Педагог кадрлардың сапалық құрамы білім деңгейі бойынша: (педагогтарды білім беру деңгейлері бойынша бөлу)Барлығы 53 мұғалімнің 47-сі жоғары білімді, ол ұжымның 88,6%, орта білімнен кейін жоғары білімді аяқтап жұмыс істеп жатқаны-1 (1,8%), арнайы орта маманды -3 (5,6%) иемденіп отыр. МДБ –ның талаптары бойынша бес жыл уақыты ішінде барлығы педгогикалық жоғары білімді болады. Қазіргі таңда 1 мұғалім инженер-техник мамандығымен қоса мұғалім мамандығына қосымша курстан өткен, робототехникадан курстардан бойынша сабақ береді. Ол осы оқу жылы педагог мамандыққа құжат тапсырды.
Мұғалімдер толықтай курстардан өтіп білімін жетілдіріп отырады,мектепте оқытылатын пән мазмұнын жаңарту бойынша курстан өткен мұғалімдер саны-45 (84,9 %;
ШЕШУ жолдары: Жаңа формат бойынша (педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші) мұғалімдерді мектепішілік жұмыстар ұйымдастыру және біліктілік тестілеуден кезектен тыс өтуіне жағдай жасау арқылы санын арттыру:
Workshop;
Нетворкинг;
Желілік семинар-тренингілер;
коучинги, вебинары;
«Жылдың үздік мұғалімі»;
2.Кәсіби байқауларға қатысу:
Қалалық, облыстық конференция, педоқулар, түрлі деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу;
ҚО ОӘО, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы, қалалық білім бөлімі, «Әлихан мектептері Альянсымен» бірлесіп «Әлихан Бөкейхан – Алаш қозғалысының көсемі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, жинағы шықты.
Гимназия тарапынан әдістемелік қолдауға қарамастан пәндік олимпиада педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы мұғалімдер өз кәсіби біліктілігін көрсете алмауы, оқушы нәтижесіне мақсатты түрде көңіл бөле алмағаны, мектепішілік бақылаудың өз деңгейінде жүргізілмегені байқалды.