Апта семинар сағат б. семинар сабағының тақырыбы



бет11/25
Дата17.10.2023
өлшемі64,68 Kb.
#116698
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.-30

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары, қазақ хандарының саяси қызметіне баға беру, Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын тойлануының тарихи маңызын ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы және Қазақ хандығы тарихына байланысты деректер мен зерттеу еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар, студенттер қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясаты, қызметіне байланысты кесте дайындауы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.
6-апта. 12-семинар. 1 сағат. 5 б.
12-семинар сабағының тақырыбы: ХVІІ-ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақ хандығы.
XVII-XVIII ғғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы бойынша төменде көрсетілген сұрақтар негізінде үш топқа бөлініп, пікірталас, дискуссия жасайды.
Семинар сабағының жоспары:
1. XVIІ ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
2. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.
3. Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің ықпалының өсуі.
4. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы. Билер институты.
Сабақтың мақсаты: ХVІІ-ХVІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын және Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі қазақ батырлардың ерлігін ашып көрсету.
Әдістемелік нұсқаулар: ХVІІ-ХVІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына ауызша жауап беріледі. Қазақ хандары туралы кесте дайындалады. Қазақ қоғамындағы батырлар мен билер ықпалының өсуі талқыланады. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ-жонғар қатынастары туралы шыққан құжаттар мен ғылыми еңбектерге талдау жасалады. Тәуке ханның саясаты және оның «Жеті жарғы» заңдар жинағы, Билер институты және Қазақ мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясына байланысты студенттер ізденіп, жаңа әдебиеттерді қолдана отырып, ауызша талдау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет