Аптаның алғашқы күні оқушылар демалыстан келгеннен кейін сабақ барысында қайталау жұмыстары жүргізілді. Жетекшім сабақты бастамас бұрын, өткен тақырыпқа байланысты «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұрақтар қойды



Дата09.02.2022
өлшемі14,38 Kb.
#25105
түріСабақ
Байланысты:
8, 9,10 қараша


08.11.2021

Аптаның алғашқы күні оқушылар демалыстан келгеннен кейін сабақ барысында қайталау жұмыстары жүргізілді. Жетекшім сабақты бастамас бұрын, өткен тақырыпқа байланысты «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы сұрақтар қойды. Бұл әдістің кемшілігі оқушылардың барлығы дерлік қамтылмай қалуы мүмкін.Одан кейін оқушылар «Аялдама» әдісі бойынша тарау тақырыптарынан есте қалған 1 тезистен жазып шықты. Бұл әдістердің тиімділігі уақыттың үнемділігі мен оқушылардың топпен, жұппен жұмыс атқара алуында.Тапсырмалардың негізінде оқушылардың жауаптары өткен тақырыптардың естерінде жақсы қалғандығын ддәлелдеді.



09.11.2021

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің бірлестігі жетекшілік еткен апталыққа байланысты жетекшіммен бірге әр түрлі тақырыптарға байланысты тапсырмалар әзірледік. Бұл күні «Ұяшық», викториналар әдісі арқылы оқушыларға тапсырмалар ұсынуды жөн көрдік.Аталған әдіс бойынша оқушылар интерактивті тақтадан ұяшықты таңдап ішіндегі сұраққа жауап беруі қажет. Бұл тапсырма бірнеше кезеңнен құрастырылды. Әдістің тиімділігі ұпай жинау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар оқушылар топқа бөлініп тапсырманы орындай алады.Ал тиімсіздеу жағы топтық жұмыс кезінде біршама уақытты алуы мүмкін.



10.11.2021

Жетекшімнің нұсқаулығы бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес қысқа мерзімді жоспар құрастырдық. Қысқа мерзімді жоспар құрастыру барысында өзімнің кемшіліктерімді түзей отырып, білімімді толықтырдым. Тақырыпқа байланысты әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар жасадық.Сонымен қатар сабақ барысында оқушылардың деңгейлеріне байланысты әр түрлі «деңгейлік тапсырмалар» ойластырдық. Бұл тапсырмалардың тиімділігі үлгерімі нашар оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа барлық балалардың қатысуын қамти алады. Сабақ барысында оқушылар дескрипторларға сүйене отырып тапсырмаларды орындап бір-біріне қорытынды талдау жасап, бағалай алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет