Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі0,92 Mb.
#6110
1   2   3   4

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.

Осы мақсатта № 235 орта мектебінің кітапханасында  «Білімнің киелі бесігі 

– Ыбырай Алтынсарин» атты əдеби кеш ұйымдастырылды.

Кештің  жоғары    деңгейде    өтуіне  мектеп  ұстаздары    мен  6-7  сынып 

оқушылары  қатысты.  Оқушы    Шыңғыс  Бекарыс  Ыбырай  атасына  арнау 

өлеңін    шығарды.  Осы  поэзиялық    əдеби  кеште  тақырыпқа  сай  оқушылар 

ақын өлеңдерін мəнерлеп  оқыды.    Іс-шара барысында ағартушы ұстаз жайлы  

слайд,  бейнероликтер  ұсынылды.  Соған  қатысты  викториналық  сұрақтар 

қойылды. Сонымен қатар, оқушылар «Əке мен бала» атты сахналық  қойылым  

көрсетті. Əдеби кеш соңында  Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, ардагер – 

ұстаз Күлəш  Алматшаева оқушыларға  ұлы ағартушы, этнограф,  жайында  өз 

ойын ортаға салды.     



Р.ƏБДІКАРІМОВА, А.ТІЛЕУБАЕВА,

№ 235 орта мектеп кітапханашылары.

Турнирдің  ашылу  салтанатын-

да Жалағаш ауданы əкімінің орынба-

сары  Ж.Тажмаханов  журналистерді 

еліміздің 

мерейлі 


мерекесімен 

құттықтады.  Жарыста  бақ  сынаған 

9  команда  екі  топқа  бөлінді.  Бірінші 

топтағы  «Сыр  Медиа», «Сыр  бойы», 

«Меншікті тілшілер», «Жас тілшілер» 

жəне  «Жалағаш»  командалары  топ-

тан  шығар  мүмкіндік  үшін  таласты. 

Олардың  қай-қайсысы  да  осал  емес. 

Дегенмен, «Сыр  Медиа»  ұжымы 

барлық  ойында  жеңіске  жетіп,  тек 

«Сыр бойы» командасымен тең түсті. 

Осылайша,  топтан  бірінші  орын-

мен  шықты.  Сонымен  бірге, «Жас 

тілшілер»  де  қажетті  ұпайға  қол 

жеткізіп, жартылай финалдың жолда-

масына ие болды.

Келесі 

топтағы 


«Қазақстан-

Қызыл орда», «Қоғам  ТВ», «Жаңа-

қорған» жəне «Баспасөз» командала-

ры  арасындағы  тартыста  облыстық 

жəне  қалалық  телеарна  жігіттері 

келесі  айналымға  шықты.  Осылайша 

жартылай финалда кездесетін жұптар 

белгілі болды.

Алдымен  «Сыр  Медиа»  мен 

«Қазақстан-Қызылорда» 

командала-

ры  жолықты.  Бұл  финалға  бергісіз 

ойын  болды.  Облыстық  телеарна 

аяқдопшылары 1:0 есебімен  басым 

түсіп жатқан еді. Соңғы сəттерге дейін 

қарсыластар  шабуылдаумен  болды. 

Ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда 

сырмедиалықтар  қарсылас  қақпасына 

қатарынан екі гол соғып, финал жолда-

масына қол созды. Ал, екінші жолдама 

«Жас  тілшілерді»  жеңген  «Қоғам  ТВ» 

командасына бұйырды.

Ақтық  кездесу  тартысты  ойын-

мен елдің есінде қалды. «Сыр Медиа» 

бұл жолы да сыр берген жоқ. Коман-

да  жігіттері  шеберліктерін  паш  етті. 

Алаңның  əр  шебінде  мықтылығын 

дəлелдеді.  Ойын 5:2 есебімен  «Сыр 

Медианың» басымдығымен аяқталды. 

Ал, үшінші орын үшін тартыста «Жас 

тілшілер» «Қазақстан-Қызылорда» 

командасын орта жолда қалдырды.

Жарыс  соңында  жүлдегерлерге 

сый-сияпаттар  көрсетіліп,  арнайы 

дипломдармен  марапатталды.  Со-

нымен  бірге, «Үздік  шабуылшы», 

«Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» 

номинацияларының 

иегерлеріне 

қаржылай сыйлықтар табыс етілді.



М.ҚҰРМАНƏЛІ.

Тəуелсіздіктің 25 жылдығына 

орай Жалағаш ауданы əкімінің 

кубогін сарапқа салған 

БАҚ өкілдері кіші футболдан 

сайысқа түсті. Осымен екінші рет 

ұйымдастырылып отырған доп 

додасына биыл 

9 команда қатысты.

ЖАЛА АШТА Ы 

ЖАЛА АШТА Ы 

ЖУРНАЛИСТЕР 

ЖУРНАЛИСТЕР 

Б СЕКЕСІ

Б СЕКЕСІ

БАҒЫТ

Қазақ    даласында    тұңғыш  мектеп  ашып,  балалардың  сауаты-

на  жол  салған  тұңғыш  ағартушы-ұстаз,  ғалым,  ақын,  жазушы  Ыбырай 

Алтынсариннің туғанына биыл 175 жыл толды.

БІЛІМНІҢ КИЕЛІ БЕСІГІ

Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Жас 

Ұлан» ұйымының 5 жылдық мерекесіне орай 

Қызылордада  «Ұланымыз  Ұлы  елдің»  ІY 

облыстық  слеті өтті. Аталмыш шара облыстық 

ішкі  саясат  жəне  білім  басқармаларының  

қолдауымен ұйымдастырылды.

ДЕРТКЕ ДАУА 

Ақ сүттен жасалған адам ағзасына пайдасы мол айранның түрлі дертке дауа екенін бірі білсе, бірі білмес. 

Бұл өнімді медицинада «жедел жəрдем ас» деп те атап жатады. Себебі, бұл өнім ағзаны тазартып ғана қоймай, 

өзіне тəн дəрумендерімен емдік қасиетке ие.

ҰЛЫ ДАЛА ҰЛАНДАРЫ



ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ

«Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай, қыстың басы бірі ерте, біреуі жəй» демекші көзді ашып-жұмғанша қылышын сүйреп қыс 

та келді. Ызғар жел ысқырып соққанымен сыр бермей жата беретін Сыр өңірінің сайын даласына биыл ақ ұлпа қар жылдағыдан 

ерте түсті. Десек те, есте жүретіндей аяз, ызғырық əлі бастала қойған жоқ.

ҚÛÐÁÀÑÒÛҢ ҚÛÇÛËÛ

ҚÛÐÁÀÑÒÛҢ ҚÛÇÛËÛ

Кеш  республикаға  белгілі  ақын 

Мұхамеджан 

Нұрхановтың 

сөзі не 


жазылған  сазгер  Базарбай  Өтепбаевтың 

«Атамекен ордасы» əнімен ашылды. Бұл 

əн кезінде Кеңес Одағы тараған соң өмірге 

келген  «Атамекен»  бағдарламасының  əн 

ұраны болған еді. Сондай-ақ, оны Қытай 

еліндегі  қазақтар  хормен  орындады,  əн 

қытай тіліне аударылды.

Бұл  туралы  профессор  Мұхаммед-

Рақым  Құрсабаев  баяндап, «Атаме-

кен»  бағдарламасының  заман  тала-

бына  сай  жасалғанын  мағлұм  етті. 

Іс  шара  барысында  Б.Өтепбаевтың 

М.Нұрхановтың    сөзіне  жазылған 

«Мұнайлы 

Құмкөлім», «Құралай», 

«Сағыныш  сазы», «Бүлдіршіндер  əні» 

тағы  басқа  шығармалары  орындала-

ды.  Əнші-сазгердің  шығармашылығы 

туралы  жергілікті  ақын,  шежіреші 

Қаржаубай 

Рейімбайұлы 

əңгімелеп, 

арнау  жырын  оқып  берді.  Бұдан 

соң  «Арман  тұлпарлары»  Жаңаөзен 

ұлттық  ат  спорты  түрлері  федерация-

сы  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы 

О.Құлбеков  еңбек  ардагері  Аманқара 

Əуезов, қызылордалық Ортай Тəжекеев, 

жаңаөзендік бір топ өнер жанашырлары 

кеш иесіне жылы лебіздерін білдірді.

Əнші,  сазгер,  мұнайшы,  Базарбай  

Өтепбаевқа  «Өзенмұнайгаз»  Акцио-

нерлік  қоғамының  бас  директоры 

Д.Хасеновтің  құттықтау  хаты  табыс 

етілді.  Бұдан  соң  ақын  М.Нұрханов 

«Батыр  атқа  мінгендей, «Жаңаөзенге 

хат» атты  өлеңдерін оқып берді.

Əл-СОЗАҚИ,

Жаңаөзен қаласы.  

Тəуелсіздік бағым,

Егемендік арым,

Бостандық жаным,

Азаттық қаным,

Жаса, Қазақстаным!

Байрағым қыраным,

Елтаңба тұмарым 

,

Елдігім Ұраным,

Туған жер жұмағым,

Жаса, Қазақстаным!

Мұң еді теңдігім,

Еркінмін мен бүгін.

Тəуелсіз қазақпын,

Демеймін шерлімін,

Жаса, Қазақстаным!

Тəуелсіздік көз жасым,

Жамандық болмасын,

Бақ-дəулет орнасын,

Бір Алла қолдасын,

Жаса, Қазақстаным!

Сен барда Отаным,

Биікпін, шат жаным,

төккен ақ таңым,

Бақытты шақтамын,

Жаса, Тəуелсіздігім!

Кенжалы ЕРІМБЕТОВ

Жаса, Қазақстаным!

Олардың  қатарында  «Елімнің  бақытын  тер-

беткен – Тəуелсіздік»  атауымен  мəнерлеп 

оқу,  «Нұрлы  жол – болашаққа  бастар  жол» 

тақырыбында  ғылыми  жобалар  сайысы, «Жасай 

бер, Қазақстан, шарықта!» патриоттық кеші, мек-

теп  түлектері    А.Зайчиков  жəне  Е.Ломановпен 

кездесу, «Анам,  əкем  жəне  мен»  отбасылық-

спорттық сайысы, «25 жылдық құрдастары»  атты 

мерекелік  кеш  жəне  өзге  де  игі  іс-шаралар  осы 

жоспар негізінде өткізілуде.

Тəуелсіздігімізді  дəріптеп,  Алаш  абыройын  

асқақтатқан  Елбасының    кісілік  келбетін,  ерен 

еңбегін  өскелең  ұрпаққа  паш  ету  мақсатын 

көздеген  салтанатты  жиындар  барысында  мек-

теп-лицейдің  ата-аналармен  қарым-қатынасы  

да  басты  назарда  болды.  Олар  өткізілген  түрлі 

сайыстар  мен  семинарларға,  кездесулер  мен 

мерекелік  кештерге  қатысып,  мектеп-лицейдің 

алғыс  хаттарымен  марапатталды.  Ата-анасының 

қамқорлығынсыз 

қалған 

жəне 


мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  қамқорлық  көрсетілді. «Нұр 

Отан»  партиясының  арнайы  өкілдері  мектеп 

ұстаздары  мен  оқушыларын  айтулы  мерекемен 

құттықтады.

–  Оқушылардың  бойына  патриоттық  тəр-

биені  сіңіру – біздің  басты  міндет.  Себебі,  олар 

тəуелсіздіктің баянды болуына жауапты, тəуелсіз 

елдің  ертеңі  екенін  сезініп  өсулері  қажет. 

Сондықтан  мұндай  іс-шаралар  мектебімізде 

бұдан  кейін  де  өз  жалғасын  табатын  болады, – 

дейді мектеп-лицей директоры Алтын Ізбасова.



Үміт ЕСЕНДІКОВА,

№5 И.В.Панфилов атындағы 

мектеп-лицей мұғалімі.

Қаладағы  №5  И.В.Панфилов  атындағы 

мектеп-лицейде «Ұлы дала елі – Тəуелсіздіктің  

25 негізі» деген ортақ тақырыпта 25 күн бойы 

жұлдызды шара ұйымдастырылды. 

ЕЛІМНІҢ 


БАҚЫТЫН 

ТЕРБЕТКЕН

Бұрынғы Сырдария ауданындағы əуез мектебінде көп жыл баян аспабынан дəріс бер-

ген сазгер Базарбай Өтепбаевтың Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» 

мəдениет үйінде шығармашылық кешi өтті. Оған «Өзенмұнайгаз» мекемесінің жұмысшы-

қызметкерлері, өнер сүйер қауым қатысты.



МҰНАЙШЫ – САЗГЕРДІҢ ӘН  КЕШІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет