1-стратегиялық бағыт: «Білім беру сапасын дамыту»
-Білім сапасына мониторинг жүргізу арқылы өсу динамикасын бақылау, олқылықтармен жұмыс ұйымдастыру;
-«Зейін», «Оқуға құштар мектеп» облыстық жобаларға жүйелі қатысу, пәндік олимпиада, ғылыми жобалар, зияткерлік сайыстарға қатысатын оқушылар базасын құру;
-Оқушылардың функционалық сауаттылығын артыру мақсатында «Дарынды бала», «PBL», «ЭтноАрт-Start-Up» жобаларын енгізу.
2 – стратегиялық бағыт: «Адами ресурстарды дамыту»
- Мұғалімдердің кәсіби өсуін арттыру мақсатында түрлі кәсіби байқаулар, педагогикалық оқулар өткізу;
- «Әдістемелік өнім» педагогикалық шеберхана ұйымдастыру;
- «Lesson Study» сабақты зерттеу жобасы арқылы кәсіби тәжірибе алаңын, «PBL» жобасы арқылы оқытудың сапасын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;
- Функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мақсатты семинар-тренингілер ұйымдастыру;
- «KazGim» дебат клубы арқылы қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстар ұйымдастырып, үздік спикерлер дайындау.
3 - стратегиялық бағыт: «Басқарудың алқалы формасын дамыту»
- Білім алушыларды мамандыққа баулу мақсатында «Мен таңдайтын мамандық» айдарымен жүргізілетін жұмыстарды және қоғамдық-әлеуметтік мақсатындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру,
- Ата-аналарды мектеп өміріне көптеп тарту;
- «Қамқоршылық кеңес» және басқа демеушілік көмек көрсетушілермен жұмысты жандандыру.
4-стратегиялық бағыт: «Оқу процесіне жағдай жасау»
-Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтау;
-АКТ және басқа қажеттіліктермен материалдық-техникалық базаны нығайту.
5-стратегиялық бағыт: «Мектептің жеке ерекшеліктері»
-«Дарынды бала(Менің ертеңім)», «ЭтноАрт-Start-Up», «PBL», «Дебат қозғалысы», оқуға құштар мектеп», «Өнегелі өмір», «Адал ұрпақ» сынды жобалар арқылы ұлттық құндылықтар негізінде білім беру, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыта оқытып-тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |