Қарағанды облысы білім басқармасының «теміртау қаласы білім бөлімі» «Әлихан бөкейхан атындағы гимназиясы» кмм


-2022 оқу жылында өткізілген іс – шаралар



бет22/71
Дата28.11.2023
өлшемі2,91 Mb.
#130475
түріПротокол
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
2 021-2022 оқу жылында өткізілген іс – шаралар


2 021-2022 оқу жылындағы
сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің
ЕСЕБІ
Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігі – гимназияішілік тәрбие үрдісін басқару жүйесінің бөліну құрылымы, белгілі жас тобында тәрбиеленіп және оқып жатқан оқушы бойынша сынып жетекшілердің жұмыстарын ұйымдастыру және ғылым –әдістемелік үйлестіру.
Гимназия тақырыбы:
«Халықтық педагогика және жаңашыл педагогикалық технология арқылы оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін үш тілде дамытып, лингвистикалық үздіксіз білім беру».
Мақсаты: гимназияішілік тәрбие үрдісін басқару жүйесінің бөліну құрлымы, белгілі жас тобында тәрбиеленіп және оқып жатқан оқушы бойынша сынып жетекшілердің жұмыстарын ұйымдастыру .
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог.
Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.
Оқу жылының басында 2021-2022 жылы атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2021-2022 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыс жоспары ДТЖЖО Р.Тоймырзаева тексеріп, гимназия директоры Б.Нашкеновпен бекітілді. Барлық сыныптарда жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен мектепішілік жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Гимназиямызда өткізілген ашық тәрбие сағаттарының тақырыбы: «Білім күні» 1-11 сыныптар, «Ұстаздар мерекесі» күніне арналған 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті, сонымен қатар 2-3 сыныптардың қатысуымен мектебіміздің ардагар ұстазы Т.абдуахитова, М.Доғалова, Г.Нуриддиновамен «Сыр-сұхбат» болып өтті. Оқушылар мен сынып жетекшілер өте белсене қатысты. Сынып жетекшілері жоспар бойынша сынып сағаттарын талапқа сай өткізуде жаңа технологияларды қолданады. Ашық тәрбие сағаттары уақытылы өтіп отырады. «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияда» 11 түрлі үйірме жұмыстары өткізіледі.
Атап айтар болсақ: театр, дебат, домбыра, қолөнер, әртүрлі спорттық секциялар, тоғызқұмалақ т.б сияқты. Мектебімізде барлығы 26 мұғалім сынып жетекшілік қызметін атқарады. Жоғары білімді сынып жетекшілері саны – 25, арнаулы орта білімді бір сынып жетекші: Арапбаева Шынар Бакытбековна.
2021-2022 оқу жылында 4 отырыс өткізілді. СЖБ хаттамалары толтырылып, жоспар бойынша өткізіліп отыр.
Ата-аналармен байланыста болу мақсатында әр-түрлі жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп отырылады. Байланыс дәптерлері, сауалнамалар жүргізіледі. Оқушылар мен ата-аналарды зерттеу мақсатында мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді.
Гимназияішілік, қалалық, облыстық іс-шараларға, сайыстарға, қашықтық сайыстарға, жарыстарға үнемі қатысып нәтижесінде: Республикалық сынып жетекшілердің арасында ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекші» атты сайысқа қатысып А.Сарсепбаева белсенді қатысып «Алғыс хатпен» марапатталды.
Мұғалімдер жоспар бойынша мектепішілік іс-шаралар өткізеді. «Мұғалімдер күні», «Күзгі бал», «Денсаулық күні», «Қарттар күні», «Тәуелсіздік күні», «Самғатқан сан қыранды алтын ұя», «8-наурыз мейрамы» мерекесіне арналған, «Сырғалым, сырласым» сайысы», «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз», «1-мамыр күні», «9-мамыр мерекесі» жоғарғы деңгейде өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет