Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жолдарының мақсаты: -дәрігерлердің медициналық эвакуациялаудың алғашқы сатысында зақымдану зардабын жоюға, зақымданған адамның өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда, ауруы асқынғандарға профилактикалық көмек және зақымданғандарды эвакуациялауға дайындауға бағытталған емдеу-профилактикалық шаралар кешенін орындау.
Алғашқы дәрегерлік көмек- жарақат алған жерде зардап шеккен адамның өзі немесе басқа адаммен қолында бар құралдарын пайдалана отырып, адамның өміріне қауіп төндіретін зақымдану зардабын жою және ауруын ары қарай асқындырмай алдын алу мақсатында көмек көрсетуде қолданылатын қарапайым медициналық шаралар кешені.
Санитарлық пост(СП),ол 4 адамнан тұрады (посттың бастығы және 3 пост мүшесі)
Санитарлық жасақ (СД), 24 адамнан құралады-жасақтың командирі, саяси жетекші, байланысшы, автокөлік жүргізуші, 4 адамнан тұратын 5 звеноға біріктірілген санитарлық жасақшы әйелдер.
Санитарлық жасақтар отряды (ОСД), ол 4-5 санитарлық жасақтардан және отрядты басқару тобынан тұрады. Отрядтар біріңғай міндеттерді орындайтын бірнеше санитарлық жасақтарды неғұрлым жақсы басқару үшін құрылады.
Қосарланған зақымдалу ошағындағы медициналық көмекті ұйымдастыру ерекшеліктері. АҚМҚ үшін үлкен қиыншылық КЗО-ға зақымданғандарға медициналық көмекті ұйымдастыру болып табылады. Бұл кезде қолданылған қарудың түрі және зақымдау сипаты есептеледі. Жауларға ядролық және химиялық қару қолданғанда УЗ-мен зақымданғандарға медициналық көмекті көрсетуде негізгі күш жұмсалуы керек.
АҚ күш топтарының 1-эшалонының бірінші еменіне барлық УЗ-мен зақымданғандарға бірінші медициналық көмекті көрсетумен қамтамасыз ететін СД саны енеді.
Әр СД үшін жұмыстың ұсақ аймақтары анықталады, транспорттың жеткілікті мөлшері бөлінеді және СД жұмысшыларына оның максимальды жақындауын қамтамасыз етеді.
Зақымданғандарға шұғыл медициналық көмек көрсету:
құтқару жұмыстарын басқару обьектілерінің өз транспортымен зақымданғандарды БМКО әкету және қаладан тыс ауданға оларды эвакуациялауға дайындау.
Қабылдау-сұрыптау палаталары бір уақытта қабылдауға және зақымданғандардың көп мөлшерін орналастыруға болатын қарапайым үйлерде орналасады.
Жылы уақыттарда қабылдауды және сұрыптауды сұрыптау алаңына өткізуге болады. Олар зақымданғандардың екі ағымында жүретіндер мен носилкалықтарды қамтамасыз етеді. Жеңіл зақымданғандарды сұрыптау үшін бригада құрамына дәрігер, медбике және медициналық тіркеуші, ал носилкаларды сұрыптау үшін қосымша әр бригадаға медбике және тіркеуші кіреді.