Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Операциялық жүйелерді жіктеу



Pdf көрінісі
бет23/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

 
3.3. Операциялық жүйелерді жіктеу
 
ОЖ:
– бір мезгілде пайдаланушылар: бір пайдаланушылық, көп пайдаланушылық саны бой-
ынша;
– жүйенің басқаруымен: бір міндетті және көп міндетті бір мезгілде орындалатын
үрдістер саны бойынша;
– пайдаланушы процессорлар: бір процессорлы, көп процессорлы саны бойынша;
– ОЖ-ның разрядтық: 8 разрядтық, 16 разрядтық, 32 разядтық, 64 разрядтық коды бой-
ынша;
– интерфейс типтері: командалық (мәтіндік) және объектіге бағдарланған (графикалық)
типтері бойынша;
– ресурстарды пайдалану типтері: желілік және жергілікті типтері бойынша жіктеледі.
Жіктелудің бірінші белгісіне сәйкес көп пайдаланушы ОЖ бір пайдаланушыға қарағанда
әртүрлі терминалдардағы бірнеше пайдаланушылардың дербес компьютерде бір мезгілде
жұмыс істеуін қолдайды.
Екінші белгі ОЖ-ны көп міндеттіге және бір міндеттіге бөлуді ұйғарады. Көп міндетті
түсінігі бір мезетте, бір ЕЖ аясындағы, бірнеше программалардың параллельді орындауын
қолдауды білдіреді. Бір міндетті ОЖ уақыттың жеке мезгілінде тек бір программаның орын-
далу режимін қолдайды.
Үшінші белгіге сәйкес көп процессорлы ОЖ бір процессорлыларға қарағанда сол немесе
басқа есептерді шешу үшін бірнеше процессорлардың ресурстарын үлестіру режимін қол-
дайды.
Төртінші белгі ОЖ-ларды 8, 16, 32 және 64 разрядтыға бөледі. Бұл жерде ОЖ разряд-
тылығы процессор разрядтылығынан аспайды.
ОЖ-ның бесінші белгісіне сәйкес пайдаланушы интерфейс типі бойынша объектіге бағ-
дарланған (графикалық интерфейс) және командалық (мәтіндік интерфейспен) болып бөлі-
неді.
Алтыншы белгіге сәйкес ОЖ:
– орындалатын программадан, ЭЕМ-ге енгізілетін және приоритеттігін ескеру мүмкін-
дігінше рет-ретімен орындалатын тапсырмалар пакеті (жиыны) қалыптасатын пакеттік өңдеу
жүйесіне;
– қамтамасыз ететін берілген пәнге сәйкес ОЖ-мен үйленістіретін кезек бойынша маши-
наның ресурстары бөлінетін әртүрлі терминалдағы бірнеше пайдаланушылар ЭЕМ-ге бір мез-
гілде сұхбатқа (интербелсенді) қол жеткізуді қамтамасыз ететін уақытты бөлу (TSR) жүйесіне;
– ЭЕМ жағдайларына, үрдістеріне немесе объектілеріне қатысты оларға қандай да бір
сыртқы басқарумен пайдаланушының сұранысына беретін машинаның жауабына нақты кепіл-
денген уақытпен қамтамасыз ететін нақты уақыт жүйесіне бөлінеді.
Жіктеудің жетінші белгісіне сәйкес ОЖ желілік және жергілікті болып бөлінеді. Желілік
ОЖ деректерді бірге пайдалану мақсатында желіге біріктірілген компьютер ресурстарын
басқаруға арналған және деректердің тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету саласында
деректерге қол жеткізуге шектеу қоятын мықты құралдарды, сонымен қатар желілік ресур-
старды пайдалану бойынша көптеген сервистік мүмкіндіктерді ұсынады.
Көп жағдайларда желілік ОЖ тек қана желілермен бірге пайдаланатын ресурстарға қыз-
мет атқару үшін бөлінетін бір немесе одан да артық жеткілікті түрдегі қуатты компьютер-
лер-серверлерде орнатылады. Барлық басқа ОЖ ауқымды деп есептеледі де кез келген дер-
бес компьютерлерде, сонымен қатар жұмыс станциясы немесе клиент ретінде желіге қосылған
жеке компьютерде пайдаланылуы мүмкін.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет