Г. ҚОзҒАМБАеВА,
М. дАУЫтБеКОВА,
тарих, археология және этнология
факультетінің доценттері
Древняя мудрость гласит: «Велик
тот учитель, который исполняет дело,
чему учит, владеет всеми секретами
своей профессии, потому что
добросовестно и успешно проходит
все ее ступени». Свой педагогический
путь Майра Аханбаевна начала в
школе г. Кызылорда в далеком
1969 году – сразу же после
окончания Кызылординского
педагогического института им. Н. В.
Гоголя по специальности «Учитель
английского языка». Затем работала
в Республиканской казахской
специализированной музыкальной
школе-интернат для одаренных детей
им. А. Жубанова в качестве педагога-
организатора по воспитательной
работе, и по сей день остается верна
своей профессии.
Учитывая профессиональную и
возрастную специфику, М. Кенебаева
составила программу 12-летнего
обучения по английскому языку. Ею
создана ученическая организация
«Атамекен ұлттық тәлім – тәрбие
ордасы». Майра Аханбаевна –
ведущий специалист в преподавании
английского языка, талантливый
педагог, прекрасный человек и
мудрый наставник. Работая в
колледже, неоднократно проводила
интеллектуальные игры: «Знаешь
ли ты Англию?», «Шекспировские
вечера», вела организацию по
подготовке к общеуниверситетскому
мероприятию «Студенческая весна»,
в котором наш колледж получал на
протяжении нскольких лет Гран-при.
Годы идут, и вот уже за плечами 40
лет ее педагогической деятельности.
Все это время она трудилась честно и
добросовестно, собирая по крупицам
ценнейший опыт своих коллег и
свой собственный, так как учителю
необходимо идти в ногу со временем.
Более 10 лет назад М. Кенебаева
вошла в наш коллектив. С первых
дней она сумела обратить на себя
внимание. Всегда приветлива,
энергична, доброжелательна.
Будучи человеком, увлечённым и
целеустремлённым, Майра Аханбаева
заряжает интересом к своему делу
всех окружающих. Вот почему вокруг
нее всегда много и преподавателей,
и учащихся, желающих принять
участие в ее задумках. К главным
ее качествам следует отнести также
принципиальность и высокую
требовательность ко всем и, прежде
всего, к себе. Она дарит своим
ученикам вдохновение, помогает им
раскрыть свои таланты, найти себя в
жизни.
Справедливо сказано, что писатель
живёт в своих произведениях,
художник – в картинах, скульптор – в
созданных им скульптурах. А учитель
– в мыслях и поступках людей.
Майра Аханбаевна в педагогике
не по должности, а по призванию.
Принцип ее работы – вселить
в учащегося уверенность, дать
почувствовать свою самоценность.
Она старается научить понимать
даже то, о чем не говорят, читать
то, что не написано, то есть научить
видеть, чувствовать, быть честными
и искренними.
Уроки Майра Аханбаевна
проводит увлекательно. Важную
роль отводит самоконтролю и
самооценке, умению осознавать
значение предстоящей работы,
подвести итоги выполненного
задания. На ее занятиях существует
свой особый климат, атмосфера
доверия, искренности и симпатии
во взаимоотношениях учителя и
ученика.
Майра Аханбаевна Кенебаева
– это опытный наставник
молодых, думающий, плодотворно
работающий, великий труженик,
надежный друг и коллега. Многие
годы она ставила оценки своим
ученикам. Пришло время, когда
они благодарят ее за доброе сердце,
заботу, внимание, мудрые советы. За
многолетний безупречный труд она
награждена почетными грамотами
Министерства образования, знаком
«Отличник народного образования».
Дорогая Майра Аханбаевна!
Мы, Ваши коллеги, сердечно
поздравляем Вас с 60-летним
юбилеем. Пусть Ваш педагогический
талант, доброта и душевная щедрость
еще долго остаются маяком для
всех учителей и учеников. Примите
от нас искренние пожелания:
крепкого здоровья, творческих удач,
чтобы на Вашем жизненном пути
было больше понимания и тепла,
работа приносила только радость и
удовлетворение, а в Ваш адрес всегда
звучали слова благодарности и
признания. Благодарность учителю
– это и есть самая высокая награда.
КОллеКтИВ
КОлледЖА КАзНУ
6
№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл
рух
16-19 сәуір күндері әскери кафедрада «Ашық есік күні» өтті
КазНУ – это вуз с богатыми
традициями, многолетним опытом
учебной и научной работы. Это
ведущее учреждение системы
высшего образования страны,
первым прошедшее государственную
аттестацию, подтвердившее
право на осуществление
образовательной деятельности
по всем специальностям и
уровням, готовящее компетентных
специалистов.
В это дело свой вклад вносит и
кафедра менеджмента и маркетинга.
Студенты и молодые учые приобретают
знания в процессе обучения высоко-
квалифицированными преподавателями
кафедры. Преподаватели практикуют
нестандартный, инновационно-активный
подход к обучению студентов, который
не только развивает интеллектуально,
но и дает «багаж знаний», учит работе
в коллективе. Они стараются «зажечь
искру» знаний и практических умений,
для того, чтобы выпускники могли дальше
самостоятельно работать, развиваться и
совершенствоваться. Все это помогает
студентам правильно поставить цель в
жизни и стремительно двигаться к ней.
Профессорско-преподавательский
состав кафедры менеджмента и
маркетинга проводит обучение студентов
по 4 специальностям бакалавриата, 5 –
магистратуры и 5 – докторантуры. В ППС
входят: 6 докторов экономических наук,
профессора, 15 кандидатов экономических
наук, доценты. Преподаватели кафедры
со своими инновационными проектами
принимают активное участие в
фундаментальных исследованиях МОН
РК, проводят различные студенческие
олимпиады и участвуют в научно-
исследовательских конкурсах. Они же
являются организаторами ежегодной
Республиканской олимпиады по
специальностям: «ГиМУ», «Менеджмент»,
«Маркетинг».
На кафедре менеджмента и маркетинга
– интересная и насыщенная студенческая
жизнь. Функционируют студенческие
научные кружки, а также студенты
активно участвуют в КВН, дебатах,
спортивных соревнованиях и конкурсах,
турнирах по мини-футболу на «Кубок
декана». Например, ознакомление
студентами кафедры с деятельностью
научного кружка «Маркетинговые
исследования» дала возможность для
поиска призвания молодого маркетолога,
помогла студентам определить ключевые
моменты принятия решений на пути к
выбранной специальности.
Студенты активно принимая участие
в кружке, делают для себя определенные
выводы касательно своей будущей
профессии «маркетолог». Поэтому на
кафедре обучаются целеустремленные,
активные и креативные студенты.
Многие из выпускников сейчас
известны всему Казахстану, особенно в
широких научных и бизнес-кругах. Они
работают в Администрации Президента,
Министерствах национальной экономики
и финансов, Комитете по статистике
РК, Национальном и коммерческих
банках, страховых и аудиторских
компаниях, а также в других учреждениях
и предприятиях экономической отрасли
Казахстана.
е. Б. ЖАтКАНБАеВ,
д.э.н., профессор,
кафедры менеджмента и маркетинга;
А. С. тЫНЫБеКОВА,
студентка 4 курса
специальности «Маркетинг»
Тағдырдың орны толмас тәлкегіне
ұшырап, балалық шағында батпандай
ауыр уайым мен шерді арқалаған, көз
жанарлары жаутаңдаған бүлдіршіндердің
балалық бақытты сезініп жүргені
шамалы. Мемлекет қанша жерден
қайырымды болып, қамқорлыққа алса
да, туған ата-анасының қайырымға,
мейірімге толы ыстық алақанын
ешқашанда алмастыра алмайтыны
сөзсіз.
Сол себепті жастардың бойында
қайырымдылық пен ізгіліктің сезімін ұялатып,
өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп,
тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың
қарауынсыз қалған балаларға қоғамның
назарын аудару мақсатында физикалық химия,
катализ және мұнайхимия кафедрасының
студенттері мен оқытушылары ұйымдастырған
«Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған»
әдеби-сазды кештің айтары да осы еді. Бұл
сұрақтарға жауап алу қиын, жауап алсақ та одан
қорытынды шығару мүмкін емес. Сондықтан
әдеби-сазды кеште кафедрамыздың студенттері
мен оқытушылары ұйымдастырылған
қайырымдылық шараның негізінде
бейнефильмдер жасап, соны жиналған қауымға
осы өзекті мәелеге арналып жазылған ақын,
жазушылардың өлеңдерін, шығармаларын
нақышына келтіріп оқу арқылы қайғыға толы
үнсіз жүректерге тіл бітіріп жеткізгенде залда
көріністің куәсі болғандардың көздеріне жас
алмаған жан болған жоқ десек артық болмас.
Жанары жасты, жүрегі жүдеу бүлдіршіндер саны
бүгінгі таңда ресми деректердің айтуынша, 80-
90 мыңның үстінде екен. Бұл кеште қойылған
«тастанды бала» монологына қойылған
көріністер, ақиық ақын Мұқағалидың сөзіне
жазылған «Сәби болғым келеді», «Мен деп
ойла», «Бақытым менің» әндері орындалған да
әрбір тыңдаушының жүрегін тербеп, қоғамның
дертіне айналып бара жатқан күрмеуі жоқ
жетімдер мәселесін үлкен ой тастады.
«Торғай екеш торғай да, балапанын
қорғайды. Ана безсе баладан, Бәрінен де
сол қайғы...» деген өлең шумақтары үнемі
жадымызда болса игі.
е.ӘУБӘКіРОВ,
кафедра меңгерушісі
ПСИХОЛОГТЫҢ РӨЛІ ЗОР
Нағыз кәсіби мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны – әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінде адамның
күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңіліп,
студенттерге бағыт-бағдар беріп, оның позициясында болатын, сезімдерін
бағалайтын, кәсіби деңгейі, интеллектуалдық, шығармашылық деңгейі
жоғары мамандар дайындалуда.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Э.К.
Қалымбетованың басшылығымен кафедрада отандық психология ғылымын
дамытуда үлкен еңбек етіп жүрген, арнаулы мектебі бар ірі ғалымдар, жоғары
білімді, білікті профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Сонымен қатар
бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша білікті
психолог мамандар дайындалады.
Оқуды бітіргеннен кейін психология бөлімінің түлектері келесідей салаларда:
жоғары және орта оқу орындарында психология пәнінің оқытушысы; ғылыми
қызметкер; фирмалар мен банктерде психолог-кеңесші; практик психолог;
денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде, отбасы қызметтерінде және
әлеуметтік салаларда практик-психолог болып қызмет ете алады. Біздің
түлектерімізге жұмыс орындарынан сұраныс өте жоғары.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей психолог маманы орта білім беру
мекемелерінде қызмет атқарады. Психологтың мақсаты – оқу барысында
туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін анықтау,
оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа
да қызметкерлерге психологиялық қызмет көрсету. Әр оқушының бойындағы
бар шығармашылық көздерін ашу, жаңалыққа даген ұмтылыстарына дем беріп
отыру арқылы біз өзіміздің қоғамдағы негізгі міндетіміз – адамзат баласын
жаңа сапаға көтеруді табысты шеше аламыз. Психологтың баланы түсінуі –
оның позициясында болуы, сезімдерін бағалап, әрекетін, ісін елеулі түрде
қабылдау, ілтипат көрсету. Баланың көңіл құбылысын, жүрек тебіренісін,
сезімі мен талпынысын түсінген педагог-психолог баянды тәрбиеге ие болып,
білімді жетістікке қол жеткізеді. Оқытудың оқушылардың ішкі күштері
мен потенциалдық мүмкіндіктерін жандандыра тыңдай, олардың дамуын
жеделдететіндей етіп ұйымдастыру үшін психологиялық білім қажет.
Оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау – мектеп психологының
тікелей міндеттері. Яғни оқушының мамандықты таңдау барысына өзіндік
үлесін қосып, дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Себебі, кәсіби іс-әрекет қазіргі
жас ұрпақ үшін өте маңызды.
Н.С. ЖҰБАНАзАРОВА,
А.т. КАМзАНОВА,
философия және саясаттану факультеті
Адам – табиғаттың туындысы,
онсыз өмір сүре алмайды. Кукашева
Альмира Куановна табиғатқа деген
сүйіспеншілігі мен құштарлығының
арқасында «Экология» мамандығын
таңдап, ҚазҰУ-ға грантпен оқуға
түсті.
Адам әлемнің біртұтас екендігін және
адамзат біріге отырып қана әлеммен үйлесімді
өмір сүре алатындығын Альмира бірінші
курстан сезінді. Ол теориялық білімдерін
Кербұлақ шатқалында, Ыстықкөл аймағында
өткен оқу-дала практикасында жүзеге асырды.
Талантты студент өз жобасымен «Фараби
әлемі» атты студенттік халықаралық ғылыми
конференциясына, ҚР I Ұлттық экологиялық
жастар форумының шеңберінде өткен
«Жастар. Экология. Мәдениет» ғылыми-
тәжірибелік конференциясына, «Жасыл
көпір ұрпақтан-ұрпаққа» атты халықаралық
форумға, Республикалық пәндік студенттер
олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға
ие болды. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен
баста» демекші, Альмира – «Жастардың
қалауы – жасыл университет» атты флешмоб,
«Жасыл кеңсе», «ҚР тұрақты дамуға өту
барысындағы Жасыл экономика» және «Менің
университетімді қалай жасылдандыруға болады»
атты дөңгелек үстел, жыл сайын Қазақстан
қағазы өткізетін «шыршаларды сақтайық!» атты
экологиялық акциясына, эколог-студенттер
арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында
«Алматы қаласының экологиялық жағдайы»
тақырыбында пікірталас, жатақханаларда
студенттердің экологияға деген сана-сезімін
ояту аясында «Адам экологиясы» атты тәрбие
сағаттарының белсенді қатысушысы.
Сондай-ақ ол «Сүт өнімдеріндегі тұрақты
органикалық ластағыштарды анықтау жолдары»
тақырыбында Физико-химиялық зерттеулер
мен анализдер әдістерінің орталығында және
«Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорынында
эксперименттік талдауларды жүргізіп,
ғылыми жұмысының нәтижелерін баспаларда
жариялады. Сонымен қатар, ҚР Энергетика
министрлігі бастамасымен өткен «Экологиялық
сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу»
атты семинарға да қатысты.
«Күш – білімде, білім – кітапта» деген
өмірлік ұстанымы оны оқу мен ғылымда зор
жетістіктерге талпындырып, биыл қыркүйек
айында Президенттік шәкіртақы иегері
атанды. Ол – өзінің біліміне сенеді және Отан
алдындағы жауапкершілігін басты орынға қоя
білетін ұлтжанды қазақ қызы.
Ж.Р. тӨРеҒОЖИНА,
«Юнеско және тұрақты даму»
кафедрасының профессоры
7
№14 (1607) 4 мамыр 2016 жыл
Ж а с т а р б е т і
В КазНУ пршел конкурс красоты «Miss KazNU-2016»
Мәкенов Әділ Саматұлы
1998 жылы 6 маусымда Шығыс Қазақстан
облысы, Ақсуат ауданында дүниеге келген.
Талапты жас мектеп қабырғасынан бастап өлең
жазумен айналысады. Көптеген шығармашылық
сайыстардың жеңімпазы.
Бос уақытында шығармашылыққа ден қойып,
әдеби кітаптар оқығанды ұнатады.
Әділ бүгінгі таңда ҚазҰУ бейіндік мектебінің
11- сынып оқушысы. Болашақта Қазақстанның
атақты тілшісі болуды армандайды.
еГеМеНді ҚАзАҒЫМ
Ел болдық, еркін болдық астаналы,
Қазағым енді кімнен жасқанады?!
Егеменді ел болған қазағыма,
Басқа жұрттар қызығып тамсанады.
Талай-талай қиындықты бастан кешкен,
Бұл қазағым жан алысып, жан беріскен.
Батыр, қайсар бабалардың арқасында,
Құрылдық үлкен ел боп қазақ деген.
Әлі де бар сол заманның қайғы-мұңы,
Кеудемізде сызат болып қалып қойған.
Тарихта аты қалған бабаларды
Ұмытпаспыз, «алашым» деп қаза болған.
Алдымызда болашақ тұр жарқыраған,
Тізгінін Елбасымыз бізге ұстатқан.
Бірге жасай берейік сүйікті елмен,
Сүйікті елмен Абылай ата армандаған!
елБАСЫ
Елбасымыз Назарбаев атамыз,
Әр ісіне риза болып жатамыз.
Еліне адал, халқына адал Нұр-ата
Өзіңізге үлкен алғыс айтамыз.
Нұрын шашып қазақ үшін тер төккен,
Өз бақытын тапқан адал еңбектен.
Туған күнің құтты болсын Нұр-ата!
Құттықтаулар келіп жатыр жер-көктен!
Қазақ атын әйгілі етіп шетелге,
Сіз қазақты таныттыңыз әлемге.
Қазақ десең Назарбаев дейді екен,
Егіз атау айтылатын бар елде!
АНА тілі
Тілсіз адам аяғы жоқ мүгедек,
Тілсіз адам қанаты жоқ көбелек.
Ұша алмасаң өз тіліңді қанат қып,
Онда сенің қазақтығың не керек?!
Ана тілі – бабаң тілің ол сенің,
Болашағың, тарихың ғой өткенің.
Ана тілін сыйламасаң, ей, ұрпақ!
Өз анаңды онда басқа тепкенің!
Ана тілде айбыны бар бабамның,
Мұң қайғысы осы тілде даламның.
Өз тілімнен өзім егер жерісем,
Өгей тілге қалай бала болармын...
Ана тілі кең даламдай жайдары,
Қоңыр желдей еркін есіп тұрады.
Домбыраның күмбір қаққан сазындай,
Ана тілдің биязы бір мақамы!
Не іСтейМіН іСКеР ОРтАдА?!
МеНедЖеР БОлСАМ МеН еГеР!
Ғылымда бүгін мол сала,
Игерер қиын болса да.
Берілген маған сұрақта,
Не істеймін іскер ортада?!
Қоғамда болса кем егер,
Түзелер бізбен сене бер.
Не істеймін іскер ортада?
Менеджер болсам мен егер!
Жүйені жасайм одан да,
Қалай да басшы болам да!
Орталық ашып ақысыз
Компьютер айтам қоғамға!
Жасаймын жетсем осымды,
Ойымда жүрген қосынды.
Кемшілдеу тұсты сынауда,
Көмекке тартам досымды.
Шешімін табар дау ақты,
Адамнан алып сауапты.
Болуым үшін мен басшы
Жұмысты жасайм жауапты.
Тобымда болмай шатынас,
Адам жоқ бұл күн ақылы аз.
Болуым үшін мен басшы,
Жасаймын дұрыс қатынас.
Қоғаммен бүгін кеме бір,
Тұрамын сөзде сене бер.
Жан-жақты ойлап тұратын,
Боламын озық менеджер!
Алимахамад БеКСҰлтАН,
Мемлекеттік және жергілікті
басқару мамандығының
1-курс студенті
Халық өнері – асыл қазына
Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт
дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Жуырда ғана
университетіміздің студенттері тағы бір
халықтың өнеріне куә болды. Оқытушылар
мен студенттер Индонезия Республикасы
мен Қазақстан Республикасы арасындағы
дипломатиялық қатынастың 23
жылдығына орай ұйымдастырылған
«таңғажайып Индонезия» атты концерттік
бағдарламасын көрді. Экзотикалық ел
болып саналатын Индонезияның дәстүрлі
инструменттері мен ұлттық би өнері, әндері
ұсынылған кеш студент қауымның аталған
елге деген қызығушылықтарын арттырды.
Концертті Индонезиядағы ең танымал
«Bamboe Angklung Tentrem Индонезия»
қысқартылғанда Бати деп аталатын елдің
ұлттық инструменттерінен құралған топ
ашты. 2010 жылдың 18 қарашасында
ЮНЕСКО ресми түрде Angklung инструментін
адамзат тарихының қайталанбас шедеврі
деп қабылдаған екен. Струналық дәстүрлі
инструмент Sasando-ның сүйемелденуімен
орындалған ән, Балиялық бидің ең ескі түрі
болып саналатын Pendet шығармашылық биі,
Sape атты дәстүрлі инструментпен көрсетілген
өнер концерттік қойылымға ерекше сән берді.
Pendet биін алғаш рет 1967 жылы Wayan Rindu
деген индонезиялық биші орындаған екен.
Тек қана ән мен би болған жоқ, сонымен
қатар университетіміздің студенттері арасында
Индонезия елінен хабарын білу мақсатында
викториналық сұрақтар қойып, аталған елден
әкелген естелік сыйлықтарын тарту етті.
Студенттер Индонезия елінің өнерін
тамашалап. Сол елге барып қайтқандай әсер
алды.
А.Б. АлтЫНБеКОВ,
әлеуметтану және әлеуметтік
жұмыс кафедрасының оқытушысы
С.Қ. ҚҰдАйБеРГеНОВ,
әлеуметтану мамандығының
4-курс студенті
КӨЗ – ҚОРҚАҚ, ҚОЛ – БАТЫР
«ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің
жарысқан заманы», – деп Елбасы
айтқандай, қара шаңырағымыз
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім
алып жүрген студенттеріміз білім
бәсекелерінде үздік нәтижелер
көрсетіп, өнер сайыстарында да дес
берген емес. Ал, спорттық додаларда
өзге ЖОО-лар арасында оқ бойы
озық тұр.
ҚазҰУ-дың әрбір студенті салауатты
өмір салтын ұстанып, спортпен
шұғылдануға бейім. Сондай шәкірттердің
бірі – физика-техникалық факультетінің
1-курс магистранты Гусманов Данияр
Асылбекұлы. Орал қаласының тумасы
Данияр бала күнінен спортты жанына
серік еткен. Мектеп қабырғасында
жүргенде бокс, күрес үйірмелерінде
жаттығып, кәсіби түрде бапкерлерден
сабақ алған. Жарыстарда топ жарып,
бірнеше рет жеңімпаз атанған ол күнделікті
таңертеңгісін 15 шақырым жүгіріп, күніне
қала ішінде велисопедпен жүруді әдетке
айналдырған.
Спорттың әр түрлі бағытын меңгерген
Данияр қазіргі таңда өзін велошабандоз
ретінде де сынап жүр. Велосипедті темір
тұлпардың орнына қолданып, жақын
досына айналдырған спортшының
марафон ұйымдастыру көптен бергі
арманы болған. Бұл арманының жүзеге
асуына себепкер болып, ойдан іске
көшу үшін ерекше шабыттандырған
елімізге белгілі веломарафоншысы
Түгелбек Қасымов ағамыздың бір ауыз
сөзі екен. «Көз – қорқақ, қол – батыр»
демекші, Данияр тәуекелге бел буып
бастапқы қадамына барып та үлгерген.
Ағымдағы жылдың наурыз айында жас
веломарафоншы алғашқы сапары –
алмалы қала Алматыдан шырайлы шаһар
Шымкент арасын жалғаған күре жолды
велосипедпен жүріп өтті. Көздегені
ойдағыдай орындалған ісін Данияр
сенімнің арқасы деп түсіндіреді: «Түгелбек
ағамен алғаш танысып, осы ойымды
айтқанымда, ол кісі мені бірден құптады.
«Қалаған жанның қолынан бәрі келеді.
Алған бетіңнен қайтпа», – деді. Менің
бұл қадамым таныстарым, достарыма
күлкілі көрініп, олар маған сенбеді.
Анығын айтқанда мазақ қылды. Индия
мемлекетінен Мәскеу қаласына көлікпен
келген бір досымнан қасыма еруін өтіндім.
Ол: «Мен бара алмаймын, қауіпті, сенің
жетуің де екі талай», – деп қарсылық
танытты. Физикалық, моральдық
тұрғыдан дайын болдым, бірақ бойымды
бір қорқыныш сезімі биледі. Жалғыз өзім,
ұзақ жол, ата-анам білмейді. Бірақ менің
ішкі түйсігім сенім сыйлады. Осылайша,
қорқынышымды батылдыққа жеңдіруге
тырыстым. «Aмалдар ниетке байланысты»
дейді ғой, сапарым сәтті аяқталды. Мен
сапарға аттанғалы жатқанымда Түгелбек
аға: «Қазақстан емес, ғажапстанға
жасағалы отырған сапарың оң болсын!»
– деп тілек білдірді. Алматы - Шымкент
сапарында мен еліміздің небір сұлу әрі
көрікті жерлерімен таныстым. Өзімнің
осындай қасиетті әрі керемет табиғаты бар
елде тұрып жатқаныма көз жеткіздім. Бұған
дейін неге білмедім деген өкініш кеудемді
кернеді. Шынында да бұл ғажапстан
болды. Барлық Алматы облысын, одан
әрі Жамбыл облысының жарты бөлігін
және Қордай шекарасымен Бішкек еліне
шықтым. Күтпеген жерден мені қырғыз
ағайындар қарсы алып, қонақ қылды.
Сапар барысында көптеген адамдармен
кезіктім, жақсы адамдар көп болды», – деп
алған әсерімен бөлісті.
Атап өтерлігі, спортшы алғашқы
сапарын ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық
және cүйікті қаласы Aлматының 1000
жылдық мерейтойына арнайтындығын
айтып, сөзінің соңында «Мен өз еліме
деген махаббатымды сөзбен айтып жеткізе
алмаймын. Aлматыдан Шымкентке
шеккен сапарым менің Отанға деген
сүйіспеншілігімді еселей түсті. Көп
қаражат төлеп, шетелдік шипажайларды
жағалап жүрген отандастарыма: –
Жерұйықты алыстан іздеп сабылмаңдар,
жерұйық – біздің Қазақстан! – дегім
келеді», – деп барлық жастарды Отанды
сүюге, елін құрметтеуге, ұлтын ұлықтауға
шақырды.
Иә, «Әр адам – өз өмірінің суретшісі.
Ол өмірді – сырлап бояуға, оған ажар, түр
беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек
етеді», – деген екен Ғабит Мүсірепов
ағамыз. Өмірін қалай сүремін, қай бағытқа
бұрамын, қандай ұстаным ұстанамын десе
де әр адамның өз еркі. Aдам өмірі белгілі
бір шақтардан құралған. Сол шақтардың
ішінде ең аяулысының бірі – жастық шақ.
Жастық шақта жалынмен кез келген тұлға
қалағанын алу үшін тауға да шығады,
қырға да барады. Бұған дәлел, Данияр
Aсылбекұлының үлгі боларлық мына бір
ісі. 730 шақырымды велосипедпен жүріп
өткен жас веломарафоншы алдағы уақытта
мотоциклмен Қазақстанды түгелдей
аралап шығуды жоспарлап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |