Апта Дәріс №17. Тақырыбы: Лексикология, оның зерттеу объектісі мен салалары


Дәріс №18. Тақырыбы: Сөздің лексикалық мағыналары



бет2/2
Дата21.04.2022
өлшемі15,39 Kb.
#31852
1   2
Байланысты:
17,18-ДӘРІС

Дәріс №18.

Тақырыбы: Сөздің лексикалық мағыналары

Дәріс мазмұны:

1. Сөздердің лексикалық мағыналары, түрлері.

2. Сөз мағынасының ауыспалы жасалу жолдары

3. Метафора, оның түрлері

Қазіргі қазақ тілі лексикасының семантикалық сипаты. Сөз – лексикалық единица, оның шарттары. Сөз және ұғым, сөздің ұғымды білдірудегі ерекшелігі. Сөздің негізінен атауыштық қызмет атқаратыны. Сөз бен зат. Сөздің затқа атау болып қалыптасу ерекшелігі.

Семасиология. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөздің негізгі және туынды мағыналары, тура және ауыспалы мағыналары, нақты (деректі) және дерексіз мағыналары, еркін және фразеологиялық байлаулы мағыналары, синтаксистік шартты мағыналары, узуалды (дағдылы) және окказионалды (бір қолданар тосын сөздердегі) мағыналары.

Семасиологияның жалпы лингвистикадан бөлінуі К. Рейзиг деген ғалымның есіміне байланысты. Оның «Латын тіл білімі лекциялары» деген 1839 жылы шыққан кітабында семасиологияның жеке тілдік пән ретінде болу қажеттілігі айтылған [Звегинцев, 1957, 74]. Шет ел тілшілері сөз мағынасы деген мағынада «семантика» сөзін қолданады. Бұл терминді тіл біліміне енгізуші Мишель Бреаль деген француз тілшісі, оны жеке ғылым ретінде ұсынған болатын. Өзінің XIX ғасырдың аяғында шыққан кітабында «семантика» гректің «мағына, таңбалау» деген сөзі екенін айтады, яғни «семантика» – «мағыналар туралы ілім» дегенді білдіреді [Шафф, 1963,29].

XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында семасиологияның негізгі айналысқан мәселесі мағынаның өзгеру заңдары, олардың принциптері мен типтерін топтастыру болатын. М. Бреаль алғаш ашқан тілдегі семантикалық қатынастардың заңдылықтары мыналар еді, яғни мағынаның кеңеюі мен тарылуы, өзара мәндік ауысу, мағынаның бөлінуі. Сол себепті, М. Бреаль семасиологияның негізін салушы болып есептелінеді.

Метафора зат, құбылыс, оның белгілерінің ассоциациялануы, байланысуы арқылы жасалып, ойдың дамуына, семантикалық үдеріске серпіліс береді. Ол заттардың адам байқамайтын қасиеттерін байқамай қасиеттерін байқауға көмектеседі. Сол арқылы адамның ойлау дүниесінде күтпеген, батыл ассоциациялар жасалады. Бұндай күтпеген, кенеттен болған салыстырулар тілге, сол арқылы шығармаға ерекше көркемдік береді. Сөз туғызудың басқа тілдерінен метафораның негізгі айырмашылығы сөз мағынасын жаңартуында. Метафора тілде ерекше танымдық қасиеті бар құбылыс. Метафора көркем әдебиетте ғана кездеспейді, тілдің лексикалық құрамнының дамуының бір факторы ретінде халық фантазиясында ертеден, жазу-сызу өнері болмаған кезден бері қарай өмір сүруде. Абай өлеңдеріндегі «жастықтың оты», «жүректің көзі», «дүние есігі» деген Метафоралармен қатар дәстүрлі қолданыстағы метафоралар кездеседі: жан азығы, табиғат-ана, өмір-өзен, өмір сыбағасы, асау толқын т.б. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады:

«Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?» (М.Мақатаев).

Метафора негізінде сөздердің ауыспалы мағынасы жатқаны туралы көптеген ғылыми зерттеулерде айтылады. Ол жөнінде А.Байтұрсынұлы былай деп көрсетеді: «Сөз көбін өз мағынасында жұмсамай, өзге мағынада жұмсаймыз. Арасында түк ұқастығы жоқ екі нәрсенің ететін әсері бірдей болса, біріне қас ғамалды екіншісіне ауыстырып айтамыз» [7,355 б.].

Метафораның тілдік қызметі туралы М.Балақаев «Метафора деп заттардың, құбылыстардың ішкі-сыртқы ұқсастығына қарай ауыс мағынада жұмсалуын айтамыз»- деген анықтама беріп, ақ алтын (мақта), қара алтын (көмір), дала кемесі (түйе) сияқты метафоралық тіркестердің жиі қолданылатынын көрсетеді [8, 259 б.].

Тілдік метафораларды жеке зерттеу жұмысының нысаны ретінде алып қарастырған профессор Б.Хасанов «Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы» атты еңбегінде: «Тіл тарихын зерттеуде метафораның мәні зор, оны сөйлеу мәдениетіміздің бір көрінісі ретінде, образды ойымыздың дамуы мен қалыптасуын көрсететін элемент түрінде арнайы қарастыру қажет,»- дейді [4,4 б.]. Ғалым метафораның заттың белгілері, қасиеттері (түр, түс, иіс, дыбыс) ұқсастығы негізінде туындайтынын көрсетеді. Зерттеуші тура мағынадан ауыспалы мағынаның туындауы да көбінесе метафораның негізінде пайда болатынын айтады. «Метафора – екі зат пен құбылысты салыстырудың негізінде ауыс (мағынада) қолданылуы» [9,8 б.].

Ауыспалы мағынаның туындауына тура мағына себепші болатынын Б.Хасанов былай түсіндіреді: «Тура мағынадағы сөздерге жалпылық қасиет тән болса, метафоралық мағынадағы сөзден алдымен нақтылық пен образдылық байқалады, өйткені тура мағынадағы сөзде зат пен құбылыстың жалпы белгілері сақталса, метафораландырғанда, көбінесе олардың ең қажетті, дәл сол сәтте керекті белгі, қасиеті алынады» [9,168 б.].


Күрделі сөздердің жасалуындағы метафора құбылысының маңызын Б.Қасым: «Метафора – тілде әмбебап құбылыс. Оның әмбебаптығы тілдің құрылымында және қызметінде көрінеді. Ол тілдің түрлі аспектісі мен қолданыстық қызметін қамтиды. Тілдегі сөзжасам мен аталымды метафора тұрғысынан зерделеу тілде кенжелеу, назардан тыс қалып келеді. Метафораны зерттеушілер көбінесе бейнелеу, көркемдеу құралы, тәсілі ретінде қарастырады»- деп аталымдағы маңызын айқындайды [10, 255 б.].

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет