27 семинар сабағының тақырыбы: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
Семинар сабағының жоспары: 1.Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиындықтар мен кемшіліктер.
2 Қазақстан экономикасын реформалаудың қазіргі бағыттары.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы
Сабақтың мақсаты:Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы еліміздің экономикалық дамуының қиындықтарын қарастырып, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасын реформалаудың маңыздылығын түсіну, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығының мәнін ашу.
Әдістемелік нұсқаулар:Тақырыпты зерттеу барысында нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтар мен қателіктерге, экономикалық дағдарыстың салдарына, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, қоғамдағы шиеленістің күшеюіне назар аудару керек. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының жаңа бағыттарын көрсетіңіз, қазіргі кездегі сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіріңіз.
14-апта. 28 семинар. 1 сағат. 4 б.
28 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстанның қазіргі заман тарихындағы Қазақстан Республикасындағы жүйелі реформалар.
Семинар сабағының жоспары: 1. Жалпыхалықтық референдумның шешімдері.
2. ҚР саяси бағыттағы реформалар (Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауы).
3. ҚР саяси өміріндегі Парламенттің рөлін күшейту.
4. Жаңа саяси партиялардың құрылуы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының қазіргі заман тарихындағы жүйелі реформаларын, ҚР саяси бағыттағы реформаларының қалыптасу мәселесін көрсету
Әдістемелік нұсқаулар: Қоғамдағы сапалы өзгерістерге, ішкі саяси тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімді сақтауға арналған жалпыхалықтық референдумның шешімдері мен іске асыру тетіктерін ашу, Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауындағы негізгі проблемаларды талдау. ҚР саяси өміріндегі Парламенттің рөлін және жаңа саяси партиялардың құрылуына талдау жасау. Салыстырмалы түрде саяси партиялардың құрылуы мен мақсат-міндеттерін көрсететін кесте құрастыру.