119
6
– тапсырма. Фишинг
Бұл блокте ұсынылған материал технологияға бай әлемде бұның салдары
ретінде туындайтын ортақ проблемаға: фишингке - қылмыстық іс-
әрекеттерде пайдалану үшін адамдардың жеке ақпараттарын алу
мақсатында оларды алдау айласына қатысты. «Онлайн-фишинг туралы
ақпараттық сайт» атты материал бұл проблема туралы түсінік беретін
және оқырмандарға фишингті қалай анықтауға болатыны, оның құрбаны
болмау жолдары туралы кеңес беретін шынайы сайттарға негізделген.
1
– сұрақ. Фишинг
Сіз «Онлайн-фишинг туралы ақпараттық сайт» басты бетіндесіз. Бұл
беттегі ақпаратқа сәйкес төменде берілген пайымдаулардың қайсысы
фишингтік электрондық хаттарға тән?
A.
Онда жеке ақпарат сұралады
B.
Онда қажетсіз жарнама болады.
C.
Ол қызмет түрлерін ұсынады.
D.
Ол әйгілі компаниядан келеді
Дұрыс жауап:
А.
Онлайн – фишинг туралы ақпараттық сайт
Фишинг деген не?
Фишинг бұл дербес деректерді ұрлаудың
нысаны. Оның мақсаты– адамдарды
олардың жеке деректерін алу үшін алдау.
Бұндай ақпаратты жинайтын адамдар оны
нәтижесінде
заңсыз
іс-әрекеттер
үшін,
мысалы
банктік
шоттардан
ақша
қаражаттарын ұрлау үшін пайдалануы мүмкін.
Электрондық поштаға келетін электрондық
фишингтік хаттар бұл әйгілі компаниялардан
келетін іспеттес, немесе түрлі қызметтердің
ұсынылатыны туралы хабарламалар. Бұндай
хаттарда жеке ақпаратты ұсыну туралы
сұраныстар
жасалады.
Мысал
ретінде,
пайдаланушының аты мен паролі сияқты
тіркеу деректерін сұрайтын банктен келген
хаттар. Кеңінен таралған тәсілдердің бірі
банктік шоттың дұрыстығын растау үшін тез
арада сұранысты орындау өтінішінің жасалуы
болып табылады.
Фишингті анықтау мүлдем оңай емес, кейбір
фишингтік
хаттарды
шынайыларынан
ажырату өте қиын.
Достарыңызбен бөлісу: