Stud.kz
ID:
101 486 193
Қарағайлар тұқымдасы
Жоспар
Кіріспе
1 Қылқан жапырақтылар
2 Қарағай
3 Кәдімгі қарағай
4 Орманның маңызы және орманды қорғау
Қорытынды.
Пән:
Биология
Жұмыс түрі:
Материал
Тегін:
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға
:
!
Қарағайлар Тұқымдасы (Pіnaceae) - мәңгі
жасыл, бір үйлі, қылқан жапырақты
өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты
шарда өсетін 10 - 11 туысы, 250-дей түрі
бар. Қазақстанда 4 туысы (самырсын,
шырша, балқарағай, қарағай) 6 түрі
кездеседі. Қарағайлар Тұқымдасының
биіктігі 50 - 65 м-дей. Қылқан
жапырақтары ине немесе қауырсын
тәрізді, бұлар ұзын өркендерінде жеке-
жеке, ал қысқа өркендерінде
шоғырланып орналасады. Қарағайлар
Тұқымдасының аталықтары - масақша,
көп жағдайда дара болады, әр
аталығында 2-ден тозаңдық бар.
Аналығында 2 тұқым бүрі болады, оның
ұзындығы 1,5 - 50 см, ол негізінен бірінші
жылы піседі (мыс., балқарағайда, т.б.)
ұрықтанғаннан кейін осы тұқым
бүршіктері тұқымға айналады.
Тұқымының қанатты қабыршақтары
қалың, бос жатады. Тамыр жүйесі өте
жақсы жетілген, олар көп жағдайда
қалпақты саңырауқұлақтардың
жіпшумағымен селбесіп (микориза) өседі.
Қарағайлар Тұқымдасынан құрылыста,
темір жолда, жиһаз жасауда
қолданылатын өте бағалы сүрек
алынады. Қылқан жапырағының шипалық
қасиеті бар.
Қарағайлар тұқымдасы қылқандылар
класының ішіндегі түрлер санына
байланысты ең ірісі, ол 10 туысқа
жататын 250-ге жуық түрлерді біріктіреді.
Бұлар табиғатта таралуы мен адамзат
тіршілігіндегі алатын орнына қарай ең
маңызды тұқымдас болып табылады.
Қарағайлар тұқымдасы негізінен
Солтүстік жарты шарға тән, тек кейбір
түрлері ғана экватордан төмен өтеді
(Оңтүстік-Шығыс Азия). Қарағайлар
Еуропа, Азия мен Американың суық және
қоңыржай аймақтарында ең басты орман
түзетін ағаштар болып есептеледі.
Оңтүстік жарты шарда Суматра, Борнео,
Ява аралдарында тек бір түр - меркуза
қарағайы кездеседі. Көбінесе үлкен
алқаптарда, мысалы, сібір тайгасында
тек бір ғана түрден (қарағайдан,
шыршадан, самырсыннан және т.б.)
тұратын ормандар түзеді. Сонымен
қатар үйеңкі, емен, жөке сияқты басқа да
сүректі түрлермен аралас ормандарды
да құрайды. Қазақстанда қарағайлар
тұқымдасына жататын 4 туыс және 7 түр
кездеседі.
Қарағайлардың табиғаттағы және халық
шаруашылығындағы маңызы өте зор.
Оларды егістікті қорғау үшін
пайдаланады. Қылқанжапырақтылар
оттегін бөліп, көмірқышқыл газын бойына
сіңіреді. Сондықтан адам
қылқанжапырақты өсімдіктер өскен
аумақта жақсы тыныс алып, тынығады.
Бұл өсімдіктерден тұрмысқа қажет ағаш
материалдары, отын, қағаз өндіріледі, үй
жиһаздары мен музыкалық аспаптар
жасалады, шайыр, терпентин, канифоль,
скипидар, глюкозидтер, ал қабығынан
илегіш заттар алынады. Кейбір
қарағайлардың тұқымдары жеуге
жарамды, құрамында құнды тағамдық
және техникалық майлар болады.
Қылқанжапырақтылардан шайыр, эфир
майы, дәрі-дәрмектер дайындалып,
медицинада қолданылады. Қарағайлар
тұқымдасы қысқарған өркендерінің болуы
немесе болмауына байланысты 3
тұқымдас тармақтарына (самырсындар,
балқарағайлар және қарағайлар)
бөлінеді.
Қарағай, шырша, самырсын және өзге
ашықтұқымды өсімдіктердің халық
шаруашылығында да маңызы зор.
Қарағай сүрегінен химиялық жолмен
өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық
алынады. Балқарағай, қарағай сүректері -
қағаз жасауға қажетті негізгі шикізаттар.
Олардың сүрегінен жоғары сапалы қағаз
өндіріледі. Балқарағай - Қазақстанның
биік тауларында кездесетін (Алтай,
Сауыр, Тарбағатай) қылқанды ағаш. Оның
сібірлік балқарағай деп аталатын түрі
қыста жұмсақ қылқанын түсіріп
тастайды. Ол ыстыққа, суыққа, түтінге,
шаңға, дауылға және ауа ылғалдығына
өте төзімді.
Кіріспе
Қылқан жапырақтылар ашық тұқымды
өсімдіктер бөліміне жатады. Олардың
бірнеше кластары бар. Солардың ішіндегі
көбірек таралғанықылқан жапырақтылар
класына жататын қарағайлар қатары.
Сен олардың негізінен алғанда ағаштар
мен бұталар екенін білесің.
Ашық тұқымды өсімдіктер табиғатта
және халық шаруашылығында маңызды
рөл атқарады. Қылқан жапырақтылар
оттегін бөліп, көмірқышқыл газды сіңіреді.
Сондықтан адам қылқан жапырақты
өсімдіктер өскен аумақта жақсы тыныс
алып, тынығады. Үй бұйымдары,
құрылыс материалдары, отын да
солардан алынады. Қылқан
жапырақтылардан шайыр, эфир майы,
дәрі-дәрмектер дайындалып, медицинада
қолданылады.
Қарағай, шырша, самырсын және өзге
ашық тұқымды өсімдіктердің халық
шаруашылығында да маңызы зор.
Қарағай сүрегінен химиялық жолмен
өңдеп, жібек жіп тәрізді жасанды талшық
алынады. Балқарағай, қарағай, кинкго
сүрегі - қағаз жасауға қажетті негізгі
шикізаттар. Олардың сүрегінен жоғары
сапалы қағаз өндіріледі. Балқарағай -
Қазақстанда кездесетін (Алтай, Сауыр
Тарбағатай) биіктігі 30 метрге дейін
жететін ерекше қылқанды ағаш. Оныңі
Сібірлік балқарағай дейтін түрі қыста
жұмсақ қылқанын түсіріп тастайды. Мәңгі
жасыл, бірүйлі - қосжынысты, жарық
сүйгіш өсімдік. Ол ыстыққа, суыққа,
түтінге, шаңдаққа, дауылға және ауа
ылғалдығына өте төзімді. Балқарағайдың
сүрегінен қағаздан басқа медицинада
қолданылатын, спирт, скипидар,
қабығынан илік зат, бояу алынады.
Жасыл бұтақтарынан дәруменді малазық
дайындап, үй жануарларына береді. Ал
қабығынан шайыр алып, сағыз ретінде
пайдаланады. Сәндік өсімдік ретінде де
пайдалануға болады. Сүрегі өте берік,
қатты, шірімейтін болғандықтан, суасты
құрылысына пайдаланылады. Орман
өсімдіктері, ғалымдардың есептеуі
бойынша, 1га орман жылына 10 тоннаға
жуық көмірқышқыл газын сіңіреді.
Тұқымның сыртын жидек тәріздес түзіліс
қаптайтын қылша да ашық тұқымды
өсімдік. Оның тұқымындағы
тұқымындағы қаптайтын түзілісті жеуге
болады. Бұл ащық тұқымды өсімдік қос
масақшалы қылша деп аталады. Қос
масақшалы қылша (двухколосковая
эфедра) - ашық тұқымды екі үйлі өсімдік.
Оның аталық бүрі бір өсімдікте, аналық
бүрі екіншісі өсімдіктерге орналасады.
Сырт көрінісі қырықбуынға ұқсайтын бұл
қылшаның биіктігі (ұзындығы) 15-40 см
болады.
Қос масақшалы қылша - жапырақтары
ұсақ қабыршаққа өзгерген бұта.
Қабыршақтары тез түсіп қалатындықтан,
фотосинтез процесі бұтақтарында
жүреді. Бұтақтарын өң қаптайды.
Лептесіктері сабақ ұлпасына тереңірек
батып орналасады. Бұтақтарында
маңызды дәрілік өнімдер болғандықтан,
медицинада емге қолданылады.
Қылшадан алынатын тамырларды
тарылтып, ауа - тамырларды кеңейтетін
дәрі эфедрин деп аталады. Әсіресе
орталық жүйкені қоздыруға, өкпе
демікпесі мен аллергияны емдеуге
пайдаланады. Ашық тұқымды өсімдіктер
тамыры тереңге бойлайтындықтан,
топырақты эрозиядан сақтайды. Эрозия ˗
латынша эрозио ˗ жегідей жеу, бүлдіру.
Топырақтың ең құнарлы бөлігінің судан
шайылуы, жел ұшыруы. Ашық
тұқымдылар өскен жерде қар және нөсер
суы да топырақты бүлдіре алмайды.
Сөйтіп табиғаттағы су айналымын
реттейді. Бұлар басқа жасыл
өсімдіктермен бірге органикалық зат
түзеді. Қарағайдан зиянды
бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш
зат - фитонцид (грекше фитон өсімдік +
латынша сэдере - өлтіру) бөлінеді.
Шырша, қарағай, балқарағай,
самырсынды ормандар ауадан
көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі.
Бұл - ашық тұқымды өсімдіктердің
табиғаттағы маңызы.
Зерттеу мақсаты. Қарағай ағашын
зерттей отырып экологиялық маңызы мен
емдік ерекшеліктерін тиімді адам
өмірінде пайдалану және насихаттау .
Зерттеу жұмысының негізгі
болжамы:Қарағайдың емдік ерекшелігін
пайдалану арқылы көптеген аурулардың
алдын алуға болады. Зерттеу
жұмысының әдістемесі: - Ғылыми -
әдебиеттерге шолу жасау; - Тәжірибелер
жүргізу.
Қарағай (лат. Pínus) - қарағай
тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл,
қылқан жапырақты ағаш кейде бұта.
Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше
түрі кездесетін қылқанжапырақтыты
мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін
өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге
жетеді. Шыршаныкіндей емес қарағайдың
қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының
түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл
және қою жасыл болады. Қарағай
сондай-ақ тез өсетін
қылқанжапырақтылардың бірі. Жер
шарында жүзден аса түрі болса, оның
жиырма шақты түрі көгалдандыруда
қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік
өсетін және жайыла өсетін түрлері де
бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге
дейін жайылатындықтан, бір-бірінен
немесе өзге ағаштардан арақашықтығы
кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның
барлық түрі бой жасап өсіргенге
ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері
бар. Биіктігі екі метрден аспайтын "тау
қарағайы" деген түрі бар.
Көгалдандыруда оларды түрлі
композицияларға қолдануға болады.
Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі
орналасатын бүршіктері де өте әдемі.
Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып,
қолөнер бұйымдарына қолданып жатады.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және
қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме
құрылысында, авиацияда, теміржолда
және құрылыста кеңінен қолданады.
Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде
болады.Одан скипидар мен канифоль
алынады. Канифольді сүргіт және лак
дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және
шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы
пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені
жетіспегенде және алдын-алу үшін
қолданады. Қарағайдың қара майын тері
ауруларына жақпа май ретінде
пайдаланады.
Күтімі
Жас көшетін ашық күн көзіне, құнарлы
топыраққа отырғызу керек. Жыл сайын
көктемде қалқанжапырақты ағаштарға
арналған минералды заттармен
қоректендірген жөн. Қоректік заттары
жеткілікті қарағай қылқанының түсі
қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды
түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.
Көбейтілуі
Тұқымы және қалемшелеу арқылы
көбейтіледі.
Сипаттамасы
Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі
мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып
келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр
түсті, бұтағында жарықтары болады.
Жапырағы (инесі) 2 - 5-тен шоқтанып
бүршігінде орналасқан, бүршіктері
күрделі. Бүрі 2 - 3 жылда піседі, оны
жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді.
Аталық гүлі масақты, сары не қызыл
түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 -
3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі.
Тұқымы - қара, не сұр түсті; қанатты
кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы
300 - 500 жыл жасайды.
Еуразияның қоңыржай және субтропиктік
аймақтары мен Солтүстік Америкада
өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.
Емдік қасиеті
Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі,
қарамай, шайыр алуға болады. Қарағай -
дәрілік ағаш, одан терпентин майы,
скипидар, сірке суы; жас қылқанынан С
витамині (концентрат), эфир майы
алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда,
әсемдік ретінде (елді мекенді
көгалдандыруда) маңызы зор.
Қазақстанда
Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P.
sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P.
sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың
солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі
аралас ормандарда, басқа қылқан немесе
жалпақ жапырақты ағаштар арасында
өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда
Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы,
Веймутов Қарағайы түрлері қолдан
өсіріледі.
Қызықты дерек
* АҚШ-тың оңтүстік-батыс бөлігінде
өсетін Қарағай ағашының жасы 4900
(кейбір деректерде 6000) жыл.[[]
Қарағай-табиғаттағы дәрігер Қарағай
өнімдері медицинада толығымен емдік
қызмет атқарады. Қарағай шайырын тіс
пен қызыл еттің мықтылығын және
тазалығын сақтау үшін шайнауға болады.
Қарағай өнімі қан тоқтату мен
аллергияны да емдеуге пайдаланылады.
Қарағай түрлері: Кәдімгі қарағай,
қарақарағай, борқарағай, тауқарағай,
майқарағай, балқарағай, Қырым қарағайы
Емдік қасиеті Туберкулез ауруына қарсы
қарағай бүршігінің спиртпен тұндырмасы
пайдаланылады. . . Бұл тұнба қақырық
түсіруге, адамның дем алысын
жақсартуға, ауру мен микробтарға қарсы
және ағзаны тазартуға көмектеседі.
Және осы тұнбаны жөтелгенде, өкпеге
суық тигенде, асқазан жарасымен
ауырғанда да пайдалануға болады.
Қарағайдың пайдасы демікпені емдеу
Өкпе туберкулезі Иммунитет Асқазан
ауруы Жөтел орталық нерв жүйесін қан
тоқтату аллергия Жараларды жазу Суық
тию Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту
Қарағай - тек әдемі ағаш қана
емес,табиғаттағы дәрігер деуге де
болады. Қарағайдан зиянды
бактерияларды жоятын ерекше ұшқыш
зат - фитонцид бөлінеді. (Грекше фитон -
өсімдік, латынша - сэдере - өлтіру) Таза
ауа- денсаулық кепілі . Мың теңге
тұратын дәрі өз аулаңда өсіп тұр Халық
дналығы Қарағайдан жүйкені емдеуге -
70%, өкпе, бауыр дәрілерінің- 75%, ағзаны
тазартуға -80%, қақырық түсіретін
дәрілердің- 80%, қан тоқтатын
дәрілердің- 65% алынады.
Қарағайлы, шыршалы орманның адам
денсаулығына зор пайдасы бар. Демалыс
үйлері, санаторийлер осындай қарағайлы
орман ішіне салынады. Себебі: оның
ауасы таза, әрі шипалы. Әсіресе, өкпе
ауыруына және көптеген ауруларға
шипасын жүргізеді. Қарағай ағашы - адам
ағзасына керекті дәрумендерге,
минералды тұздарға, қышқылдарға,
шайыр мен эфир майына, крахмал,
дәрумендер С, В, К, Р - тағы басқа
пайдалы заттарға бай.
Қарағайды қолдану ерекшелігі Қолдану
бөлігі: Бұтағынан, қылқан жапырағынан,
бүршігінен, шайыры мен эфир майынан
неше түрлі дәрі-дәрмектер, өте маңызды
дәрілік өнімдер дайындалады. Жинау
уақыты: жыл бойы.
Қарағайдың басқа ағаштардан ерекшелігі
1. Қылқан жапырақтарының ине тәріздес
үшкір болуы. 2.Өзегінде шайыр,аскорбин
қышқылы мен эфир майының болуы.
3.Зиянды бактерияларды жоятын ерекше
зат - фитонцидтің бөлінуі. 4. Бұтағы,
бүршігі, қылқан жапырағы мен өзегіндегі
заттардан дәрі-дәрмектердің алынуы.
5.Сусымалы құмдарда өсіп, өрт шалған
жерлерде де күй таңдамай өсе беруі.
6.Қарағайдың тамыры тереңге
бойлап,топырақты эрозиядан сақтау
қасиеті.
Қарағай тамыры: Қарағайдың тамыры
тереңге бойлайтындықтан топырақты
эрозиядан сақтауға да әсері мол. Эрозия
- латынша - жегідей жеу, бүлдіру деген
сөз. Ашық тұқымды қарағай өскен жерде
қар және нөсер суы да топырақты
бүлдіруге үлдіре алмайды.
Қолдану салалары: Қарағай мен
шыршаны құрлыс материалдары ретiнде
қолданылады. Қарағай сүрегiн химиялық
жолмен өңдеу негiзiнде жiбек жiптерге
ұқсас жасанды талшық алынады. Шырша
сүрегiнен қағаз алынады. Қарағайды,
шыршаны, балқарағайды әртүрлi үй
жиһаздарын жасауға пайдаланады.
Балқарағай сүрегi басқа
қалқанжапырақтылардың сүрегiнен әлде
қайда қатты және суда шiрiмейдi. Соған
байланысты оны кемелер жасауға, шпал
жасауға, шахталарда тiреу ретiнде
қолданады. Осы ағаштардың барлығын
парктерде, скверлерде, ботаникалық
бақтарда сәндiк өсiмдiктер ретiнде
өсiредi. Сiбiр қарағайының
жаңғақшасынан сапасы жоғары тамаққа
пайдалалатын май алынады.
Ағаштардың ауаны тазарту деңгейі: Ағаш
аты Көмір қышқыл газын сіңіруі (тәулігіне)
Бөлінетін оттегі мөлшері (тәулігіне)
Қарағай 220-280 кг 180-200кг Емен 200-
220 кг 160-190 кг Терек 160 -180 кг 120-
145 кг
Ұ С Ы Н Ы С Т А Р Қарағайды өз
өлкемізде көптеп өсіріп, оларға күтіммен
қарауын өз достарыма ұсынамын.
Қарағайдың емдік қасиетіне байланысты
халық еміне арналған қоспа жасау
әдістері мен қолдану ерекшеліктері
жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік
оқырмандарға ұсынылса. Халық еміне
байланысты қоспа жасау әдістері
күнделікті тұрмыста қолданысқа
енгізілуіне ұсыныс жасалынса.
Қарағайлы ормандар Қарағайлы,
шыршалы орманның адам денсаулығына
зор пайдасы бар. Демалыс үйлері мен
шипажайлар осындай қарағайлы орман
ішіне салынады.
Қорытынды: Қарағайлы орман -
табиғаттағы күшті экологиялық жүйе. Ол
халқымыздың байлығы, баға жетпес
қазынасы. Сондықтан оны қорғау тек
мемлекеттің емес, әрбір адамның міндеті.
Табиғатты таза ұстау, оны қорғау,
экологиялық орта қалыптастыру біздің
еліміз, адам баласының келешегі үшін
қажет. Сондықтан экологиялық күрес -
өмір үшін күрестің негізі болып
табылады.
Кәдімгі қарағай -- Қазақстанда кездесетін
барлық қарағай тұқымдастарыныӊ
ішіндегі кеӊ тараған түрі. Қазақстанныӊ
ұсақ шоқыларында және Алтай
тауларында, жазықтағы орманды далада
және далада, құмда және құрғақ
топырақта жабайы түрде өседі. Еліміздіӊ
басқа жерінде көгалдандыру мақсатында
адамдар тұратын табиғи мекендерде
табиғи апаттардан сақтау үшін өсіріледі.
Топырақты тұрақтандыраду қасиеті,
тамыр жүйесініӊ құрылым ерекшелігімен
түсіндіріледі. Жазықтағы қалыӊ орманда
тереӊге бойлайтын кіндік тамыр өзек
жетіледі. Құмда, тау беткейінде, тереӊге
кететін кіндік тамырдан өзге жанама
тамырлар шығады, топырақтыӊ жоғарғы
қабатында орналасады. Биік (20-40 метр
дейін) ағаштар, қарағайлар көз тартарлық
әдемі болып биіктей береді. Биік, түзу
діңдерінен кеме желкенінің ағашын
жасайды. Жуан діңі қызғылт-қошқыл
қабықпен тілімделген, ашық-жасыл және
сарғыш түсті жолақ сүрек кездеседі. Дің
зақымданғанда мөлдір жасқа ұқсас хош
иісті смола ағады. Оның екі түрлі - ұзын
және қысқа қылқандары мәңгі жасыл, екі-
екіден шоқтана орналасқан. Олар ұзын,
Бұл жұмыстың бағасы: 299 tenge
Өзіңізге ыңғайлы төлем түрін таңдап алыңыз:
" Cloudpay +10%
# Halyk Bank +10%
$ Мобильді қосымша +91
Терминал
" Pitech
ApplePay, GooglePay, SamsungPay
? FAQ
Антиплагиат
тақырыпты енгізіңіз...
%
&
1 / 14
13.11.2022, 19:51
Стр. 1 из 1
Достарыңызбен бөлісу: |