Қарақалпақ филологиясы факультетi тү р к I ф и л о л о г и я с ы



жүктеу 0.75 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата05.02.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 

БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ 

МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI 

 

 



 

 

ҚАРАҚАЛПАҚ  ФИЛОЛОГИЯСЫ  ФАКУЛЬТЕТI 



ТҮ Р К I   Ф И Л О Л О Г И Я С Ы 

К А Ф Е Д Р А С Ы 

 

 



 

 

 



Л Е К С И К О Л О Г И Я 

пəнінен  лекция текстері 

 

 



                      Дайындаған:   оқытушы Г. Адилова 

 

 



 

 

 

 

 

 

Н Ө К I С  

 

 

2



КУРСТЫН  МАҚСАТЫ МЕН ОБЬЕКТІСІ. 

СӨЗ ЖƏНЕ  ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ 

 

 



 

Ж О С П А Р Ы: 

1. Лексикологияның зерттеу обьектісі 

2. Лексикологияның тараулары 

 

3. Сөздің пайда болуы  



4. Сөз жəне оның белгілері 

 

 



Тірек  сөздер:  Бір  тілде  қанша  сөз  болса,  солардың  тұтас  жиынтығы 

тіл  білімінде  лексика  деп  аталады,  грекше  lеxіkоs  сөздік  деген  сөзден 

алынған, 

лексикологияның 

салалары 

семасиология, 

этимология,            

фразеология, лексикография т.б.  

 

 

Лексика - көне  гректің  lеxіkоs /сөздік/  деген  сөзі.  Лексика  деген  сөз  жер 



жүзіндегі    халықтар  тілінің  көпшілігінде  термин  болып  қалыптасқан.  Біздің 

тілімізге    ол  орыс  тілі  арқылы  келіп  орнықты.  Бұл  термин  бір  тілдегі  барлық 

сөздердің  жинағы  деген  ұғымды  білдіреді.  Осы  лексика  деген    терминнің 

ұғымына  тілдің  жергілікті    ерекшелігі  де,  сол  бір  тілдің  говорлары  да, 

диалектілері де енеді. Кейде бұл термин жазушының немес жеке шығарманың   

тілі яки ғылымның бір саласының тілі деген  мағынада да қолданылады. Мұның 

сөздік құрам деген ұғымның мағынасы мен жақын болуы мен қатар, одан гөрі 

өзгешерек,  өзіне  тəн  ерекшелігі  де  бар.  Өйткені  лексика  сөздік  құрам  мен 

негізгі  сөздік  қорды  түгел  қамтиды.  Бірақ  олардың  арасындағы 

айырмашылықтарын  ажыратпайды.  Лексиканың  құрамына  енген  сөздерді 

тексеретін-  лексикология,  мағыналарын  тексеретін-  семасиология,  шыққан 


 

 

3



төркінін  тексеретін-этмология,  сөздік  жасау,  сөздерді  жүйелі  түрде  жинау  ісі 

тексеретін лексикография кіреді. Бұған фразеологияда іргелесіп отырады.  

Лексикология  тілдегі  барлық  сөздердің  жиынтығын,  сөз  байлығын 

зерттейді,  тілдің  негізгі  сөздік  құрамының  келелі  мəселелерін  түп-түгел 

қамтып,  оны  егжей-тегжей  түсіндіруді    мақсат  етеді.  Сөзді  саралап  тексеріп, 

олардың  ішкі  заңдылықтарын,  сыртқы  көріністеріндегі  ерекшеліктерін 

қарастырады,  яғни  сөздік  екі  тұрғыдан  алып  қарастырады.  Олар  ішкі  мағына 

мен  сыртқы  дыбыс.  Бұлардың  бірінсіз-бірі  қолданылмайтыны  жəне  өзара 

ерекшеліктері жөнінде кейін айтылады.  

Сөз    баста  күнделікті  қоғам  өмірінің  қажетінің  салдарына  пайда  болған. 

Мұны  Ф.Энгельс:  Адамдардың  біріне-бірінің  бірдеме  айтуы  керек  болды. 

Сондықтан маймылдардың сөйлеуге ыңғайланбаған тамағы бірте-бірте дамып, 

ауыз  ішіндегі  мүшелер  айырым  дыбыстарды  бірінің  артынан  бірін  айтуға 

үйренеді,-  дейді.  Онан  əрі  қарай  сөз  бірті-бірте  дами  береді.  Бұл  арада 

ескертетін  мəселе,  сөздің  шығуы  мен  жеке  тілдердің  шығуын  бір-бірімен  

шатастыруға  болмайды.  Өйткені  сөздің  шығуы  адамның  адам  болуы  мен  бай-

ланысты бір миллион жылдар шамасында деп топшыланады. Бұл шама мен ай-

тылса  да,  толып  жатқан  математикалық  есептер,  материалдық  мəдениеттің 

қазба  мұралары,  адам  анатомиясының  эволюциясы  т.б.  ғылыми  дəлелдерге 

негізделген.  

Адамның адам болуы да  ойлауы мен сөздің болуына. Егер  ойлау мен сөз 

болмаса, адам айуаннан бөлініп шықпас та еді. Ендеше, сөз тым ерте кезде пай-

да болған. Алайда қай жердегі адамдардың тілі бұрын, қайсысы соң шыққаны 

бізге  белгісіз.  Сондықтан  алғашқы  кезде  барлық  материкте  адамдар  болып, 

барлығының  тілі  бір  кезде  əр  жерде,  əртүрлі  болып  жасалды  ма,  болмаса  бір 

жердегі  адамдар  дүние-жүзіне  таранып,  əуелдегі  бір  тіл  жергілікті  жағдайға 

қарай, əр қилы болып кетті ме

?  Бұл сұрауға нақты жауап беруге нақтылы факт 

жоқ  болғандықтан,  əр  бір  ғалым  өзінше  жорамалдайды.  Соның  бірі 

Р.А.Будагов, мүмкін адам баласы  географиялық жағдайға байланысты белгілі 



 

 

4



бір  кең  атырапта  болып,  соңынан  басқа  жерлерге  тараған  болар  деген  пікірді 

қолдайды.  Бұл  пікірдің  екі  жағы  бар.  Алдымен,  адам  баласының  хайуанат 

дүниесінен  бөлініп  шығуына  географиялық  ортаның  əсері  тиді.  Олардың  өмір 

сүруіне  қолайлы  жағдай  қажет  болды дегені    дұрыс.  Ал,  бір  жердегі  адамдар  

басқа  материктерге  тараған  деген    пікрге  күмəнданамыз.  Өйткені  техниканың 

жоқ кезінде, басқа материкке қалай өтедіҰ  Тегінде адам баласының хайуанат 

дүниесінен  бөлініп,  адам  болып  шығуы  бір  жерде  ғана  болмай  ілігерінді - 

кейінді əр жерде болуы да ықтимал. Айталық Азия, Африка, Европа бұл үш ма-

терикте  өзара    қатынас  болған  шығар  десек,  Австралия  мен  Америкаға 

халықтар басқа жерден көшіп барды деу де өте қиын.  

Сөз  дыбыстардан  құралады.  Бірақ  дыбыс  болған  жердің  бəрі  сөз  болып 

қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстарға ғана  құрайтыны  жоғарыда 

айтылды.  Фонемалық  дыбыстар  да  қалай  болса  солай  тіркесіп  сөз  құрай 

бермейді. Мысалы, тал десек, сөз болады, ал лат десек сөз болмайды. Сөз  бен 

дыбыстың  арасында заңды бірлік бар. Ол заңдылық бұзылса,екеуі де тұрақты 

қалыптан  айрылып  қалады.  Бұл  заңдылық  дəстүрлік  принципке  сүйенеді.  Сөз 

бен дыбыстың бірлігі мынада:  

1. Сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ.  

2. Дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс - сөздің материалы.  

Дыбыс - тілдің материалдық қабығы, оның көрінісі. Бірақ тілдегі сөйлеудің 

ең  кіші  бөлшегі  сөз  болып  табылатынын  естен  шығармау  керек.  Өйткені 

мағына  сөйлемнен,  сөз  тіркесімен,  олардың  ең  кішкентай  бөлшегі - сөзбен 

беріледі. Ал, дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң, мейлі күрделі болсын мағынаға 

ие  бола  алмайды.  Бірақ  сөздің  мағынасын  ажыратуға  құрал  болады,  сөз  бен 

оның дыбысталуы да бір-бірімен тығыз бірлікте. Өйткені  тілге  тəн дыбыстар  

арқылы  тəртіпсіз құрғақ дыбысталу сөз бола алмайды. Сөз болу үшін лексика 

құрылымынан  сай  болу  керек.  Соныңмен  қатар  дыбысталусыз  сөз  болуы  да 

мүмкін емес. Мысалы, бас деген сөзді алсақ, бір тілдің көлемінде сөздің дыбы-

сталу да мағынасы да бір-біріне сай болғандықтан бұл сөз заңды құбылыс бо-


 

 

5



лып саналады. Бұл сөзді, керісінше саб деп айтсақ ешбір мағына жоқ, əлдеқалай 

айтыла  салған  жүйессіз  дыбыстар  тобы  болар  еді.  Өйткені    сөз  обьективтік  

ақиқаттың  бейнесі  болғанының  өзінде  заттың  тікелей  қатынасы  емес,  ойлау 

арқылы    сөзбен    байланысады.  Ал  сөз  жүйессіз,  қалай  болса  солай  айтыла 

салған  дыбыстардың  топталуы    емес,  белгілі  дəст  үр  бойынша  дыбысталған 

ұғым мазмұны  мағынамен шеңберлеген болады. Сондықтан саб  дегенде, ды-

бысталу барда, сөздік мағына жоқ. Сөздік мағына жоқ болса, сөзде жоқ, ойлау-

да жоқ.  

Сөз болған жерде мағына  болуы - табиғи нəрсе. Біз қандай сөзге болсын 

мəн, мағына  беріп, белгілі мазмұнда айтамыз. Сөз мағынамен  тығыз байланы-

сты. Сондықтан сөз мағынаның тірегі. Сөзсіз мағына жоқ. Бірақ бұдан  сөз бен  

мағына  екеуі  бір  нəрсе  деп  қарауға  болмайды.  Өйткені  тілде  кейбір  сөздер 

мағынасын  жоғалтқан    сонда  да  олар    мағынасыз  сөз  болып  өмір  сүре  береді. 

Мысалыға  шылауларды  алайық.  Дейін,  шейін,  дегендер  сөз.  Бірақ  нақты 

мағыналары  осы күнде жоғалып, шылау болып қалған. Күн сайын келем, сол  

үшін келдім, соған бола  келдім, келген сол ғой, суға қарай беттеді, тауға таман 

беттеді.  Осы  мысалдардағы  сайын,  үшін,  бола,  ғой,  қарай,  таман  дегендер 

сөздер.  Ал  олардың  жеке  тұрғанда  ешбір  мағынасы  жоқ.  Ол  сөздердің  дыбы-

сталуы,  сыртқы  дыбыстық    формасы  ғана    сақталған,  ішкі  мағына  ажыраған. 

Немесе құлап қала жаздады деген сөйлемді алайық. Осында үш сөз бар. Мұнда 

сөз  дегенді    сыртқы  дыбысталу  заңдылығына    мəн  бергендіктен  айтамыз. 

Əйтпесе,  алғашқы  екеуі  толық  сөз  болса  да,  соңғы  жаздады  дегенді    шартты 

түрде ғана  сөз дей аламыз. Өйткені жеке тұрып мағына береді деу  қиын. Оны 

тек  қоя  жаздады,  қала  жаздады  т.б.  сияқты  тіркес  күйінде  ғана  қолданамыз. 

Бұлар сөздің сыртқы дыбысталуының сақталып, ішкі мағынасының өзгеруі. Ал, 

осының керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де 

жай болады. Мысалы, лақ деген сөздің бастапқы түрі оғұллақ болған. Ол бірте-

бірте мына сияқты өзгеріске түскен.  



 

 

6



1. Оғұл-лақ, 2. Оғұ-лақ, 3. Оғы-лақ,  4. Оғ-лақ, 5. Олақ, 6. Ұ-лақ, 7. Ы-лақ,  

8. Лақ. 


Сөйтіп  түбір  жойылған  да,  бұрынғы  түбірдегі  мағына  жұрнаққа  ауысып, 

жұрнақ сақталып қалған.  

Сөйтіп сөз бен мағынаның өзара ерекшеліктері бар. Яғни мағына мен сөз 

бір емес. Сондықтан сөз болған жердің бəрінде мағына болуы табиғи заң болса, 

кейде онан ауытқып, мағынасы аңғарылмайтын сөздер де болады деп түсінеміз. 

Сұрақтар мен тапсырмалар: 

   1.Лексикология пəнінің зерттеу обьектісі не?  

  2.Лексикологияның негізгі салалары қандай?  

  3.Тарихи лексикологияның зерттеу обьектісі не? 

  4.Тіл білімінің лексикологиямен шектес салалары       қайсылар? 

  5.Сөз дегеніміз не? 

  6.Сөздің негізгі белгілері қандай? 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР: 

1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы. 1993ж. 

2.Ə.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен 

фразеологиясы. Алматы. Cанат.1997. 

3.Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Алматы 1988ж. 

4.  Кеңесбаев  І.,  Мусабаев  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика,  Фонетика. 

1995ж. 


4.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы. 1992ж. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

7



СӨЗ  ЖƏНЕ   ОНЫҢ   МАҒЫНАЛАРЫ. СЕМАСИОЛОГИЯ 

                       

Ж О С П А Р Ы:  

 

1.Сөз жəне мағына туралы. 

2.Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері.  

 

а) Сөздің атауыш мағынасы. 



ə). Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық   

мағыналары. 

б) Сөздердің тіркесу сипатына қарай туған лексикалық  

мағыналары. 

в)Синтаксистік шартты мағына. 

4.Сөздің ауыс мағыналары. 

5.Семасиология жəне оның заңдары 

 

Тірек  сөздер:  Сөз  лексикалық  единица,  сөздің  бəрі  дыбыстан  жасалады, 

дыбыссыз  сөз  жоқ,  қазақ  тіліндегі  сөздің  негізгі  мағыналары  лексикалық 

мағына,  грамматкиалық  мағына,  сөздің  атауыш  мағынасы,  фразеологиялық 

байлаулы  мағына,  синтаксистік  шартты  мағына  т.б. cөздің  ауыспалы 

мағыналары метафора, метонимия,синекдоха,табу,эвфемизм т.б. 

Cөздің  ішкі  семантикалық    байланысы  оның  мағынасы  мен  ұғымының 

арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, əрекет жайында түсінік, 

ұғым  пайда  болғаннан  кейін  қалыптасады.  Егер  белгілі  бір  зат  туралы 

ұғымымыз  болмаса,  оның  мағынасын  да  білмейміз.  Ұғым  бар  жерде  мағына 

бар.  Демек,  ұғымның  болуы  сөз  мағынасының  ең  маңызды  шарты  болып        

табылады.Сөз  мағынасының  екі  түрі  бар:лексикалық  мағына  жəне 

грамматиаклық  мағына.  Сөздің  лексикалық  мағынасы  лексикологияда 

зерттеледі.  В  В  Виноградовтың  анықтамасы  бойынша  сөздің  лексикалық 

мағынасы  дегеніміз - «тілдің  грамматикалық  заңдарына  сай  тұлғаланған,оның 

сөздігіне тəн жалпы семанткиалық жүйесінің  элементі болып табылатын сөздің 


 

 

8



заттық,  материалдық  мазмұны».  Сөздің  лексикалық  мағынасы  зат,  құбылыс,     

іс-əрекеттің  санада  бейнеленіп  тұрақталған  ұғымның  мазмұнын  қамтиды. 

Лексикалық мағына-сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, 

ол  арқылы  жеке  сөз  даралық  қасиетке  ие  болады.  Лексикалық  мағына  зат, 

құбылыс, əрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті 

əр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол-сөздің басқа мағыналарының 

тууына  негіз  болады,  сондықтан  сөз  мағыналарын  саралағанда  ең  алдымен 

оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. 

Сөз  мағынасынан  əрбір  тілдің    өзіндік  ерекшелігі,  өзіндік  бояуы  айқын 

көрінеді.  Мысалы,  сарай  қазақ  тілінде  əсем  де,  салтанатты  ғимарат,  зəулім 

құрылыс,  үй  мағынасын  білдірсе,  ал  түркі  тілдерінен  ауысқан  сарай  орыс 

тілінде бұған керісінше əр түрлі шаруашылық заттарын сақтайтын қора немесе 

жайсыз үлкен үй мағынасында айтылады. 

Ал  сөздің  грамматикалық  мағынасы  дегеніміз  грамматикалық  амал-

тəсілдер  арқылы  туатын,  сөздің  бірыңғай  топтары  мен  сөз  тұлғаларына, 

синтаксистік құрылымдарға тəн, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық 

мағына  сөздің  лексикалық  мағынасы  негізінде  туады,  бұл  екеуінің  арасында 

тығыз  байланыс  бар.  Лексикалық  мағынамен  жарыса  қолданылып,  оны 

айқындап,  саралап  отырады.  Əдетте  сөздің  бірнеше  грамматикалық  мағынасы 

болады. 


1950  жылдардың  орта  тұсынан  бастап  тіл  білімінде  сөз  мағыналарын 

топтастырудың  академик  В.В.Виноградов  ұсынған  классификация  кеңінен 

қолданылады. Ол сөз мағыналарын үш типке бөліп қарастырады: 1) тура немес 

номинативті мағына, 2)фразеологиялық мағына, 3)синтакситік  шартты мағына. 

В.  В.  Виноградовтың  сөз  мағыналары  жəне  оларды  топтастрыу 

принциптері туралы пікірі қазақ тіл білімінде қолдау тауып отырды. 

Əр  түрлі  лексика-грамматикалық  сипатта  көрінетін  қазақ  сөздерінің 

лексикалық мағыналары да əр қилы болып келеді. Олар шындық өмірдегі зат-

тар  мен  құбылыстарды  білдіруі  жағынан,  тарихи  пайда  болуы  жағынан  жəне 


 

 

9



бір-бірімен  өзара  байланысы  жағынан  бірдей  емес.  Сөздердің  лексикалық 

мағыналарының  төменде  талданатын  типтері  осы  белгілеріне  қарай 

анықталады. 

1.Сөздің атауыш мағынасы. Ол тура мағына деп та аталады. Лексикалық 

мағынаның бұл түрі  сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға, 

олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты пайда болған. Сөздің затты 

не құбылысты атап көрсететін мағынасы атауыш мағына деп аталады. Атауыш 

мағына  əр  заттың  өз  алдына  дербес  мағынасы  болып  табылады,  сол  арқылы 

заттарды  бір-бірінен  ажырата  аламыз  мысалы~  тау,  тас,  өзен,  көл,  боран,  жел 

деген  заттық  ұғымдар  мен  жеке-жеке  аталып,  бірден  атауыштық  мағынаға  ие 

болыр  тұр.  Сөздің  атауыш  мағынасы  заттар  мен  құбылыстарға  жанама  түрде 

емес,  тікелей  бағытталатындықтан  тура  мағына  деп  аталады.Сөздің  тура 

мағынасы  деген  ұғымға  заттар  мен  құбылыстардың  ауыс  я  басқадай  туынды 

қосымша мағыналары кірмейді. 

2.Сөздердің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. 

Оларға сөздің түпкі мағынасы жəне туынды мағынасы, омонимдік, синонимдік 

жəне  антонимдік  мағыналары  жатады.  Түпкі  мағына  деп  тілдің  қазіргі  қалпы 

тұрғысынан  қарағанда  бөлшектенбей  түбір  ретінде  танылатын,  дербес 

сөздердің  мағынасын  айтамыз.  Түпкі  мағыналардың  пайда  болу  себебі  көп 

жағдайда белгісіз болып келеді, өйткені түпкі мағынада туынды мағынадағыдай 

басқа бір мағынаның əсері, қатысы сезілмейді, ол «өз бетінше»  туған мағына 

ретінде танылады. Мысалы, от, су, күн, түн, таң, жылқы, мағына, өзен, көк, қара 

сияқты сөздердің осы күнгі мағыналары  тарихи қалай қалыптасқанын қазір дəл 

басып  айту  қиын.  Олардың  шыққан  тегі  туралы  кейбір  деректер  ғылыми  бол-

жам түрінде этимологиялық ізденістерде кездеседі. 

Туынды мағына түпкі  мағынадай емес, басқа бір мағынаның  қатысымен 

туған, пайда болу себебін түсіндіруге  болатын, сөздің кейінгі мағынасы болып 

табылады.  Туынды  мағына    əдетте  сөзжасам  тəсілдерімен  байланысты  

қарастырылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасымен  байланы-



 

 

10



сын  үзбейді.  Мысалы:  түбір  қон    сөзінің    лексикалық    түпкі  мағынасы  қонақ, 

қоныс,  қонақтау,  қонақуар,  қонаға,  қоналқа,  қондырғы  сөздерінің  туынды 

мағыналарында  қашанда сезіліп тұрады. Туынды мағынаның қашанда тікелей  

түпкі  мағынадан  туып  отыруы  шарт  емес.  Түбір  сөздің    тіпкі  мағынасынан  

өрбіген туынды мағыналардың  өздерінен де туынды мағыналар жасалып оты-

рады. Мысалы, жоғарыдағы  қонақ, қоныс сөздері тікелей қон түбірінен жасал-

са,  ал  басқалары  одан  тікелей  туып  тұрған  жоқ  одан  туған  туынды  сөздерден 

жасалып тұр. 



3.Сөздердің  тіркесу  сипатына  байланысты  туған  лексикалық 

мағыналары. 

Олардың    сөздердің  еркін  жəне  байлаулы  мағыналары  жатады.  Сөздің 



еркін мағынасы оның атауыш мағынасының негізінде пайда болады. Сөз тек 

атауыш  мағынада  қолданыла  бермейді.  Егер  олай  болса,  сөз  өзінің  бастапқы 

атауыш  мағынаны  білдіруімен  шектелер  еді.Атауыш  мағынадағы  сөздердің 

басқа  сөздермен  тіркесімділігі    кең  болған  жағдайда  туатын    мағынасы  еркін 

мағынасы деп аталады. Мысалы: жас сын есімі жас мал, жас адам,жас ағаш, жас 

иіс, жас ет т.б.үлкен сөзі үлкен үй,  үлкен адам, үлкен кітап, үлкен сөз, үлкен 

қылмыс т. б. тіркестерде еркін мағынада қолданылып тұр. 

Фразеологиялық байлаулы мағына.  

Сөздің  белгілі  ғана    сөздермен  тіркесуі  арқылы  ,яғни  фразеологиялық 

тіркестерде  берілетін  лексикалық  мағынасы.  Фразеологиялық  байлаулы 

мағынада  сөз  кез  келген  сөзбен  емес,  санамалы  арнаулы  сөздермен  ғана  

тіркесіп  қолданылады.  Мысалы,  қысыр  деген  сөз  төлдемейтін  бойдақ  деген 

өзінің тура мағынасында қысыр бие,қысыр сиыр деген сөздермен еркін тіркесе 

береді.  Ал  қысыр  сөз  деген  тұрақты  тіркестің  құрымындағы  қысыр  деген  сөз 

бос,  мəнсіз  деген  мағынаны  білдіріп  фразеологиялық  байлаулы  мағынада 

қолданылып  тұр.Оның  байлаулы  мағынасы  тек  сөз  деген  сөзбен  тіркескенде 

ғана айқындалады. 



 

 

 

11



Синтаксистік шартты мағына

Сөздер  сөйлеу  үстінде,  сөйлем  ішінде,  контексте  қолданылу  жүйесіне 

қарай  əдеттегіден  тыс  басқадай  ерекше  үстеме  мағына  жамап  алуы  ықтимал. 

Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы 

синтаксистік  шартты  мағына  деп  аталады.  Мысалы:Жəрмеңке  жастық  уақыт 

өтіп кетіп, Бұл күнде тоқталып тұр сол базарым. Атйып-айтпай немене Исатай-

ды  өлтіріп,  серкесінен  айрылып,  Сергелдең  болған  біздің  ел.  Осындағы 

жəрмеңке, базар деген сөздер өзінің тура мағынасында емес, белгілі контексте 

қолданылып,  қызық,  думан  мағынасында  айтылып  тұр.  Серке  тартылған  ешкі 

мағынасында емес, қолбасшы, жетекші деген мағынада жұмсалған. Сөйтіп олар 

əр  түрлі  экспрессивтік-эмоциялық  мəн  тудырып  тұр.  Бұл  сияқты  ауыспалы 

тиянақсыз 

мағыналар 

белгілі 


контексте 

сөйлем 


ішінде 

көрінетін 

болғандықтан,синткасистік шартты мағына деп аталады. 

Метафора.  Сыртқы  не  ішкі  белгілеріндегі  ұқсастыққа  қарап,бір  зат 

атауының  басқа  бір  затқа  атауболуына  байланысты  сөз  мағынасының  ауысуы 

метафора деп аталады. Мағына ауысуының бұл тəсілінің негізінде  ұқсату заңы 

жатыр. Метафора қолдану сипатына қарай негізінде  екі түрге бөлінеді: тілдік 

метафора , поэтикалық  метафора. 

Тілдік  метафора  сөзге  жаңа  мағына  қосып,  оның  семантикалық  шеңберін 

кеңейтіп əрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тілдік метафора тəсілі бойынша  

ұқсату  заңына  сүйеніп,  қазақ  тілінде  көп  мағыналы  сөздер  шыққан.  Мəселен, 

аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың  

жүру-тұру  қызметін  атқаратын  мүшесі  деп  түсінеміз.  Мұнан  кейін  үстел  мен 

орындық  тəрізді  жансыз  заттардың  тіреуішін  де  аяқ  деп  ұқсатып  айтқан.  Бас 

пен  аяқтың  бірі  жоғары  бірі  төмен  келуіне  қарай  (ауылдың  басынан 

кіріп,аяғынан  бір-ақ  шықтым)  дегендегі  үшінші  мағынасы  пайда  болған. 

Поэтикалық  метафора  ойды  əсерлі,  əрі  айқын  етіп  жеткізу  үшін  қажет. 

Метафораның  бұл  түрі  көркем  шығармада  кездеседі.  Мысалы:  Алтын  дəн 

аялаған кең алқапта, жер кемес-комбаин гүрілдейді. 



 

 

12



Метонимия.  Өзара  іргелестігі,  шектестігі  нəтижесінде  бір  зат  атауының 

басқа  бір  затқа  атау  болуына  байланысты  туатын  ауыс  мағынасы  метонимия 

деп аталады.  

Метонимия  мынадай  іргелестік,  шектестіктер  негізінде  тууы  мүмкін: 

а)Қимыл, əрекет пен оның нəтижесінің шектестігі: Мысалы, бояу, егеу, сайлау, 

жайлау,  жабу, ою сияқты сөздер əрі қимыл атаулары, əрі зат атаулары болып,  

екі  жақты  қызмет  атқарады.  Бұлар  алдымен  іс-əрекет  атауы    болып 

қолданылған  да,  кейін    соның  нəтижесі  ретінде  заттық  сипат  алған.  Мысалы : 

Өз  үйінде  ою  оюламаған  адам  кісі  үйінде  кесте  тігеді  дегендегі  ою  сөзінің 

заттық ұғымы сол сөз білдіретін əс-əрекеттің  нəтижесінде туғаны сөзсіз. 

ə)Зат  пен  оның  ішкі  мазмұнының    шектестігі.  Мысалы:  Қазан  піскенше  

бəрі машина қарауға кетті дегендегі қазан тамақ орнына жұмсалып тұр. 

б)Жалқы  есімдердің  оларға  қатысты  қимыл-əрекет  атауларымен  

байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен  жер-су атаулары  жалпы 

есімге  айналып,  белгілі  сөздердің    контекстік  синонимі  ретінде  жұмсалады. 

Мысалы:  Қарынбай,  Шығайбай,  Қарабай  сараңдықтың  бейне  сінде  айтылады 

.Асан қайғы -сары уайымға салынушылықты білдіреді. Қозы Көрпеш пен Баян 

сұлу,  Қыз  Жібек  пен  Төлегендер-шынайы  сүйіспеншіліктің  бейнесінде 

қолданылады. 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет