Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#6110
1   2   3   4

Айдана СЕЙІЛ.

Тасбөгеттегі Бегалиевтер отбасында Тəуелсіздік күні қос мереке қатар тойланады. Себебі үйдің тұңғышы Нұржігіт дəл осы күні дүниеге келген. Ал, еліміз 

егемендік алған айтулы күнде дүние есігін ашқан Нұржігіт Жансұлтанұлы мұны ерекше сəт деп санайды.

Оған  облыс  əкімі  Қырымбек  Көшербаев 

қатысып, 

өңірдің 


əлеуметтік-экономикалық 

дамуына  үлес қосып жүрген бір топ сала үздіктерін 

марапаттады.  Байқау  кəсіпкерлердің  қоғамдық 

бірлестіктерінің  Қазақстан  нарығын  жоғары  жəне 

бəсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етуге, олар-

ды  дамытуда  жан-жақты  қолдауға  бағытталған 

қызметінің  беделін  көтеру,  ынталандыру  мақса-

тында ұйымдастырылды. Оған өңірдегі 40-тан астам 

кəсіпорын  қатысты.  Олардың  ішінен  сапалы  өнім 

ұсыну  мен  оның  сұраныс  деңгейіне  қарай  яғни, 

«Өндіріс саласындағы жетістігі үшін», «Азық-түлік 

өндірісі  саласындағы  жетістігі  үшін»  жəне  «Жеңіл 

өнеркəсіп саласындағы жетістігі үшін» номинация-

лары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Айта  кетейік,  қазіргі  таңда  облыстың  əлеу-

меттік-экономикалық  жағдайына  зор  үлес  қосып 

отырған 5 мыңға  жуық  шағын  жəне  орта  бизнес  

кəсіпорындары  мен 35 мыңнан  астам  жеке 

кəсіпкерлер, шаруа қожалықтары бар. Ал, аталған 

секторларда 100 мыңға  жуық  адам  еңбекпен 

қамтылса,  ол  өңірдегі  экономикалық  белсенді 

халықтың үштен бір бөлігін құрап отыр.

–  Өңір  экономикасын  дамытуға  Үдемелі 

индустриялды-инновациялық  даму  бағдарламасы 

да  қуатты  серпін  берді.  Бұл  бағдарлама  аясын-

да облыс бойынша соңғы 6 жыл ішінде өнеркəсіп 

саласында 20 кəсіпорын  іске  қосылды.  Оның 

ішінде газды  пайдалану жобасы бар. Нəтижесінде 

аймақтың  елді  мекендері  жаппай  газдандыруға 

қол  жеткізді.  Мемлекеттің  қолдауымен  əлемдегі 

ең  ірі  қорғасын-мырыш  кен  орындарының  бірі – 

«Шалқия»  кен  орны  дамуда. «Баласауысқандық» 

ванадий кен орны бойынша да жұмыстар қарқынды 

жүргізілуде. Ал, алдағы 2017 жылы Қазақстандағы 

тұңғыш шыны зауыты, 2018 жылы екі үлкен зама-

науи цемент зауыты іске қосылады деп жоспарла-

нуда, – деді облыс əкімі.

Бұдан кейін мерекелік шара «Жасай бер, жаса 

Тəуелсіз  елім!»  тақырыбында  отбасы  үлгісіндегі 

балалар  ауылында  жалғасын  тапты.  Мұнда 

өнерпаз  бүлдіршіндер  аймақ  басшысы  бастаған 

бір  топ  кеш  қонақтарын  мерекелік  əн  мен  күйге 

бөледі.  Болашақ  асқақ  армандарымен  бөлісіп, 

балалық жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Кеш  соңында  аймақ  басшысы  Тəуелсіз  елдің 

ұлағатты ұландарына жарқын болашақ тілей оты-

рып, мерекелік сый-сияпат табыс етті.

Сондай-ақ, облыс əкімі Ұлы Отан соғысының 

ардагерлері  Бөрібай  Құлманов  пен  Кеңесбай 

Қалиевтердің  шаңырағында  болып,  Тəуелсіздік 

тойымен  құттықтады.  Бүгінгі  бейбіт  күннің 

себепкерлері  болып,  қан  майданда  кеуделерін 

оққа  тосқан  батыр  бабаларымызға  Елбасының 

құттықтауын  жеткізді.  Ғасырға  жуық  ғұмыр 

кешкен  қос  қария  еңселі  егемендігіміздің  баян-

ды  болуын   тілеп,  Алаш  жұртына  ақ  баталарын 

арнады. 

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

Облыстың  барлық  ауданына   қарасты  елді  мекен 

тұрғындары  да  таза  суға  қол  жеткізуде.  Ал,  Мемле-

кет басшысының қолдауымен САРАТС жүзеге асыры-

лып, ғасыр жобасы атанған осы жұмыстың арқасында 

Аралдың  солтүстік  бөлігі  қайта  оралғанын  да  айтпай 

өтуге болмас. Қазіргі таңда жергілікті халық су теңіздің 

бұрынғы жағасына небəрі 17-ақ шақырым қалғандығын 

айтады.  Айдынды  мекен  жанданып,  жоғалған 23 

балықтың түрі өз қалпына келді. Ауланған балық ше-

кара асып, Ресей, Грузия, Украина, Əзербайжан, Поль-

ша,  Германия,  Голландия,  Түркия  мен  Данияға  да 

жетті. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығын аралдықтар зор 

қуанышпен қарсы алып отыр.

Ерке Сырдың бас шаһары – Қызылорда да кемел 

келешекке бет түзеді. Елбасы өңірге жасаған əр сапа-

ры  сайын  облыстың  экономикалық  қуаттылығының 

артып  келе  жатқанына  оң  бағасын  беріп  келеді. 

Бұл  киелі  Сырдың  келбетін  одан  əрі  асқақтата 

түсті.  Мəселен,  тəуелсіздік  жылдарынан  бері  өңір 

тұрғындарының саны 800 мыңға жетсе, 190-ға жуық 

білім, 100-ден  астам  денсаулық  сақтау  нысандары 

бой көтерді. Қазіргі уақытта аймағымыз шикізаттық 

емес  сектордың  дамуы  бойынша  өзге  өңірлер  ара-

сында  көш  бастап  тұр.  Сонымен  қатар,  бірнеше 

ірі  инфрақұрылымдық  жобалар  іске  қосылды. 

Қызылорда  қаласының  келбеті  жасана  түсті. 

Қуаныштысы,  өткен  жылы  жергілікті  жұртшылық 

Қызылжарма  жер  асты  су  көзін  пайдалануға  қол 

жеткізді.  Қала  табиғи  ілеспе  газбен  қамтылды. 

Қала  орталығы  аумағында 11 жаңа  мөлтек  аудан 

бой  көтерсе,  биылдың  өзінде 80 көпқабатты  тұрғын 

үйдің  құрылысы  қарқынды  жүруде.  Қаланың  сол 

жақ  жағалауын  игеру  бағдарламасы  аясында  салы-

нып  жатқан  үш  көпірдің  алғашқысы  да  Тəуелсіздік 

тойы  қарсаңында  ел  игілігіне  пайдалануға  берілді. 

Болашақта  жүз  мыңнан  астам  халық  тұрады  деп 

жоспарланып  отырған  инвестициялық  аймақта 

халықтың  сапалы  өмір  сүруіне  қажетті  əлеуметтік 

нысандар,  бизнес  орталықтары,  сауда  орындары 

бой  көтереді.  Ал, «Батыс  Еуропа – Батыс    Қытай» 

транзиттік дəлізі – Еуропаға бастар күре жол ретінде 

тек  облыс  үшін  ғана  емес,  тұтас  рес публика  үшін 

аса  маңыздылыққа  ие  болып  отыр.  Ол  өз  кезегінде 

шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті,  қызмет  көрсету 

индустриясын,   туризмді  жəне  экономиканың  басқа 

да  ықпал  етуші  секторларын  дамытуға    едəуір 

серпіліс бермек.

Соңғы  жиырма  жылда  осындай  ірілі-ұсақты 

жетістіктерге  жетіп,  биіктерді  бағындырғанымыз 

тəуелсіздіктің бізге тартқан өлшеусіз сыйы.  

Халқымыздан  «Өскен  ел  тарихын  таспен  жазады, 

өшкен  ел  тарихын  жаспен  жазады»  деген  аталы  сөз 

қалған. Біз сол өнегелі өткенін таспен қашап жазып кет-

кен текті халықтың ұрпағымыз. Елбасымыздың «Қазақ 

тарихында қазақ ұялатындай ештеңе болған жоқ» деген 

сөзі соның айқын дəйегі осы ойымызды қуаттай түседі.

Енді соның бағасына жетіп, сақтай білу – бізге сын. 

Келер ұрпаққа ұлық ұғымның қасиетін ұқтыру жəне па-

рыз.  Себебі,  тəуелсіздікті  алу  бар  да,  оны  баянды  ету 

тіпті  қиын  екеніне  көз  жетті.  Қолда  барда  алтынның 

қадірін біліп, азаттықтың ақ таңын бейбіт күнде қарсы 

алғаннан  асқан  бақыт  жоқ.  Ендеше,  кемелді  келешек-

ке  бет  түзеген  ақ  желкеніміз  лайым  өрге  жүзсін  деп 

тілейміз. 

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

ӨСКЕН ҰЛТ ТАРИХЫН 

ТАСқа ЖАЗАДЫ

А.Тоқмағамбетов  атындағы  қала-

лық  мəдениет  үйінде «2016 жылы 

Қызылорда  облысында  шағын  жəне 

орта кəсіпкерлікті дамыту  саласындағы 

жетістігі  үшін»  облыстық  көрме-

конкурсы өтті.

КӘСІПКЕРЛІК 

САЛАНЫҢ 

КӨКЖИЕГІ КЕҢ

Келесі  кезекте  аймақ  өркендеуіне  серпін  беретін 

жобаларды таныстыру рəсімін алғаш болып Арал ау-

даны бас тады. Балығымен береке кіргізіп, ас тұзымен 

атағы жайылған аудандағы «Аралтұз»  АҚ президенті 

Айдынбек  Тауасаров  өз  ұжымымен  бірге  көгілдір 

экран алдында қалың жұртшылықты мерейлі мереке-

мен  құттықтады.  Одан  кейін  Ресей  Федерациясының 

Ульяновск  облысындағы  Димитровград  қаласында 

орналасқан «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу 

зауытының құрылтайшысы, облыстық мəслихат депу-

таты Амантай Ерхатов аталмыш рəсімді жалғастырды.

Одан кейінгі кезек қазыналы Қазалы ауданындағы 

«РЗА»  акционерлік  қоғамы на  келді.  Онда  аталмыш 

кəсіп орынның  вице-президенті  Нұрлан  Имандосов  

Тəуелсіздіктің  тұсында  жеткен  толымды  істерді 

баян  етті. «РЗА»  АҚ  ауыл  шаруашылығы  саласы-

на  жасалған  мемлекеттік  қолдаулардың  нəтижесінде 

үлкен  табыстарға  қол  жеткізіп  отыр.  Тек  қана  соңғы 

жылы  осы  салаға  салынған  инвестиция  көлемі 14 

есеге  өсті.  Бүгінде  оның  өнімдері  тұтынушылардың 

сұранысына ие болып келеді. 

Əлемдегі  ең  ірі  мырыш  кен  орын дарының 

бірі – «Шалқия»  кені ші  қарқынды  дамуда.  Оған 

қоса  «Баласауысқандық»  ванадий  кеніші  игеріле 

бастады.  Телекөпір  барысында  Жаңақорған 

ауданындағы  «Шалқия  Цинк  ЛТД»  АҚ  Басқарма 

төрағасы  Болат   Рамазанов  ауқымды  жобаның 

жай-жапсарына  тоқталды.  Сондай-ақ, «Балау-

са  фирмасы»  ЖШС  директоры  Андрей  Кузнецов 

Шиелі  ауданындағы  «Баласауысқандық»  кен  ор-

нында  «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» 

инвестициялық жобасын баяндады. 2017 жылы об-

лыста  Қазақстандағы  тұңғыш  шыны  зауыты  іске 

қосылатын болады. Бұл жайында «Orda Glass ltd» 

ЖШС Басқарма төрағасы Дəурен Ибрашев  айтты. 

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Салтанатты 

шара 

барысында 



аймақ  басшысы  көпшілікті  аталмыш 

орталықтың ашылуымен құттықтады.   

– 2008 жылы  мүгедек  жандар 

мен  жүйке  науқасы  бар  азаматтарға 

арналған 

заманауи 

үлгідегі 3 

орталықтың  құрылысы  басталған  еді. 

Соның  екеуі 2012 жылы  ел  игілігіне 

берілді.  Ал,  бүгін  ашылғалы  тұрған 

жүйке аурулары интернатында дертіне 

шипа іздеген жандар ем алатын бола-

ды.  Келер  жылдан  бастап  орталықта 

400-ден  астам  азаматқа  арнаулы 

əлеуметтік  көмек  көрсетіледі, – деді 

облыс əкімі.

Тəуелсіздіктің 25 жылдық  мерекесі 

қарсаңында  ашылған  бұл  ғимараттың 

құрылысы 2011 жылы  түрлі  себептер-

ге  байланысты  тоқтаған  еді.  Бүгінде 

демеушілердің  қаржысы  есебінен  са-

лынып  біткен  емдеу  орны 300 адамды 

қабылдай  алады.  Бұған  дейін  қалалық 

туберкулезге қарсы ауруханада ем алған 

науқастарға  жаңа  орталықта  қажетті 

ем-дом  жүргізіледі.  Сондай-ақ,  онда 

əйелдер тігін тігіп, ерлердің ағаш өңдеп 

еңбек  қабілеттерін  қалыптастыруына 

мүмкіндік жасалған.

Айдана САЙДУЛЛА.

ТҰҒЫРЛЫ КЕЗЕҢДЕГІ ТОЛАЙЫМ ТАБЫСТАР



Басы 1-бетте

Қызылорда  қаласына  қарасты  Талсуат  ауылдық  округі  аумағында  жүйке  аурулары  интернаты 

пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс əкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Ұлттық экономика вице-

министрі Айдар  Əріпханов қатысты. 

жаңа емдеу орталығы

–  Алдағы  жылдан  бастап  қаланың  сол  жақ 

жағалауын кешенді түрде дамытуды, ірі құрылыс  ны-

сандарын салу ды  бастаймыз. Онда көлемі 1500 гек-

тардан астам жер дайындалып  отыр. Үлкен жобаны 

жүзеге асыру мақсатында облыстық штаб құрылды. 

Сыр  елінің  ежелден  астаналар  өңірі  болғандығын 

айрықша назарда ұстаған жөн. Сондықтан Сырдағы 

сəулеті  артқан  Сығанақ,  Шірік-Рабат  жəне  Жан-

кент  қалаларында  ерекшеленген  шығыстық  сəулет 

өнерінің  тамаша  туындылары  қайта  жаңғыруға 

лайық. Сол себепті жаңа қала сəулетінде шығыстық 

үлгіге  басымдық  берілетін  болады.  Бұл – келешек 

кемелденудің кілті, – деді облыс əкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, инвестициялық 

аймақта 11 тұрғын  аудан,  индустриалдық  аймақ 

жəне 3 ірі  парк  қарастырылып,  халықтың  сапа-

лы өмір сүруіне қажетті əлеуметтік нысандар, биз-

нес  орталықтары,  сауда   орындары  бой  көтеретін 

болады.   Олардың қатарында 46 балабақша, 23 мек-

теп,  университет  қалашығы, 2 көпсалалы  ауру-

хана,  қарттарға  арналған  пансионат,  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  арналған  интернат,  емхана-

лар,  күндізгі  стационарлар  мен  дəріханалар  бар. 

Сондай-ақ, үлкен əн аренасы, этнографиялық музей  

кешені,  Қорқыт  ата  интерактивті  музейі,  балалар 

шығармашылығы сарайы,   саз мектебі, цирк, драма 

театры,   стадион, «Құстар əлемі» оранжереясы мен 

Медиа орталығы, демалыс орындары орналасады. 

Ал,  онда  болашақта  жүз  мыңнан  астам  халық 

тұрады деп жоспарлануда.

Б.ЖАРЫЛҚАПҚЫЗЫ.

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА КӨПІР

–  Кейінгі  жылдары  облыс  орталығында 

құрылыс  қарқынды  жүргізіліп  келеді.  Соңғы 3 

жылда 11 шағын  аудан  бой  көтерсе,  биылдың 

өзінде 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізіліп 

жатыр.  Осылайша  тұрғын  үй  кезегінде  тұрған 

азаматтардың 28 пайызы  баспанаға  ие  бол-

ды.  Осы  орайда  құрыш  қол  құрылысшылардың 

еңбегін  ерекше  атап  өткім  келеді.  Ендеше, 

жаңадан бой көтерген шағын аудан баршамызға 

құтты  болсын!  Еліміз  өркендеп,  өсе  берсін, – 

деді облыс əкімі.

«Нұр  Орда»  шағын  ауданындағы  бұл  үйлер 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 

салынды. Бүгінде мұнда 20 тұрғын үйдің құрылысы 

жүргізілуде.  Оның 12-сі  «БəйтерекДевелопмент» 

АҚ, 8-і  «Қазақстанның  Тұрғын  Үй  Құрылыс 

Жинақ Банкі» АҚ арқылы салынуда.

Шара  барысында  көпқабатты  үйлердің  құры-

лысын жүргізген мердігер мекемелердің басшыла-

ры қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

жəне тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басышысы 

Ерлан  Бердібаевқа  символикалық  кілтті  табыста-

ды. Одан соң жас маман Айжан Қабаева баспана-

лы болған тұрғындар атынан облыс басшылығына 

алғысын жеткізді.

–  Бүгінде  сүйікті  қаламыз – Қызылорда  күн 

сайын  құлпырып,  жасарып  келеді.  Қазір  сырттан  

келген  қонақтарға  шаһарымызды  еш  ұялмай, 

мақтанышпен  көрсете  аламыз.  Сонымен  қатар, 

осындай шағын аудандардың көптеп ашылуы бас-

паналы  болуды  армандаған  отбасыларға  қуаныш 

сыйлайды.  Туған  қаламыз  тəуелсіздікпен  бірге 

түлеп, жайқала берсін, – деп лебізін білдірді. 

Сонымен 


бірге, 

ақын, 


ардагер-ұстаз 

Сəнімкүл  Желдербаева  мерейлі  мерекемен 

қатар  келген  қуанышты  өлең  жолдарымен 

жеткізді. Одан соң Қазалы аудандық ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Оразғали  Бекбанов  тілегін 

білдіріп, ақ батасын берді.



Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.   

Қызылорда қаласында Тəуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында «Нұр Орда» шағын 

ауданы   ашылды.  Онда 820 пəтерлі 16 көпқабатты  үй  пайдалануға  беріліп,  жерлестеріміз 

қуанышқа  кенелді.  Салтанатты  рəсімге  облыс  əкімі  Қырымбек  Көшербаев,  Ұлттық  экономика 

вице-министрі Айдар Əріпханов қатысып, баспаналы болған ағайынды құттықтады.

СЫР ОРДАСЫНДАҒЫ 

«НҰР ОРДА»

Басы 1-бетте

Айтулы күнде дүниеге келген



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

3            

¹97      16 ÆÅËÒÎҚÑÀÍ, 2016 ÆÛË

ÍÀÇÀÐ

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

НӘТИЖЕ

ҰБТ ЖАҢАЛЫҒЫ

Бүгінде  мұз  үстінде  өмі-

ріне 

қауіп 


төндірген 

аза-


маттар 

кездесіп 

қалады. 

Оның  ішінде  көбіне  балық 

аулауға  шыққандар  келеңсіз 

жағдайға  тап  болуда.  Мұның 

бəрі 

қарапайым 



қауіпсіздік 

ережелеріне  селқос  қарағаннан 

туындап отырған жайт. 

Осы  жəне  өзге  де  мəселелер 

жөнінде  облыстық  төтенше  жағ-

дайлар  департаментінің  тө тенше 

жағдайларды жою бө лімінің бас-

шысы  Б.Тұрманов  пен  ҚА  ІІМ 

ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр 

жедел  құт қару  жасағының  бас-

шысы Б.Ембергеновтің қатысуы-

мен 


өңірлік 

коммуникация-

лар  орталығында    баспасөз 

мəс лихаты өтті.

Қазіргі  кезде  келеңсіз  жағ-

дайлардың  басым  бөлігі  техни-

ка  қауіпсіздігіне  жіті  мəн  бермеу 

мен ауа райының қолайсыздығына 

қарамай  жолға  шығудан  болып 

отыр.  Бүгінде  осындай  балыққа 

кеткен  бірнеше  адам  іздестірілу 

үстінде.


–  Жолға  шыққан  азамат-

тар  жақындарына  қайда  бара-

тынын  айтып  кету  керек.  Көбісі 

отбасына  тек  балыққа  бараты-

нын  ғана  ескертеді.  Ал,  оның 

қандай  көлікпен,  қай  бағытқа 

шыққанын  ешкім  білмейді.  Бұл 

жағдай  біздің  жылдам  жұмыс 

істеуімізге 

қиындық 


тудыра-

ды.  Сондықтан  əрбір  жолаушы 

жүрген  бағытын  туысқандарына 

хабарлап  отырғаны  жөн, – дейді 

Б.Ембергенов. 

«Сақтансаң  сақтайды»  де-

мекші əрбір адам өз өміріне қауіп 

төндірмеуі қажет. Сонымен қатар, 

жолға  шыққан  жағдайда  төтенше 

жағдайлар  болмас  үшін  барлық 

сақтық  шараларын  орындаған 

абзал.  


Ақмарал 

ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

Жиында 


филиал 

төрағасының 

бірінші  орынбасары  Шəріп  Əбді-

рахманов үстіміздегі жылдың 11 айын-

да  партиялық  жобалар  мен  тұрғындар 

тарапынан  түскен  өтініштердің  жүзеге 

асуы  жөнінде  есеп  берді.  Партияның 

қоғамдық  қабылдауына 500-ден  аса 

арыз-шағым  түскен.  Басым  бөлігін 

əлеуметтік  мəселелер  қамтиды.  Яғни, 

көпшілікті  жер  телімін  алу,  тұрғын 

үй  кезегі,  жұмыссыздық,  денсаулық 

сақтау  саласына  қатысты  мəселе 

толғандырады. Өтініштердің 40 пайызы 

оң шешімін тапқан. Ал, өзге мəселелер 

бойынша оларға заңды кеңестер беріліп, 

сала 

мамандарымен 



тақырыптық 

қабылдау  өткізілген.  Сондай-ақ,  биыл 

жұртшылық  тарапынан  түскен  өті-

ніштер  саны  басым.  Бұл  өз  кезегінде 

азаматтардың  партияға  деген  сенімінің 

артқанын  білдірсе  керек.  Бүгінгі  таңда 

партия  филиалы 9 жоба  аясында 

тұрақты жұмыс жасайды. Оның ішінде 

«Мектепке жол», «Кедергісіз келешек» 

акциялары  негізінде  тұрмысы  төмен 

отбасындағы  балалар  мен  мүмкіндігі 

шектеулі  жандарға  көмек  көрсетуді 

қолға  алған.  Бұдан  өзге  ауыл  халқын 

жұмыспен  қамтуда    тұрғындарға 

«Даму» қоры арқылы жеңілдетілген не-

сие алып, кəсібін ашуға ықпал етуде. 

Сонымен 

қатар, 


брифингте 

партияның  облыстық  филиалының 

партиялық бақылау инспекторы Ерғазы 

Қожақов  «Нұрлы  жол»  мемлекеттік 

бағдарламасының  жүзеге  асу  жай-

ын  мəлімдеді.  Аталмыш  бағдарлама 

бойынша   өңірде 40 нысанның  құры-

лысын  жүргізу  жоспарланған.  Қазіргі 

таңда 

Қызылорда 



қаласындағы 

Титов   қыстағы  мен  Жаппасбай  ба-

тыр  көшесінің  бойынан  көпқабатты 14 

үй  салынуда.  Ондағы  құрылыстың  са-

пасына  облыстық  мəслихаттағы  «Нұр 

Отан»  партиясы  депутаттық  фрак-

циясы  жанынан  құрылған  комиссия 

бақылау  жасайды.  Маманның  айтуын-

ша,  құрылыс  нысандарын  тексеру  ба-

рысында бірқатар кемшіліктердің орын 

алғаны анықталған. Дегенмен, сапалық 

бақылаудың    нəтижесінде  бұл  түйткүл 

шешімін тапқан.

Айдана СЕЙІЛ.

Жиын 


барысында 

сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  саясатты  іске 

асырудың  бағыттары  турасында  ай-

тылды.  Сонымен  бірге,  оған  итер-

мелейтін 

жолдарды, 

жемқорлық 

жасауға 

итермелейтін 

əрекеттер 

мен  мəжбүрліктердің  алдын  алуды 

ұйымдастыру  бүгінгі  күннің  өзекті 

мəселесі.

–  Біздің  жерге  орналастыру  жəне 

жылжымайтын  мүлікті  техникалық 

тексеру 

саласындағы 

ең 

басты 


мақсатымыз – халықтың  сенімі  мен 

ықыласына ие болу. Өз жұмысымызда 

бұрмалаушылықтарға  жол  бермеуіміз 

керек.  Қазіргі  кезде  жер  туралы 

заңдылықтар 

қайтадан 

зерттеліп, 

алыпсатарлықтың  туындауына  жол 

беретін  осал  тұстар  анықталуда. 

Заңнамалар жыл сайын толықтырылып 

келеді, – деді Қ.Баймаханов.

Сонымен 


бірге, 

жемқорлыққа 

қатысты  өзге  елдің  тəжірибелері  мен 

заңдар  таныстырылды.  Жиын  бары-

сында  қызметкерлер  сауалдарын  жол-

дап, өз пікірлерін білдірді.



М.ҚҰРМАНƏЛІ.

«Денсаулық»  мемлекеттік  бағдарламасы 

аясында  осы  саланың  облыстық  іс-шаралар 

жоспары  бекітіліп,  оның 203-сі  орындалып, 

тұрғындар денсаулығының 28 индикаторына 

қол жеткізу керек.

Соңғы  үш  жыл  ішінде  республикалық 

жəне  облыстық  бюджет  есебінен 36 нысан 

пайдалануға  берілді.  Жалпы,  жыл  ішінде 

облыстық денсаулық сақтау саласында біраз 

жұмыс  атқарылды.  Бұл  жайында  аталмыш 

басқарма  басшысы  Ақмарал  Əлназарова 

өңірлік 

коммуникациялар 

қызметінде 

БАҚ  өкілдеріне  мəлімдеді.  Сондай-ақ, 

баспасөз  мəслихатына  облыстық  медици-

на орталығының директоры Сəбит Пазылов, 

жастар  денсаулық  сақтау  орталығының  ди-

ректоры Жанар Қалмақова қатысты. 

Аймақтың  демографиялық  ахуалынан 

бастасақ,  осы  уақытқа  дейін 17094 нəресте 

дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен 

салыстырғанда 516 балаға азайған. 

Сонымен  қатар,  мамандар  даярлауда 3 

жылдық  дамыту  жоспары  бекітілген.  Кадр-

ларды  оқыту,  қайта  даярлау  жəне  біліктілігін 

жетілдіру үшін 60 млн. теңге бөлінді. Қайта да-

ярлау курсынан 135 қажетті маман оқытылған. 

Соның нəтижесінде биыл неанотолог, травма-

толог, онколог мамандары сияқты өте қажетті 

кадрлардың тапшылығы жойылды. 

–  Медициналық  қызметтің  сапасы  əр 

тұрғын үшін жыл басында денсаулық ұйым-

дары  тарапынан  халық  санағы  бойынша 

үлкен  жұмыс  жүргізілді.  Оған  тіркелген 

азаматтар  саны 25760 адамға  көбейді. 

Осыған  байланысты  скринингтік  тексеру-

ден өтетін адам 10 мыңға көбейді. Сонда 10 

айдың  қорытындысы  бойынша  скрининг-

тексеруден  өтуге  жоспарланған  халықтың 

96,8  пайызы  тексерумен  қамтылып,  анық-

талған  аурулар  саны 7 пайызға  өсті, – деді 

басқарма басшысы Ақмарал Əлназарова. 

Оның айтуынша, Қазалы теміржол ауруха-

насында 15 орындық нейрореабилитациялық 

бөлімі  бар  ІІ  деңгейлі  инсульттық  орталық 

ашылған. Орталық Арал, Қазалы, Қармақшы 

аудандары  мен  Байқоңыр  қаласының  тұр-

ғындарына да қызмет көрсетіп келеді.  

–  Аймағымыздағы  барлық  медици-

на  ұйымдарында  науқастарды  қолдау  қыз-

меттері  құрылды.  Халыққа  қызмет  көрсету 

сапасын жоғарылату мен ұзын-сонар кезекті 

болдырмау  мақсатында  БМСК  ұйым да-

рындағы  тіркеу  бөлімінің  жұмысы  оңтай-

ландырылды.  Осы  жылдың  ақпан  айында 

алғаш  рет Emdeu.kz бірыңғай  ақпараттық 

платформасы құрылды. Оған қоса Call-центр 

қызметінің аясы кеңейе түсті. Оған бюджет-

тен 5 млн.  теңге  бөлінді.  Бұл  жүйе  интер-

нет,  телефонды  қолданып  қажетті  дəрігерге 

жазылуға  немесе  үйде  отырып-ақ  дəрігерді 

шақыруға мүмкіндік береді», – дейді Сырдың 

бас дəрігері.

Транспорттық  медицинаның  тиімділігі 

артқан.  Елді  мекендердегі  жергілікті  тұр-

ғын дарға  мамандандырылған  көмектің  қол-

жетімділігін  арттыру  мақсатында  транс-

портық  медицина  жұмысы  жанданған.  Осы 

кезге дейін 125 елді мекендерге жылжымалы 

медициналық  кешендер  шығып, 30 мыңнан 

астам халықты қамтыған. Нəтижесінде 6894 

науқас  анықталып, 5145 адам  сауықты. 

Сондай-ақ, қан айналымы ауруларын ерте са-

тысында анықтау жолға қойылды.

Айта  кету  керек,  биыл  облыста  оф-

тальмохирургиялық 

орталық 

ашылды. 


Жергілікті  бюджеттен 90 млн.  теңгеге 

жоғары  диагностикалық  құрал-жабдықтар 

сатып  алынды.  Бұл  өткен  жылмен 

салыстырғанда  жасалған  ота  санының 2 

есе өсуіне септігін тигізді. Сонымен қатар, 

офтальмологиялық  орталықта  алғаш  рет 

глаукомалық  кабинет  ашылып, 2000-нан 

астам науқас глаукомамен есепке алынып, 

дертіне шипасын алды. Осы жылдағы тағы 

бір ашылған нысан – Байқоныр қаласында 

облыстық медициналық орталықтың фили-

алы. Қазіргі кезде аталмыш орын жұмысын 

бастап кетті.

Ал,  келер  жылы  денсаулық  сақтау  сала-

сында  жаңадан 34 жалпы  дəрігерлік  аймақ 

ашу жоспарлануда. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет