3.4-қосымша ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАУ СЫЗБАСЫНЫҢ ҮЛГІСІ Практикалық жұмыс алған теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін қызметтің негізгі түрінің бірі болып табылады.
Практикалық жұмысты талдау мынадай мәселелерді қамтиды:
1. Практикалық жұмыстың күнтізбелік тақырыптық жоспарға сәйкестілігі.
2. Сабақ мақсатын анықтау және оны білім алушыларға жеткізу.
3. Жұмыс жүргізуге жағдай (ахуал) туғызу:
- білім алушыларға тапсырма (соның ішінде жекелік);
- жұмысқа әзірлену (әдебиеттермен танысу, конспектілеу, материал жинақтау, танымдық есептер шешу, т.б.);
- оқу кабинетінің дайындығы (құрал-жабдықтар, материалдар, көрнекі құралдар, техникалық жабдықтар, т.б.).
4. Теориялық материал меңгеру дәрежесі (ғылымилықтың сақталуы, дүниетанымдық сипаты, теория мен тәжірибенің байланысы).
5. Жұмыс құрылымы (құрамдас бөліктер, кезеңдер, уақытқа бөлу).
6. Жұмыс әдістері: диагностикалық әдіс құрамын қолдану, білім алушылардың белсенділігі).
7. Оқу-лабораториялық құрал-жабдықтарды қолдану (ТОҚ және көрнекі оқу құралдары, үлестірмелі материалдар, диа және бейнефильмдер, т.б.).
8. Педагог тұлғасының тәрбиелік рөлі.
9. Мақсаттардың, қағидаттардың, әдістердің, құралдардың кешенділігі, оларды оптимизациялау.
10. Қорытындылар (жағымды жақтар, кемшіліктер).
11. Жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар.
3.5-қосымша
РЕЦЕНЗИЯ (СЫН-ПІКІР) - белгілі бір шығарма, педагогикалық жұмыс (мақала, дәріс) жөнінде сын-пікір білдіру. Бұл мақаладағы автордың жан-жақты пікірі әрі айтылатын идеяларға ғылыми-негізделген кең пікірі.
Мазмұнының бөліктері (құрылымы әртүрлі болуы мүмкін):
- жекеленген не негізгі зерттеу мәселелері бойынша автордың ұстанымы;
- зерттеу мәселесіне автордың қатысын пайымдау;
- автордың айтқан ойларын, қорытындыларын, дәлелдемелерін сынап бағалау;
- рецензенттің (сынаушының) қорытындысы.