Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі заман талабы Таныкпаева Балауса Ерденовна



жүктеу 26.35 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі26.35 Kb.

 

 

Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі заман 

талабы 

Таныкпаева Балауса Ерденовна 

А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 

Kostanay State University named after A.Baitursynov 

 

ХХІ  ғасырда  біздің  еліміз  ғаламдану  және  жаһандану  процессіне  көшуде.  Осы 



процессті  жандандырып  дамытуда  жас  ұрпақтың  білімі  мен  біліктілігі  орасан  зор  роль 

атқарады.  Бүгінгі  таңда  барлық  білім  мекемелері  толығымен  жаңа  ақпараттық 

компьютерлік  техникалармен  қамтамасыз  етіліп,  оқытушылардың  сапалы  және 

инновациялық  технологияларды  меңгеруі  –  қазіргі  заман  талабы  болып  отыр.  Білім 

сапасын  көтеруде  инновациялық  технологияларды  дұрыс  және  сауатты  қолдану  жылдан 

жылға  күрделі  және  өзекті  мәселеге  айналуда.  Оқыту  барысында  озық,  тиімді 

технологиялар тәжірибеге енгізілуде. 

Заман  талабына  сай  білім  беру  -  әр  оқу  орнының  алдына  қойған  мақсаты.  Қазіргі 

кездегі  білім  беру  жүйесінің  міндеті  –  білім  алушылардың  білімді  үйреніп  қана  қоймай, 

алған  білімін  үздіксіз  дамытып,оны  бойына  сіңіріп,  тәрбиелі,  әдепті,  интеллектуалды 

болуын  қамтамасыз  ету.  «Әрбір  ұстаз  -  білікті  маман,  ал  әрбір  білім  алушы  -  ойшыл 

тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген оқытушы білім 

сапасын  жақсарту  мақсатында  оқытудың  озық  технологияларын  пайдаланады.  Болашақ 

ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  оқытушылардың  инновациялық  іс-

әрекетінің ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. 

Білім  беруді  технологиялық  жолмен  ұйымдастырудың  мақсаты  -  жаңа  бағыттағы 

ұстаздардың  кәсіби  шеберлігін  шыңдауға,  өз  білімін  көтеріп,  шыңдауға  үйретеді.  Әрбір 

жаңашыл  ұстаз  ақпараттық  технологиялардың  ғылыми-теориялық  негізін  меңгеріп, 

жұмысында қолдануға тырысуы керек. 

Интерактивті  оқыту  –  көпқырлы  құбылыс.  Білім  алушы  белгілі  бір  тақырыпты 

меңгеруде  өзінің  не  білетінін  есіне  түсіреді,  білімін  басқалардың  идеяларымен 

толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің бағытын анықтайды.  

Білім алушылар арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу 

процесі  бір  мерзімде  бірнеше  міндетті  шеше  алады:  танымдық,  коммуникативтік, 

дамытушылық, интеллектуалдық, т.б. 

XXI  ғасыр  –  бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуіріне, 

айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениетіне, мұқият қарайтын дәуір. 

Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың барлығы 

мұғалім арқылы жүзеге асырылады. 

Қазіргі  заманғы  ақпараттық  технологиялар  әрбір  оқушының  білім  беру  үрдісіне 

шығармашылық  қабілетін  дамытуға  айқын  мүмкіндіктер  береді.  Сондай-ақ  оқушының 

танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. 

Осылайша  оқыту  құралдарының  бірі  –  электрондық  оқулық.  Ол  білім  алушыларды 

даралай  оқытуда  жаңа  ақпараттарды  жеткізуге,  сондай-ақ  игерілген  білім  мен  біліктерді 

тесттік бақылауға арналған программалық құрал.  

Қазіргі  уақытта  білім  беру  үдерісінде  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс - 

тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану 

қазіргі  кездегі  заман  талабы  болғандықтан  оған  басты  назар  аударуымыз  қажет.  Жаңа 

ақпараттық  технологияларды  білім  беру  үдерісінде  қолдану  біршама  жетістіктерге 

апаратын  жол.  Яғни  ақпараттық  -  коммуникациялық  технология  білім  беруде  маңызды 

құрал  деп  айтсақ  та  болады.  Басты  мақсат  ақпараттық  -  коммуникациялық 



технологияларды  жетік  меңгеру  және  оқушыларға  меңгерту.  Ақпараттық  - 

коммуникациялық технологияны қолдану оқытушыға да, білім алушыға да қолайлы. Сол 

кезде ғана сабақта теория мен тәжірибені ұштастыра аламыз. 

 Оқытудың  инновациялық  технологиялары  –нәтижесінде  білім  алушылардың  оқу 

үрдісіне деген ішкі себептің оң қатынасы анағұрлым жақсаратын, тұлғалық бағытталған, 

кіріктірілген, ұжымдық іс-әрекеттік, ақпараттық, қашықтықтық, дамытушылық, модульді 

дамытушылық  және  т.б.  технологиялар  жетекші  орын  алатын  оқытушының  студентпен 

қарым-қатынастағы іс-әрекетті таңдауы болып табылады.  

Білім  беруді  ұйымдастырудың  дүние  жүзілік  тәжірибесінде  көптеген  оқыту 

технологиялары  жүзеге  асырылуда.  Ондағы  мақсат  –  студенттің  танымдық  қабілеттерін, 

яғни  өзінше  ойлау  қабілетін  арттыру,  елестету  мен  есте  сақтауын,  дағдысын,  білім 

сапасының дамуын қамтамасыз ету.  

Сабақта  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылығын  арттырады,  шығармашылық  қабілетін  дамытады,  қоршаған  ортаны 

танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. 

Білім  беру  жүйесінде  электронды  оқулықтарды  пайдаланып,  үлкен  табыстарға 

жетуге  болады.  Электронды  оқулықтарды  пайдалану  барысында  оқушы  екі  жақты  білім 

алады:  біріншісі-пәндік  білім,  екіншісі-компьютерлік  білім.  Электронды  оқулықтарды 

пайдалану  оқушының  өз  бетінше  шығармашылық  жұмыс  жасауына,  теориялық  білімін 

практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары 

жинақталған.  Мысалы:  ойын  арқылы  оқыту,  блокты  оқыту,  тірек-  сигналдар  арқылы 

оқыту, т.с.с. Электронды оқулық  арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала  алады, 

осы  алған  мәліметтерін  компьютерден  көргендіктен  есіндежақсы  сақтайды,  өз  бетінше 

жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. 

Білім  алушыға  белгілі  бір  көлемдегі  білім,  білік  дағдыларды  меңгертумен  қатар 

дүниетанымын  кеңейтіп,  оларды  шығармашылық  бағытта  жан-жақты  дамыту  бүгінгі 

күннің  басты  талабы  деп  отырм  ыз.  Бұл,  әрине  оқытушыға  да  көп  ізденісті  талап  етеді. 

Өйткені,  «Шәкірт  –  біліммен  толтыратын  бос  құмыра  емес,  ол  жануға  дайын  тұрған 

шырақ,  ал  ұстаз  шырақшы  ғана...».  Сондықтан,  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық 

жаңа  техналогияларын  меңгермейінше,  сауатты  маман  болу  мүмкін  емес.  Осыған  орай, 

әрбір оқытушы барлық жаңалықтар мен әдістерден хабардар болып, оқыту түрлерін, әдіс-

тәсілдері  мен  құралдарын  жетілдіріп,  оларды  тиімді  қолдану  жолдарын  іздестіріп,  өз 

кәсібін  шығармашылықпен  дамытып  отыру  қажеттілігі  заман  талабынан  өз-өзінен 

туындап отыр. 



 

Әдебиеттер тізімі 

1. Интернетке кіріспе (әдістемелік құрал) Алматы – 2004 

2.  Информатикадан  30  сабақ.  Б.  Б.  Бөрібаев.,  Е.  Қ.  Балапанов,  А.  Б.  Дәулетқұлов 

Алматы – 2004 



3. Интернет желісі және «Информатика» журналдары. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал