Ақпаратты технологиялар білім беру ортасында


Ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру ортасы



бет3/6
Дата27.09.2022
өлшемі32,4 Kb.
#40484
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақпаратты технологиялар білім беру ортасында

1.2 Ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру ортасы
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.
Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияға тоқталатын болсақ, коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.
Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.
Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технолгиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Мен Microsoft Word, Power Point, Excel, Adobe Photoshop, Movie Maker, Internet Explore, My testX, Active Studio т.б.программалармен жұмыс жасай аламын және электрондық оқулық құру білемін.
Бұл технологияны пайдаланудың негізгі мақсаты:
1. Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау.
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;
- Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
- Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Өз тәжірибемде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлірінің көтерілуіне жағдай жасадым, интернет олимпиадаларға қатыстырдым, оқушылардың авторлық жұмыстарының сайттарда жариялануына мүмкіндік жасадым. Ғаламторда өзге әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, өз біліктілігімді арттырдым.
Ақпараттық технологияларды пайдалану барысында оқушылардың ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады, қазіргі заман талабына сай интернет ресурстарды пайдаланады және білім беру үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетінің дамытуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруды қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрi ретінде қарауға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:
1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;
2. Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;
3. Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;
4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б.
5. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді.
Жоғарыда аталғандармен бірге білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, оларды пайдалана отырып оқытуда көптеген жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуды білім берудің бір бөлігі ретінде қарауға болады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану қарқынды дамуда. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет