Қара металлургия ауыр өнеркҽсіптің маңызды бір саласы болып табылады, әсіресе ол машина жасау кешенінің негізгі шикізат базасы жэне құрылыс индустриясына қажетті конструкциялық материалдар шығарумен айналысатын сала. Бұл саланың негізгі өндіретін өнімі - шойын мен болат шаруашылықтың жекелеген салаларының бҽрінде қолданысқа ие, осы өнімдерге деген сұраныс жалпы металдарға деген сұраныстың басым бөлігін канағаттандырады.
Қара металдар бұл негізінен темірдің кҿмегімен қоспасы, мұнда сонымен бірге ҽр түрлі элементтер: кремний, марганец, фосфор, күкірт кездеседі. Бұл металдардың қасиеті олардың құрамындағы кҿміртегінің мҿлшеріне тікелей байланысты, егер темірдің құрамындағы кҿміртегінің мҿлшері 2% тҿңірегінде болса ол болатқа, ал 2-6% болса, шойынға жатқызылады . химиялық таза темір жұмсақ болуы себепті жҽне оларды таза күйінде бҿліп алудың қиындығы іс жүзінде оның қолданыст болмайтындығының негізгі себебі болып табылады.
Домна пеші 5-10 жылға дейін үздіксіз істейді, сонан кейін күрделі жөндеу ге тұрады, оны тым кысқа уақытқа да тоқтатуга болмайды. Домна Өндірісі Шойын алу Өндірісінің негізгі қондырғысы - биіктігі 40 м. асатын орташа көлемі 1300-1700 м3 құрайтын домна пеші болып табылады. Кейінгі кезде биіктігі - 100 метрден көлемі 3000 м3 -ден асатын пештер де қолданысқа еніп жатыр. Оның сырты болатпен қапталып, іші отқа төзімді материалдармен әрленеді. Пештің мынадай негізгі бөліктері ажыратылады: пештің Өңеші (колошник), шахта, қызу аймағы (распар), иықтығы (заплечики) жэне шойындық (горн).