16
Үлестірмелі материалға назар аудартады.
– Негізгі бетке (фонға) қоянның денесін жапсырамыз. Одан кейін басын
және ұзын құлағын жапсырамыз. Балалар, қоянның құйрығы қандай екен?
Қоянның құйрығын жапсырамыз. Қоянның аяқтары ұзын ба, әлде қысқа ма?
Енді аяқтарын жапсырайық.
Сергіту сәті:
Көжегім, тұршы,
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жұмыс барысында қиналып отырған
балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.
–Балалар, бәріміз бірге қоян сияқты секіріп көрейік.
Ата-аналарға көрме ұйымдастырады.
№6 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы:шығармашылық.
Бөлімі:аппликация.
Тақырыбы:Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз.
Мақсаты: бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгеру.
Білімділік міндеті: Жыл басы – Наурыз туралы мағлұмат беру; түрлі
пішіндегі қазақ оюының кейбір элементтерін қағазға орналастыруды үйрету.
Дамытушылық міндеті: сәндік аппликация дағдыларын қалыптастыру;
жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік міндеті:Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді;
түсінеді: геометриялық пішіндерді ұлттық мейрамды, салт-дәстүріміздің
ерекшеліктерін;
қоланады: кілемді гүлмен безендіруді.
Достарыңызбен бөлісу: