Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Сөздердін стильдік қызметіне қарай түрлері және оны оқытудың тиімді жолдары



бет17/27
Дата13.05.2022
өлшемі91,64 Kb.
#34327
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Дәріс материалдаы 21-22 2

1. Сөздердін стильдік қызметіне қарай түрлері және оны оқытудың тиімді жолдары.

2. Сөздердің қосалқы аталымдары және оларды оқыту.

(Табу, эвфемизм, дисфемизмдер)

Сөздердің қосалқы аталымдары.

(Табу, эвфемизм, дисфемизмдер)

Табу мен эвфемизмдер - кез-келген ұғымның, заттың, іс-әрекеттің белгілі себептермен тыйым салынған атаулардың баламасына айналады. Табу дегеніміз - атын турасынан айтуға болмайтын зат, құбылыс, қимыл, іс-әрекет, оларды ым-ишарамен, өзге сөзбен білдірудің тәсілі. Табу - жай ғана тыйым емес, киелі нәрсені аяқ асты етуге болмайды, әйтпесе оның киесі атады деген қорқыныштан туындайтын тыйым. Эвфемизмдер — ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі. Сондықтан алдағы уақытта да сан түрлі эвфемизмдер туып қалыптасатыидығына ешбір шек келтіруге болмайды. Бұлар тілдегі синонимдерді молайтуға белгілі дәрежеде үлес қосып отырады. 1 сағат

Эвфемизмдер адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (комму- никативтік дискомфорт) болдырмауды көздейді. Сөздің эвфемистік формасын дұрыс, орынды қолдану коммуниканттар арасындағы қарым-қатынастың ойдағыдай болуына, үзілмеуіне ерекше әсер етеді.

Мәселен, дәстүрлі мәдениетте жаңа түскен келін «өзім»-«өзге» жағдаятын басынан өткізеді. Әйел күйеу жұртында бүркемелеп сөйлеуге тиісті болған. «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясында» бұндай құбылыс табу мен эвфемизм деп аталады Бұрынғы зерттеулерде бұл мәселе сипатталып айтылғанмен, когнитивтік қырдан (аспектіден) қарастырыла қойған жоқ. Ұзатылған қыз «өзінің» үйреншікті, дағдылы ортасынан мүлде бөтен «өзге» ортаға келеді. Әрине, объективті дүние, этноәлеуметтік құрылым ұқсас болғанмен, тілдік, тілдік емес қарым-қатынас ортасы мүлде бөлек болып тұрады. Рулық санадағы мифтік ой-қиял дүниесі мен символдар әлеміне тап болады. Мифтік ой-қиял дүниесі - өзінше бір әлем. Тыйым сөздер әйелдер айтуға болмайтын сол ой-қиял дүниесінің тілдік репрезентанттары болып табылады. Күйеу жұртына келген соң жаңа түскен келін табиғат нысандарының атын тура атамай, бүркеме атпен атауға тиіс. Мәселен, «тас»-ты тас демей, қайыршақ дейді, өйткені қайын атасының аты – Тасболат. Қамысбай деген қайын ағасы болғандықтан, қамысты қамыс демей құрақ дейді, керісінше, ауылда Құрақбай деген туысы болса, құрақты қамыс дейді. Күнтуған деген қайын атасы, қайын ағалары болса, күнді күн демей, жарық деуіне тура келеді. Күйеуінің туыстарының атына ұқсас болса, жылқыны қылқұйрық туар, қойды маңырама, тірітон, бөріні «қасқыр», қасқырды «бөрі» дейді.

Осыған қарағанда байырғы қазақ әйелінің келін болып түскен күйеу жұрты когнитивтік санада өзге бір микроәлем іспетті, жас келін қашан үйреніскенше (адаптацияланғанша) өзін басқаша микроәлемде жүргендей күй кешеді. Сонымен қатар әйелдің некеден кейінгі күйеуінің туыстары рулық мифологиялық сана бойынша жас келінді өзге бір микроәлемнен келгендей көреді.

Қазақы ортада көп әйелалушылыққа байланысты отбасылық, әлеуметтік қатынастар күрделене түседі. Қоғамның белгілі бір даму сатысында, көп әйелалушылық дәстүрлі қазақ қоғамында негізгі құндылықтардың бірі ретінде бағаланды. Өйткені рудың сан жағынан көбеюі оның қорғаныс механизмдерінің бірі болды.

Басқа румен одақтасу негізінен құдалық, сүйек алысқан құдалық, сарысүйек құдалық сияқты некелік туыстық арқылы жүзеге асып отырады. Тіпті, құданың құдасы да сыйлас әрі туыс есепті болды. Қазақтың байырғы қоғамында некелік туыстық бір отбасы мен екінші отбасы аясындағы туыстық емес, руішілік, руаралық туыстық болды. Осымен байланысты келін тек бір шаңырақтың ғана емес, әулеттің, рудың келіні есепті болды. Күйеу де солай: рулы елдің күйеу баласы болып саналды. Бұның өзі рулық қоғамындағы қарым-қатынастың әрқилы әлеуметтік позициясы мен символдар әлемін қалыптастыруға әсер етті.

Сол кездегі әйел үшін күйеу жұрты туыстарының аты-жөні жоққа тән болды. Этикеттік қатаң нормаға байланысты келін күйеу жақ туыстарының атын тура атамай, «өзім»-«өзге» позициясы бойынша әрқайсысына лайықты ат қоюға тиіс болды. Тілдік қарым-қатынаста этикеттік норма бойынша қойылған маркерлі ат өзінше бір символдық әлем болды. Сұлумұрт, Көзжақсы, Қызтөре, Кенжебала, Кенжеқыз, Сырғалым, Тауаға (Асқар) тәрізді т.б. поэтикалық мәнді маркерлі антропонимдер қазақ әйелдері тілінде қазақ жерінің барша аймақтарында беріге дейін жиі әрі жүйелі сипатта болған.

Ертеректегі тілдік емес этикеттік нормаларға сәйкес қазақ қоғамындағы салт-дәстүр бойынша әйелдің «өзге» жатжұрттық екені оның сырт көрінісінен де байқалып тұруға тиіс болған. Жаңа түскен әйелдің киім киісі ерекше этикеттік нормаға сай болуы сол қоғамдағы «өзім»-«өзге» жағдаятына байланысты болды. Киім киісі жас келіннің «өзге» екенін аңғартып тұратын символдық нышан іспеттес деуге болады. Мысалы, қайын ата, қайын аға, қайын інілердің алдында білегінің жалаңаш болмауы, жалаңбас жүрмеуі, олардың көзінше шашын тарап, бала емізбеуі, көйлегінің етегі тобығына дейін түсіп тұруы тәрізділер келіннің «өзге» екенін көрсететін маркерлердің бірі деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет