Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы – облыстық ономастика комисссиясы төрағасының орынбасары
Г.Х.Қаңтарбековаға
Шет ауданы Кеншоқы ауылының тұрғыны Саят Жексенбаевтан
Өтініш
Қадірменді Гүлнарайым Хасенқызы!
Сіз басқарып отырған басқарма тілдерді дамыту және ономастика мәселесімен айналысатын болғандықтан, осы хатты жолдай келе ,тиісті кеңес беретініңізге сенімдімін.
Менің әкем Жексенбаев Мукарам 1932 жылы дүниеге келген. 2011 жылы дүниеден өтті. Мектеп бітіріп, педтехникумда оқыған. «Тарих»мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Ол бүкіл саналы ғұмырын халық ағарту саласына арнады. Қарағанды облысы Шет ауданындағы қазіргі Кеншоқы ауылының мектебінде ұстаздық етті. Тарих пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып, сол мектепте тура жарты ғасыр қызмет істеді. Қазақ КСР оқу ісінің үздігі атанды. Өңірдің қоғамдық – әлеуметтік өміріне белсене араласты.Бұл айтылғандараға үстіміздегі жылы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 5 қазан күнгі санында жарияланған «Нағыз ұстаз»атты мақала (авторлары: танымал азаматтар Қ.Медиев, С. Дүйсебеков, Т.Ордабаев) дәлел бола алады. Жарты ғасырлық ұстаздық еңбегінде ол кісі ел құрметіне бөленді, жұртшылық пен шәкірттерінің ыстық ілтипатына ие болды.
Осыларды айта келе, Сізден бүкіл саналы ғұмырын оқу – ағарту ісіне жұмсаған М.Жексенбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін өзі қызмет еткен Кеншоқы аулындағы атын беру туралы ауыл, аудан басшы органдары мен қалың жұртшылық пікірін ескере отырып, тиісті кеңес беруіңізді, тәртібін түсіндіруіңізді өтінемін.
Өтініш иесі: С. Жексенбаев
Мекен - жай: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылы
Ұялы телефон: 87057024727
Электрон пошта: Zeksenbaeva1961@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |