Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі10,6 Mb.
#6334
1   2   3   4

Гүлшат АХМЕТАЛИЕВА,

«Тура би» клубының жетекшісі, аға 

куратор-ұйымдастырушы 

Назерке БҰРХАН,

«Әлемдік экономика» мамандығының 

3-курс студенті

Тұлпарға мінген ұлы даланың

Тарпаң мінезді ұлы боламын.

Жауларым семсер сілтеген сәтте,

Қиылған талай гүлім,қарағым...

Осынау өміршең өлең шумақтары ұлтжанды, арда ақын Маралтай 

Райымбеков шығармашылығының болмысын көрсетері хақ. 

Қазақ халқының тәуелсіздігін ту ғып ұстап, 

«ақтаңдақ» жылдардың ақиқатын толассыз 

жырларымен тебірене қалам тербеген Маралтай 

есімі әрбір жүрегі «қазақ» деп соққан ұлт өкілдері 

үшін жақсы таныс. Оның шығармашылығы жаңа 

буын жастарға ой салары мәлім. Осыған орай жуырда 

тарих, археология және этнология факультетінде 

тарихшы-ұстазымыз  Кәрібаев Берекет 

Бақытжанұлының бастамасымен ақынмен кездесу 

кеші ұйымдастырылды. Осы шара барысында мен 

ол кісінің  дарын тұнған ерек тұлғасымен қатар, 

осынау арынды мінез астарында адамгершілік 

құндылықтарының алапат ұшқындары жасырынып 

жатқанын байқадым. Өзінің өмірі, шығармашылығы 

жайлы сыр шерткен қаламгер  еліміздің ертеңі мен 

бүгіні жайлы, тарихи кезеңдердің қалтарыс-бұлтарысы хақын да тілге тиек етті. Ақынның 

астарлы ойларымен, қарымды қаламынан туған жырлары келешек ұрпақ бойына ұлтын 

ұлықтар асқақ рух пен сенім қалыптастырары айқын.

Қазақтың маңдайына біткен дарын иелері әуел бастан-ақ елдің еңсесін көтеріп, 

беделін аспандатқан. «Ерім» дейтін ел болмаса, «елім» дейтін ер қайдан шықсын 

демекші, осындай дарынды азаматтарымызды ұлықтар ұлтжанды ұрпақ өкілдері көп 

болғай. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесудің болашақ тарихшылардың ұлтжанды 

азамат болуына тигізер көмегі көп деп санаймын.



Ә. ЖАНБОЛАТОВА,

 тарих, археология және этнология факультетінің 1-курс студенті

Жаңа бастама

Жақында ҚазҰУ-дың  ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық 

медиа кафедрасының   ұйымдастыруымен  «Түркітілдес журналистер қоры» 

ҚҚ-ның медиатренері, фотограф Мақсат Құсайынов шеберлік сағатын өткізді. 

Ол кәсіби фотожурналист ретінде қызметтегі  тәжірибесімен бөлісті. Біз 

«Фотоаппаратты қалай дұрыс қолдану керек?», «Фотоколлаж  жасау жолдары 

қандай?», «Суретке түсірудің қандай ережелері бар?» деген сауалдарға жауап 

алдық.

Студенттер фотоаппарат құрылысымен 

танысып, режимге қою тәртібін, суретке 

түсіру әдісін  үйренді.  Фотоколлаж жасау 

бағдарламасын әр студенттің ноутбугына 

тегін жүктеп алуға мүмкіндік берілді. Фотоға 

түсіру – журналистиканың ажырамас 

бөлігі. Сондықтан бұл өнерді игеру болашақ 

тілшілерге аса қажет. 

«Мақалаға сай деп таңдалып, басылымға 

берілген сурет те сөйлеуі керек. Себебі, біз 

тек сөзбен ғана емес, суретпен де адамның 

айтпақ ойын, эмоциясын көрсетуіміз керек», 

– дейді Мақсат Құсайынов.

Бұл игі бастама ҚазҰУ журналистика 

факультетінде құрылған Студенттер 

баспасөз орталығы мен «Түркітілдес 

журналистер қоры» ҚҚ- ның арасындағы 

келісім арқылы жүзеге асты. Алдағы 

уақытта студенттерге тегін медиатренингтер 

өткізіліп отырады. Мұндағы мақсат – 

мультимедиалық журналистиканы дамыту. 

Суретті, бейнекөріністі, аудионы, мақаланы 

біріктіріп, жан-жақты мағлұмат беруге 

арналған  «мультимедиа»  журналистер үшін 

аса маңызды. 

Заман талабына сай журналистерді 

дамытуды қолға алған бұл бастама әзір 

аяқталмақ емес. Сондықтан журналистика 

факультетінің барлық студенттеріне ақысыз 

шеберлік сағаттарына қатысып, білімін 

тереңдетуге кеңес берер едік.  Бұл – болашақта 

меңгеруге тиіс мультимедиа құралдарын 

 

үйрену үшін  студентке таптырмас мүмкіндік.  



Медиатренерлер тек фотожурналистикаға 

қатысты емес, жалпы журналистикаға 

байланысты көптеген ақпаратпен бөліспек. 

Келесі шеберлік сағаты «Фотожурналист 

құқығына» арналады. 

Айжан МОНКЕБАЕВА, 

Студенттік баспасөз орталығы

Проекты студентов в дело



Недавно в КазНУ прошел 

международный студенческий форум 

«Зеленый мост через поколения», 

на котором был представлен проект 

«Переработка мусора». Под руководством 

д.э.н., профессора, заведующей кафедрой 

А.М. Байдильдиной интересный проект 

выполнил студент специальности «Учет и 

аудит» Жанбыр Султан. В своей работе он 

предложил доступные методы переработки 

этого сырья.

Результаты переработки пластиковых отходов 

– вторичные полиамид, поливинилхлорид, 

полипропилен, полиэтилен. Потребляют 

продукцию мусоропереработчиков любые 

предприятия, производящие пластиковый 

ширпотреб (за исключением изделий, которые 

входят в непосредственный контакт с пищевыми 

продуктами, фармпрепаратами и т.п.). Заводы 

покупают вторичный полиэтилен по 2,2-4,5 

грн. за 1 кг (первичный продается не дешевле 

4,5-4,6 грн. за 1 кг). Из 1 кг отсортированных 

пластиковых отходов “выходит” 0,8 кг вторичного 

полиэтилена. По оценкам специалистов, человек 

«вырабатывает» в год до 250 кг бытовых отходов. 

В среднестатистическом мусорном баке около 

25% занимают пищевые отходы, 5-10% – бумага, 

50% – полимеры, остальное приходится на 

металл, текстиль, резину, стекло и прочий хлам. 

Классический путь удаления отходов (контейнер 

– мусоровоз – свалка – рекультивация) сегодня 

неэффективен и, кроме того, потенциально 

опасен, поскольку даже тщательно обработанная 

и засыпанная почвой свалка является источником 

«свалочного газа», стимулирующего парниковый 

эффект. Один из самых «трудноперевариваемых» 

видов отходов – пластиковая упаковка. К 

сожалению, о централизованном раздельном 

сборе твердых бытовых отходов (ТБО) пока 

только ведутся разговоры. Причина самая 

банальная – нет денег. Поэтому у средних и 

малых предприятий есть шанс обосноваться 

на «мусорном» рынке, заработать первичный 

капитал и самим сформировать ту систему сбора 

и переработки ТБО. 

Итак, «мусорный» бизнес можно 

назвать привлекательным для инвестиций: 

конкурентная среда вполне благоприятная, 

мусороперерабатывающих компаний немного, 

самого мусора – просто завались. Вложенные на 

первых порах средства окупить можно достаточно 

быстро. При этом рентабельность бизнеса доходит 



до 50%. 

Н.А. ТОВМА, 

доктор (PhD), доцент, 

зам. зав. кафедрой «Учет и аудит» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет