Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата08.01.2017
өлшемі9,81 Mb.
#1415
  1   2   3   4

апталығы

Аялаймын сені, Қызылорда!

тамыз


сенбі

23

№48 (1064)

2014 жыл

Газет 


1994 жылдан 

бастап шығады



•       Қызылорда қалалық газеті        

E-mail: akmeshit.kz@mail.ru

«Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ  банкі» 

бүгінгі  күні  кредит  беру  рəсімдері  мен  шарттарын 

жеңілдету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр, деп 

хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

Қазіргі  уақытта  «Қазақстанның  тұрғын  үй  құрылыс 

жинақ  банкі»  кредиттеу  бойынша  жаңа  саясат  жүргізуде. 

Банк кредит беру рəсімдері мен шарттарын жеңілдетіп отыр. 

«Біз  ипотекалық  компаниялар  мен  банктермен 

өнімдер  бойынша  бəсекелеспейміз.  Біздің  өзіміздің 

белгілі  бір  өнімдеріміз  бар,  олар  ипотекалық  кредитпен 

салыстырғанда  əлдеқайда  арзан.  Сондықтан  уақытында 

«тұрғын  үй  құрылыс  жинақ»  жүйесі  енгізілді,  ол 

шығыстарды  оңтайландырып,  жоспарлауға  мүмкіндік 

береді. 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ!

Құрметті қала тұрғындары! 

Қалалық  «Ақмешіт  апталығы»  газетінің  редакция-

сы  «Сұрақ  сізден,  жауап  бізден»  атты  тікелей  желі  ша-

расын  ұйымдастырады.  Аталмыш  шараға  қаладағы 

барлық  деңгейдегі  бөлім  басшылары  кезең-кезеңімен 

қатыстырылады.  Тиісті  құзырлы  мекеменің  басшысына 

өзіңізді толғандырып жүрген көкейдегі сұрақтарыңызды 

қойып, оған толық жауап ала аласыздар. 

Қызылорда  қалалық  сəулет  жəне  қала  құрылысы 

бөлімінің  басшысы  Пакуатдин  Шамұратовпен  болатын 

тікелей  желі  шарасы  осы  аптаның  бейсенбісінде,  яғни 

28-тамыз сағат 10.00-12.00 аралығында өтетіндігін хабарлай-

мыз.  Ол  Қызылорда  қаласындағы  сəулет  құрылыс  саласына 

қатысты барлық сауалдарыңызға жауап беретін болады.  

Ол  үшін  Сіздерге 8 (7242) 40-11-10 телефоны  мен 

интернеттегі akmeshit.kz@mail.ru электронды  адресі  қызмет 

көрсетеді. 

26  тамызда  Ұлыбританияның  Лондон  қаласында 

Қазақстанның  Бейбітшілік  жəне  келісім  орталығының 

ашылу  салтанаты  өтеді.  Орталықтың  ашылуы - 

этносаралық  толеранттық  жəне  қоғамдық  келісімнің 

қазақстандық моделін таны туға, мемлекетаралық қарым-

қатынастарды  нығай туға,  саяси,  сауда-экономикалық 

жəне  білім  беру,  мəдени  ынтымақтастықтың  басым 

секторларында 

екіжақты 

қарым-қатынасты 

кеңейтуге  бағытталған.  Ашылу  салтанатына 

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  Төрағасының 

орынбасары - Хатшылық  меңгерушісі  Ера-

лы  Тоғжанов  жəне  екіжақты  ынтымақтастық 

туралы   келісімдер  шеңберінде  қарым-қатынас 

жүргізетін компания өкілдері қатысады.

4-бетте

«Сырдария» 

лагері – балалар 

үшін таптырмас 

жазғы демалыста 

тынығу орны 

болып саналады. 

Жасыл желектің 

ортасында 

орналасқан 

тынығу 

лагерінде 

биыл 1050 бала 

демалған. 

Қазір  еліміздің  түпір-түкпірінде  екі  айлық  «Мектепке  жол» 

акциясы өткізіліп жатыр. Бұл науқан өңірімізде де сипат алуда. 

Қайырымдылық шараға жергілікті басшылар мен кəсіпкерлер та-

рапы демеушілік танытып, қолдан келгенше көмек қолын созуда. 

Соның бірі, осы аптада қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінде 

жалғасын тапты.

Аталмыш шара  Ж.Махамбетов атындағы ауылдың мəдениет 

үйінде  өтті.  Оған  қала  əкімінің  орынбасары  Роза  Боханова  мен 

қалалық білім бөлімінің басшысы Марат Аралбаев қатысты. 

Шара барысында қала əкімінің орынбасары Роза Аяғанқызы 

сөз сөйлеп, алдымен ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму-

ына оң бағасын берді. Ауыл тұрғындарын еліміздің келе жатқан 

қос  мерекесі  Конс титуция  жəне  білім  күнімен  құттықтады. 

Содан  соң,  ол  мектеп  табалдырығын  енді  аттағалы  отырған 

балаларға  мектеп  формасы  мен  сөмкелер  табыс  етті.  Бұл  ша-

рада  ауылдағы  №262, 143 мектеп  бойынша  барлығы 104 бала 

қамқорлықты  сезінді.  Балаларға  ерекше  қуаныш  сыйлап,  ата-

анасының алғысына бөленіп отырғандар жергілікті жердің жеке 

кəсіпкерлері. Ауыл азаматтарының бұл ісіне тұрғындар да риза 

болып, өз алғыстарын жеткізді.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев халыққа арнаған əрбір Жолдауында  

елдің əлеуметтік жағдайын басты мəселеге қойып келеді. Оған 

қоса,  қоғамдағы  көмекке  мұқтаж  жандарға  əрдайым  қолдау 

білдіріп,  жанашырлық  танытуға  шақырады. «Мектепке  жол» 

акциясының  негізгі  мақсаты  да  осы.  Əлеуметтік  жағынан 

аз  қамтылған  жəне  көп  балалы   отбасынан  шыққан  мектеп 

оқушылары  мен  сондай-ақ,  ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған балаларды оқу  құралдарымен қамтып, қолдау білдіру 

болып табылады. Қыркүйек айының соңына дейін, облыс бой-

ынша 7 мыңдай бала оқу - құралдарымен қамтылуы тиіс. 

Ғанибеті мол бұл игі шара жалғасын одан əрі таба бермек.    



Айнұр МАМАНҚЫЗЫ.

Êәñіïêåðëåð қàìқîð áîëûï äåìåãåí,

Қàíäàé áàқûò áàëàëàðäû åëåãåí

Бүгін  «Сыр  Медиа»  ЖШС  жанындағы  ко-

муникация  орталығында  облыстық  ішкі  сая-

сат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов 

айшықты  мерекенің  аймақта  қалай  аталып 

өтетіні туралы кеңінен əңгімеледі. 

28 тамызда Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 

Студенттер  сарайында  облыстық  ішкі  саясат 

басқармасының  ұйымдастыруымен  «Мəңгілік 

ел  идеясы:  Жаңа  Қазақстанның  тұғырнамасы» 

атты  ғылыми-тəжірбиелік  конференция, 29 та-

мызда Н. Бекежанов атындағы драма театрын-

да  «Конституция – Тəуелсіздік  тірегі»  атты 

мерекелік  шара  өткізіледі.  Сондай-ақ 30 та-

мызда  «Тұңғыш  Президент»  саябағынан 

орталық  алаңға  дейін  жалғасатын  велошеру 

ұйымдастырылып,  аталған  шара  «Денсаулық 

керуені» 

акциясының 

қорытындысымен 

жал ғасын  таппақ.  Мереке  күні  қала  аралық 

қоғамдық көліктерде таңғы 9-дан бастап «Тегін 

қоғамдық көлік» акциясы өтеді. 

Сонымен  қатар,  биылғы  мерекелік  шара-

ның  бір  ерекшелігі  қалаға  қарасты  кент  жəне 

ауылдық округ əкімдері облыс орталығындағы 

мөлтек  аудандар  мен  базарларда  халыққа 

жоғары мерекелік көңіл-күй ұсыну мақсатында 

жалпы  халықтық  мəдени-көпшілік  шараларын 

тарту етпек. 

Сондай-ақ,  мерекеге  орай,  қалада  бірқатар 

əлеуметтік  нысандар  пайдалануға  беріледі  деп 

күтілуде. Түркістан көшесіндегі 1200 орындық 

мектеп, Қызылжарма ауылындағы  280 орындық 

балабақша 

мен 


дəрігерлік 

амбулатория  

пайдалануға берілмек.

Аталмыш  іс-шара  кешке  орталық 

алаңда  мерекелік  концерттік  бағдарламаға 

ұласып,  көпшілік  серуенмен  жалғасын  та-

бады.

А.ОЛЖАБАЙ.



«Сырдария» лагері – шаттық мекені

30 тамыз - ҚР Конституциясы күніне орай Қызылорда қаласы 

көлемінде өткізілетін мəдени-көпшілік шаралардың 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

БРИФИНГ

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНДЕ 

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ БОЛМАҚ

Конституция 

күнінде 

Қызылорданың 

ірі сауда 

орындарында 

жаппай 

сатылымдар, 

орталық базарда 

азық-түлік 

жəрмеңкесі 

өтеді. 

Қызылорда 

қалалық 

жұ-


мыспен  қамту  жəне  əлеу меттік 

бағдарламалар бөлімі  мен қалалық 

«Нұр 

Отан»  


пар тиясының  

ұйымдас тыруы мен  қаладағы  №5 

мектеп  ли цейінде  бос  жұмыс 

орындары  жəрмеңкесі  өтті.  Оған 

жиналған халықтың қарасы да көп 

болды.  Басым  көпшілігі  əрине, 

жастар.  

Жыл  басынан  бері  ай  сайын 

өткізіліп  отырған  жəрмеңкеде 48 

жұмыс  берушіден 330 бос  жұмыс 

орны  ұсынылды.  Мұнда  негізінен 

қазіргі таңда сұранысқа ие есепші, 

инженер-сметашы, 

құрылысшы, 

жүйе  электригі,  дəнекерлеуші, 

аспазшы, көлік жүргізушісі сияқты 

жұмысшыларды  іріктеуге  баса 

назар  аударылды. 

Жəрмеңкеге  жұмыс  іздеп  келген 

жастардың бірі — Фариза  Жүсіпова. 

Ол осыдан 6 жыл бұрын М.Мəметова 

атындағы гуманитарлық колледжінің 

ағыл   шын  пəнінің  мұғалімі  ма ман-

дығын  оқыған.  Колледжде  алған 

орта  білімін  Семей  қаласындағы 

пединститутта  жалғастырған. Бірақ, 

əлі  күнге  дейін  өз  саласы  бойын-

ша  жұмыс  істеп  көрмепті. – Бос 

жұмыс  орындарымен  танысып, 

тиісті  құжаттарымды  тапсырдым. 

Енді,   осы  бос  жұмыс  орындары 

жəрмеңкесі  арқылы  жұмысқа  орна-

лассам, – дейді Фариза.

Осы  уақытқа  дейін  бөлі мнің 

ықпалымен  екі  жарымға  жуық 

жас тар  жұмысқа  ор наласқан.  Бұл 

бағыттағы  шаралар  əлі  де  жалғаса 

бермек.  Сондықтан,  бос  жұмыс 

орны  жəрмеңкесі  жұмыссыздарға 

ыңғайлы  жұ мыс  табуға  ал,  жұмыс 

беру шілерге 

жұмыс 


орнын 

маман   кадрлармен  жабдықтауға 

мүмкіндік туғызатыны сөзсіз.

Айнұр МАМАНҚЫЗЫ.

ÆÀÑÒÀР


æұìûñïåí қàìòûëäû

Халықты 

жұмыспен қамту, ел 

арасында жайлаған 

жұмыссыздықты 

шектеу бүгінгі күннің 

басты мəселесі. 

Осыған сəйкес 

мемлекет тарапынан 

жастарды жұмыспен 

қамту мақсатында 

түрлі бағдарламалар 

қабылданып, өз жемісін 

беруде. Мемлекеттік 

бағдарламалар 

игілігінен екі қолға бір 

жұмыс тапқандар саны 

өсуде. Бірақ, əлі де болса 

жұмыссыздық жайы 

түпкілікті шешілмей 

келе жатқаны да 

жасырын емес. 

Бұл 1971-1972 жылдары  болған  оқиға.  Ол  кезде 

Сырдария,   Шиелі  аудандарының  шопандары  Қызыл 

құмды жайлайды.

Малшыларды Қызылға жайлатудың да өзіндік себептері 

бар.  Бос  жатқан  құм  өлкесін  Өзбекстан  алуға  талпын-

ды.  Сондықтан  малшыларды  Қызылға  шығару  жөнінде 

Қызылқұмды игеру деген арнайы үкімет саясаты болды.

Àíäà äîñòûң 

àæàëû


3-бетте

ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

¹48    23 ÒÀÌÛÇ, 2014 ÆÛË

ӘËÅÓÌÅÒ

2

ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ

Қызылорда облысында бағаны тұрақ тан дыру 

бағытында шаралар қабылдау үшін биыл облыстық 

бюджеттен 200 млн.  теңге  бөлінді.  Қазіргі  күні 

ұн,  күріш,  қант  сатып  алынып,  тұтынушыларға 

базардікінен төмен бағамен сатылуда. 

Бұл  бағыттағы  жұмыстармен  аймағы-

мызда  «Байқоңыр»  əлеуметтік  кəсіпкерлік 

корпорациясы  айналысады.  Азық-түліктер 

тұрақтандыру қорынан 12 əлеуметтік дүкенге 

жөнелтіледі. Биыл қор 8,5 мың тонна өніммен, 

оның  ішінде 2 мың  тонна  картоп,  осынша 

көлемдегі пияз, мың тонна сəбіз, қант, күріш, 

макарон,  күнбағыс  майы,  шəй  жəне  тұзбен 

толығатын болады.

Париж  қаласында  саудиялық  ханзада  кортежіне  қарулы  шабуыл  жа-

салды. 250 мың  евроны  қолды  қылған  тонаушылар  Сауд  Арабиясы 

елшілігіне  тиесілі  темір  тұлпардың  жүргізушісі  мен  ішіндегі  адамдарын 

кепілдікке ала кеткен, деп хабарлайды Muslim.kz. Шабуыл қала сыртын-

да болған. Елшілік ордасынан шыққан ханзада кортежі Париж шаһарының 

солтүстігіндегі Бурже əуежайына бара жатқан болатын. Көлікке шабуыл 

жасаған қарақшылар бірнешеу болған жəне барлығы да мұздай қаруланған.

Қарақшылар  қолына  қомақты  қаржымен 

қатар,  дипломатиялық  мəтіндегі  құжаттар  мен 

ханзаданың  жеке  заттары  да  түскен  көрінеді. 

Қарақшылар 

кейінірек 

кепілдікке 

алған 

тұтқындарды босатып, іздерін суытып үлгерген.



Тəртіп  сақшылары  тонауға  ұшыраған 

саудиялық ханзада есімін жасырын ұстап отыр.

Сұрақ сізден, 

жауап бізден

Басқарма  басшысының  мə-

лімдеуінше,  өңіріміздегі  барлық 

мектептер жаңа оқу жылына дай-

ын.  Осы  кезге  дейін  қала  бой-

ынша  апаттық  жағдайда  тұрған 

15  мектепке  қайта  жаңарту 

жұмыстары  жүргізіліп,  күрделі 

жөндеуден  өткен.  Оған  қоса, 

мектеп  оқушылары  оқулықтан 

тапшылық 

көрмейтін 

бола-


ды.  Себебі,  биыл  білім  беру 

мекемелерінің 98 пайызы 

оқулықпен  толық  қамтылып 

отыр. 


«Биылғы  оқу  жылының  бас-

ты  ерекшелігі  білім  беретін 

мектептердің  жаңа  оқу  стан-

дартына  сəйкес 2 сыныптан 

бас тап  ағылшын  тілін, 6-шы 

сыныптағыларға 

информати-

ка  пəнін  оқыту  іске  асырыла-

тын  болады.  Осыған  байла-

нысты барлық білім ұйымдарына 

қажетті мамандар мен оқулықтар 

алынды.  Оған  қоса,  бастауыш 

сыныпта  оқитын  оқушыларды 

ыстық  тамақпен  қамту,  мектеп-

ке  тасымалдауды  қажет  ететін 

елді  мекендер  үшін  көліктер  де 

қаралып отыр», – деді облыстық 

білім  басқармасының  басшысы 

Наурызбай Байқадамов. 

Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА. 

Өткен  апта-

да  өңіріміздегі 

бірқатар 

май  

құю 


бекет те-

рінде    «тек  та-

лонмен  

бері-


ле ді» 

деген  


тақ тайша 

іліп 


қой са,  енді  бі-

рінде 


үлкен 

сұ ранысқа 

ие 

АИ-92 


марка-

лы  бензин  əлі 

күнге дейін жоқ. 

Мұндай 


жағ-

дайда  көз  ашық 

жұрт шылықтың  бұ қаралық  ақпаратқа  алды-

мен  хабарласатын дықтары  белгілі.  Осыған 

орай көпшіліктің алаңдаған көңілін басу үшін, 

бізде  облыс  бойынша  табиғи  монополиялар-

ды  реттеу  бас қармасының  басшысы  Нұрлан 

Пірімовпен хабарласқан болатынбыз: Ол біздің 

сұрауымызға  төмендегіше 

жауап  берген  болатын:  

АИ-80, 92 мен  дизель 

отынының  бағасы  мемле-

кет  тарапынан  реттеледі. 

Ал баға өзгерген жоқ, АИ-

80 89 теңге, 92 мен дизель 

отыны 115 теңге.  Жанар-

май  стансаларында  тиісті 

қор  бар.  Жалпы,  бензин  

бағасының  өзгеруіне  қа-

тысты  ештеңе  айта  алмай-

мын, - деді  басқарма  бас-

шысы.


Мұнан 

соң 


істің 

анық-қанығын  біле  түсу 

мақсатында  біз  облыс 

бойынша 


монополияға 

қарсы  инс пекция  басшысының  орынба-

сары  Ерқасым  Сүлейменовке  жолықтық. 

Ол  істің  мəн-жайын   былай  түсіндірді:  - 

 

Бізде  жағармай  бола  тұра,  негізсіз  саудаға 



шығармаған  АЗС  иелері  заң  алдында   жауап   

береді.  Жалпы  мұндай  деректер  болды. 

Бүгінде  кінəлілер  айыппұлдарын  төледі. 

Біз  алдағы  уақытта  бұл  жағдайды  қатаң 

бақылауда ұстаймыз. Енді  осы жерде  ескер-

те  кетейін,  негізсіз  бензинді  босатпау – 

заңға қайшылық тудырады, - деді инспекция 

басшысының орынбасары.

Еліміздегі 

статистикалық 

мəліметтерге 

сүйенер болсақ, бізде жыл сайын көлік саны ар-

туда  екен.  Яғни,  бұл  тиісінше  жанармайға  де-

ген  сұранысты  да  арттыра  түседі  деген  сөз. 

Кейбіреулер  мұнайы  бар  елде  бензин  тиын 

тұруы  тиіс  деп  топшылайды,  бірақ  олай  емес. 

Тұтынушылар  көбейген  сайын,  сұранымда  арта 

түсетінін білген жөн. 



Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

Рауан Аманова, Тасбөгет кенті,  С. Майқанова 

көшесі тұрғыны:

– Саламатсыз ба, Марат Жайылханұлы?Менің 

қоятын  сұрағым,  қалада  мектеп  оқушыларын 

арнайы  ұлттық  бірыңғай  тестілеуден  өткізетін 

оқу  орталығы  бар  ма?  Ол  ақылы  негізде 

құрылған ба?

–  Рауан,  сұрағыңызды  толық  түсіндім.  Біздің 

қалаға қарасты мектеп оқушыларын арнайы ұлттық 

бірыңғай  тестілеуден  өткізетін  оқу  орталығы  жоқ. 

Республикалық  тестілеу  орталығының  жергілікті 

филиалдары Болашақ жəне Қорқыт ата мемлекеттік 

университетінің  №5  оқу  ғимаратында  орналасқан. 

Олар ақылы негізде жұмыс жасайды. 



Феруза  Əбілдаева,  Шұғыла  мөлтек  ауданы 

тұрғыны:

– Жаңа оқу жылы басталуға санаулы күндер 

қалды. Білім ошақтарындағы күрделі ағымдағы 

жөндеу  жұмыстары  қалай  жүруде ? Қала 

мектептері балаларды қабылдауға дайын ба?

–  Үстіміздегі  жылы  жергілікті  бюджет 

қаржысына 12 білім  ошақтарына  күрделі  жөндеу 

жүргізілді.  Оған  жергілікті  бюджеттен 241500,0 

мың  теңге  қаралды.  Сонымен  қатар, «Жұмыспен 

қамту-2020  жол  картасы»  бағдарламасы  аясын-

да  бөлінген  қаражатқа  да  бірнеше  мектептер  мен  

балабақша  жөндеуден  өтті.  Жалпы  қазіргі  біздің 

қадағалауымыз  бойынша  қаладағы  білім  нысанда-

ры жаңа оқу жылына толық дайын.



Бибайша  Рысқұлова,  Ақмешіт  шағын 

ауданы  тұрғыны:

– Менің балам №136 Т. Жүргенов атындағы 

орта мектепке барады. Жөндеу жұмыстары қай 

кезде аяқталады?

–  Жоғарыда  осы  мəселе  төңірегінде  жалпыла-

ма  сипаттама  беріп  өткенмін.  Сіздің  сұрағыңызға 

келетін  болсам,  Т.  Жүргенов  атындағы  №136  мек-

теп  ғимаратын  жөндеуге  республикалық  бюд-

жеттен 109993 мың  теңге  қаражат  қаралған  бола-

тын.  Мектеп   үйі  жаңа  оқу  жылында  оқушыларды 

қабылдауға толық дайын болады. 



Рахат  Алпысбаева,  Қорқыт  ата  көшесі 

тұрғыны: 

–  Мектептердегі  балаларға  ыстық  тамақ 

беру  мəселесі  биылғы  оқу  жылында  қалай 

шешілмек?

–  Қазіргі  таңда  қала  мектептерінде 1-4 сы-

ныптарда 19722 оқушы  оқиды. 2014 жылдан 

бас тап 2-сынып  оқушыларына  толық  ыстық 

тамақ  берілуде.  Алдағы  уақытта 3-4 сынып 

оқушыларын да ыстық тамақпен қамту мəселесін 

де    шешу  үшін  қаржы  бөлініп,  сұраныс  жасалу-

да.  Келесі  оқу  жылында 1 сыныптан 4 сыныпқа 

дейінгі  мектеп  оқушыларына  түгелімен  ыстық 

тамақ берілетін болады.   

 Қызылжарма ауылы тұрғындары атынан:

–Біздің балаларымыз №144 мектепте оқиды. 

Ортада  үлкен  жолдан  өту  балаларымыз  үшін 

қиынға  соғуда.  Ол  жерге  ешбір  жол  белгісі 

қойылмаған.  Біз  соған  алаңдаймыз.  Сіз  осы 

мəселе төңірегінде не дейсіз?

–  Балалардың  жол  қауіпсіздігіне  барлық  та-

раптардан  қадағалау  шаралары  жүруде.  Қала 

мектептеріндегі балалар өтетін жерге жол белгілері 

міндетті  түрде  қойылады.  Сіздердің  талап-

тілектеріңіз орындалатын болады.



Назгүл  Төлепова,  КБИ  шағын  ауданы 

тұрғыны;

–  Биылғы  оқу  жылындағы  оқулықтар 

мəселесі  қалай  шешілмек?Осы  жайлы  толық 

ақпарат берсеңіз.

– 2014-2015 оқу  жылында  жалпы  білім  беру 

ұйымдарын  оқулықпен  қамтамасыз  ету  үшін 

жергілікті  бюджеттен  қомақты  қаржы  бөлініп, 

кітап  баспаларымен  келісімшарт  жасалды.  Жаңа 

оқу  жылында   балалар  оқулықтармен 91 пайыз  

қамтамасыз  етіледі  деп  жоспарлануда.  Тағы  бір 

еске  сала  кететін  мəселе, 3-сынып  «Атамұра», 

2-сыныптың  Ағылшын  тілі  пəні  оқулығы  «Алма-

ты»  кітап, 6-сынып  Информатика  «Арман  ПВ» 

баспасының оқулығымен оқитын болады.   

Роман  Құланбайұлы,  Ақмешіт  шағын  ауда-

ны тұрғыны:

–  Жалпы  қалада,  қалаға  қарасты  ауылдық 

округтерде апатты мектептер əлі де бар ма?

–  Қалада  атап  айтарлық 2 мектеп  бар.  Оның 

біреуі Тасбөгет кентіндегі №172 мектептің орнына  

келер  жылы 300 орындық  мектеп  салынады  деп 

жоспарлануда.  КБИ  шағын  ауданындағы  мектеп 

типтік  мектепке  лайықталып  салынбаған.  Осыған 

сəйкес аталған шағын ауданда 900 орындық мектеп 

ғимараты  осы  жылдың  аяғына  дейін  пайдалануға 

берілмек.  Сонымен  қатар,  қала  орталығындағы 

Ипподром  ықшам ауданынан 900 орындық мектеп 

салынуда. Белкөл кентінде де 100 оқушыға арналған 

мектеп үйі бой көтеріп, 2015 жылы ашылмақ. 



Бибігүл  Əбдіқалықова,  Жұлдыз  көшесі 

тұрғыны:

– Биылғы жаңа оқу жылында мектеп құрал-

жабдықтарын,  арнайы  киім  үлгісін  алуға 

қаржысы  жеткіліксіз,  тұрмысы  төмен,  көп  ба-

лалы,  жетім,  жартылай  жетім  отбасыларына 

қандай көмек беру қарастырылуда?

–  Өздеріңіз  күнделікті  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  арқылы  хабардар  болсаңыздар, 1 та-

мыз бен 1 қыркүйек аралығында дəстүрге айналған 

«Мектепке 

жол» 


қайырымдылық 

акциясы 


республикалық  шеңберде  өтуде.  Қазірде  аталмыш 

акция  игілігімен 500-ден  астам  отбасына  көмек 

көрсетілді.  Акция 1 қыркүйекке  дейін  жалғасатын 

болады.  Нəтижесінде,  мектепке  қажетті  киімдер 

мен  оқу  құрал-жабдықтарына  мұқтаж 7 мыңнан 

астам оқушыға жəрдем берілетін болады.   



Көшербай  Меңлібаев,  Гагарин  қыстағы 

тұрғыны:

– Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі 

жандарға арнайы білім беретін мектеп бар ма?

–  Қалада  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға 

арналған  мектеп  жоқ.  №264  мектеп-лицей  жаны-

нан  «кедергісіз  мектеп»  жобасы  аясында  экспери-

мент үшін осындай мектеп ашылмақ. Бұл мақсатқа 

27 млн. қаржы бөлінді. 



Мира  Қайнарбаева,  Панфилов  көшесі 

тұрғыны:

–  Мен  тігіншімін.  Бірақ  ұлттық  құнды-

лықтарды  қатты  бағалаймын.  Мектептегі 

оқушылардың  киім  үлгісіне  неге  ұлттық 

нақышты енгізбеске. Елжандылық, патриоттық 

сезімді  ояту  үшін  меніңше,  мектепке  киетін 

арнайы   киімде    де  қазақ  ұлтының  нақышы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет