,жүйе жұмысының сызбасы , бағдарламалардың өзара байланысы сызбасы және жүйе ресурстарының сызбасы кезінде қолдану . Алайда салынған суреттер , рамка, мөр , беттерді нөмірлеу СТП 1.02-99стандартына сай жүзеге асады .
Дипломдық жоба бағдарламалық өнім мен түсіндірме жазбадан (ТЖ) тұрады .ТЖ көлемі қосымшасыз 35-50 бет сапалық мәтіннен тұрады түрі алғашқы беті болып титулдық бет саналады, алайда ол нөмірленбейді. Титулдық бет бөлек бетке орналасады. Титулдық бетті толықтыру мысалы 1-қосымшада көрсетілген одан кейінгі бет жобалауға арналған тапсырма бланкісі, ол да нөмірленбейді бірақ саналады. Келесі бетте жұмыс мазмұны орналасады «Мазмұны» сөзі бас әріптермен мәтінге симетриалы түрде жазылады. 2-қосымшада көрсетілген рамка және мөр баспаның негізгі бетінде жазылады. Дипломдық жұмыс (жоба) жетекшісінің пікірі мен рецензия тігілмейді . Түсіндірме жазба келесі бөлімдерден тұрады :
2. Дипломдық жұмыстың құрлымдық элементтері :
- Титулды бет : (1,7- қосымша)
- Дипломдық жобалау тапсырмасы ; (4,10-қосымша )
- Мазмұны ; (2,8 - қосымша)
-Кіріспе ;
1. Қойылым бөлімі ; (3,9-қосымша )
Жобалық бөлім
Дипломдық жобаны жүзеге асыруын инструменталдық құралдары ;
Эксплуатация ;
Экономиялық бөлім ;
Техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша орындалатын іс шаралар
Қорытынды ;
Қолданылатын қайнар көздері тізімі ; (16- қосымша )
Қосымша
Қарастырылып жатқан тақырыпқа байланысты бөлімдердің мазмұны жаңа бөлімдер қосылып немесе біріктіріліп ,нақтылануы мумкін.
Барлық жоба материалдары дұрыс, дайекті және нақты түрде ұсынылуы керек. Мәтін мазмұны екі мағыналық болдырмауы тиіс.
3. Түсіндірме жазба А4 (210х297)форматындағы сызықсыз беттерде рәсімделеді. Түсіндірме жазбаның бірінщі және келесі беттерінің формасы МЕМСТ 2.106-88 стандартының талаптарына сай болуы қажет(1-қосымша), рамка (МЕМСТ2.104-88)болуы міндетті .
Мәтін бөлімдерге және бөлімшелерге бөлінеді. Бөлім атаулары тақырып ретінде (мәтінге симметриялы) кәдімгі басәріппен жазылады бөлімше атаулары кіші әріппен (бірінші әріптен басқасы) мәтінге симметриялы орналасады . Тақырыптарда сөздерді тасымалдауға болмайды тақырып соңына нүкте қойылмайды.
Мәтіндік құжаттарда әрбір бөлімді жаңа беттен бастау ұсынылады . Әрбір рамкада 15-17 мм абзацта жазылуы тиіс. Тармақ нөмірі көрсетілетін цифрлар абзац шекарасынан аспауы тиіс.
Мәтінге рұқсат берілмейді:
-Егер цифрсыз көрсетілсе физикалық шамалардың өлшем бірлігін қысқартуға ;
-Орфография заңдылығымен қабылданған қысқартулардан басқа қысқартылған сөздерді қолдану.
Негізгі мәтін Times New Roman келтірілген қарпімен немесе Arial кесілген қаріпімен жазылады, 12 кегль, аралығы бір жарым. Тақырып және тақырыпшалар қою 12 қаріппен жазылады.
Басып шығару кезінде жиіктерді: жоғарғы жағы – 20мм, оң жағы 10мм , астынғы жағы -25мм ,солжағы 30 – мм орналасуы қажет.
Бұл жағдайда қалыпты толтырылған бетте 28-30 жол басып шығарылуы керек.
ТЖ әрбір беті 1- қосымшада көрсетілген рамкамен рәсімделі .
Қосымшада бағдарлама мәтіні Courier New қаріпімен , 10 кегль , бірлік аралықта басып шығарылады. Бағдарлама мәтіні сәйкесінше пішінділуі керек .
Тақырып пен мәтін ара қашықтығы шамамен 15 мм , бөлім тақырыбы мен бөлімше тақырыбының арақашықтығы 5-7 мм болуы тиіс . Дипломдық жобаның әрбір бөлімі жаңа беттен басталады .
Рамка мен мәтін шекарасына дейінгі ара қашықтық : жолдың басынды 10 мм, соңында 5 мм кем емес болуы тиіс . Мәтіннің үстінгі және астынғы жолдарынан рамканың үстінгі және астынғы шекарасына дейінгі ара қашықтық 10мм кем емес болуы керек .Мәтін абзацы 15-17 мм басталады . Бетте мәтінді орналастыру 1- қосымшада көрсетілген .
4. Мұқаба , титулдық бет және дипломдық жұмысқа тапсырма нөмірленбейді , бірақ бұл беттер жалпы нөмірлеуге қосылады . Келесі бетте жұмыс мазмұны бетінен бастап нөміпленеді . Мазмұны бетінен 6 нөмірнен басталады және мәтін бойынша ары қарай жалғасады . Нөмер қаріпі негізгі қаріппен бірдей болады .
5. Дипломдық жоба бөлімдерінде араб цифрларымен және нүктемен көрсетілген нөмер тағайындалады . Бөлімшелер бөлім шеңберінде реттік нөмермен нөмірленеді . Бөлімше нөмері екі цифрмен белгіленеді : біріншісі – бөлім нөмері , екіншісі – бөлімше нөмері. Нөмерлер арасына нүкте қойылады . Бөлімше нөмері соңында нүкте қойылмайды . Бөлім немесе бөлімше тақырыбының соңында нүкте қойылмайды . Бөлім немесе бөлімше тақырыбының соңында нүкте қойылмайды .
Мысалы :
3. Аспаптық құрылғылар
3.1 Бағдарламалық қамтамасыздандыру сипаттау
Бөлімдер мен бөлімшелер бір немесе бірнеше тамақтардан тұруы мүмкін . Егер дипломдық жобада бөлімшелер бір немесе бірнеше болмаса тармақтар номірі бөлім шеңберінде және бөлім номірі мен тармақ номірінен нүкте арқылы бөлініп тұруы қажет . Бөлім нөмірі соңынды нүкте қойылды .
Мысалы :
1.1
1.2
1.3
Егер дипломдық жобада бөлімшелер бар болса, онда тармақтар номері бөлімшелер шеңберінде болады және тармақ номері бөлім, бөлімше және тармақ номірінен белгі арқылы бөлініп тұрады.
Мысалы:
3.1
3.1.1
3.1.2
3.1.3
Тармақтар тармақшаларға бөлінуі мүмкін, оладың номері ар тармақ шеңберінде болады.
Мысалы:
4.2.1.1
4.2.1.2
4.2.1.3
Тармақ немесе тармақшадағы талаптар , нұсқаулар және ережелер тізімі араб цифрымен және жашамен белгіленеді.
Мысалы:
1)
2)
3)
Және т.б.
6. Әрбір жаңа бөлімнен басталады. Бөлім атауы тақырып түрінде бас әріптермен жазылады. Тақырып мәтіні оң және сол жағына симметриялы түрде орналасады.
Бөлімше атауыда азат жолдан басталып, тақырып ретінде кіші әріптермен жазылады. Сөздерді тасымалдауға болмайды, соңында нүкте қойылмайды. Бөлек беттерге бөлімдерге мен бөлімшелерге мәтінсіз тақырып жазуға болмайды. Әрбір тармақ, тармақша және тізімдер жаңа абзацтан басталуы тиіс .
7. Бағдарламаны құру диплодық жұмыстың жобаның тақырыбына байланысты орындалады және бағдарламаның сипаттамасы , құрлымы , сызбасы болуы тиіс . Жеке жағдайларда дипломдық жұмысты жобана студенттер тобы да жасаулары мүмкін . Мұндағы жеке тапсырмалар 1-2 студенттен құралған күнделігіне байланысты топқа беріледі . Осындай сипаттағы дипломдағы жұмыс жоба түсіндірме жазбадан , графикалық бөлімнен және жеке тапсырманы сипаттаулан тұруы керек . Дипломдық жұмысты қорғауда әрбір білім алушы баяндама жасап , орындаған жұмысын қорғауы керек .
8. Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері бойыншы Қорытынды аттесаттау комессиясының шешімі әрбір білім алушы үшін жеке қабылданады .
9. Әрбір білім алушы дипломдық жұмысты жобаны рәсімдеу бойынша талаптарға сәйкестігіне жұмысты рәсімдеудің МЖМБС талаптарына сәйкестігіне тексереді.
10. Кестелер . үсіндірме жазбада цифрлық материал кесте түрінде келтіріледі . Кестелердің қысқаша тақырыбы болуы мүмкін . Олардың кіші әріппен бірінші әрпінен басқасын кестенің оң жақ үстінен орналастыруы керек . Барлық кестелер бөлім шеңберінде араб цифрымен номірленуі керек . Кесте номері бөлім номірі мен кесте номірінен нүкте арқылы бөлініп тұрады . Кестенің үстіңгі оң жағында номірі кестеленген кесте сөзі тақырып үстіне жазылады . Кесте тақарабының соңынды нүкте қойылмайды . Жолдары көп кестені келесі бетке ауыстыруға болады . Егер кесте келесі бетте жалғасса , кестенің тақырып жолы қайталанады және жоғарғы жағына 3.3- кестенің жалғасы деп көрсетіледі .
Кесте жолының биіктігі 8 мм кем емес болуы керек .
11. Көркемдемелер . Дипломдық жұмыстарда жоба көркемдемелерді сызбалар , карталар , графиктер , схемалар , компьютерлік баспалар ,
-“өте жақсы” – егер нақты параметр бойынша барлық қойылатын
талаптарға толық сәкес келсе;
-“жақсы”- егер нақты параметр бойынша барлық негізінен қойылатын
талаптарға сәйкес келсе;
-“қанағаттанарлық”- егер нақты параметр бойынша қойылатын
талаптарға ішінара сәйкес келсе;
-“қанағаттанарлықсыз” –егер нақты параметр бойынша жағдай
қойылатын талаптарға сәйкес келмесе.
Бітіру біліктілік жұмысының қорытынды бағасы 1-4 критерий топтары
бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |