2.2. Желіні ұйымдастыру
IEEE 802.11 стандарты ISO/OSI моделінің төменгі екі деңгейінде жұмыс жасайды: физикалық және арналық. Басқаша айтқанда, Wi-Fi құрылғыларын пайдалану Ethernet пайдаланған сияқты қарапайым: TCP/IP хаттамасы бар байланыс арналары арқылы ақпаратты жіберуді сипаттайтын хаттамалар үстіне қойылады. IEEE 802.11b кеңейтілімі арналық деңгейге тиіспейді және IEEE 802.11-де физикалық арнада өзгерістер енгізеді.
Сымысз жергілікті желілерде екі типті құрылғы бар: клиент (көбіне бұл сымсыз желілік картасы бар, бірақ басқа да құрылғылары бар компьютер) пен сымды және сымсыз желі арасындағы мост ролін орындайтын рұқсат нүктесі. Рұқсат нүктесі қабылдаушы-жіберуші, сым желі интерфейсін, сонымен қатар орнатылған компьютер және мәліметтерді өңдеу үшін бағдарламалық қамтамаларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |