Материалды баланс.Масса сақталу заңы бойынша түсуші заттардың салмағы процесс нәтижесінде алынған заттар салмағына ие болуы қажет. Материалды балансты есептеуге жалпы теңдеу бойынша жүргізіледі:
GH = GK + GП
Энергетикалық баланс. Бұл баланс энергияның сақталу занының негізінде жасалады, бұл заң бойынша процеске енгізілген энергия мөлшері бөлінген энергия мөлшеріне тең, яғни келген энергия шығындалған энергияға тең.
Энергетикалық баланстың бөлігі болып жылу баланс келеді, ол төмендегі теңдеу бойынша есептеледі:
QH = QK + QП
Енгізілген жылуды:
QH = Q1 + Q2 + Q3 мұнда Q1 — бастапқы заттармен енгізілетін жылу; Q2 — сырттан кіретін жылу, мысалы аппаратты жылытатын жылу тасымалдауышпен; Q3 — физикалық немесе химиялық ауысулардың жылу эффектісі (егер жылу процесте жұтылса, бұл мән кері таңбамен болу керек).
Процестер мен аппараттардың қарқындылығы.Химиялық технологияның процестерін есептеу және анализдеу үшін материалды және энергетикалық баланс мәндерінен басқа процестер мен апппараттардың қарқындылығын білу қажет.
Процесс қарқындылығы оның нәтижесініңуақыт бірлігіне және А шамасының бірлігіне қатынасы, яғни М/А шамасы. Мысалы, жұмыстың беттік қабаты арқылы энергия мен массаның уақыт бірлігіне ауысуы. Процесс қарқындылығы қозғаушы күшке әрқашан пропорционалды және кедергіге кері пропорционалды. Кедергі кинетикалық коэффициентке кері шама.
Процесс қарқындылығынан аппараттың көлемдік қарқындылығын ажырата білу қажет. Аппараттың көлемдік қарқындылығы дегеніміз жалпы көлеміне қатысты қарқындылық. Аппараттың құрылымын немесе оның жұмыс істеу тәртібін бағалағанда аппараттың техникалық-экономикалық сипаттамасы
шешуші мәнге ие болу қажет. Ең тиімді аппарат болып берілген
нәтижені төменгі шығынмен беретін аппарат саналады.