Аралардың инфекциялық аурулары кезінде ара өнімдерін ветсансараптау



бет5/8
Дата24.01.2022
өлшемі383,74 Kb.
#24283
1   2   3   4   5   6   7   8

Европалық шіріме

  • жұмысшы аралардың, аталық пен аналықтың, көбінесе жас дернәсілдердің жұқпалы ауруы. Европалық шіріменің қоздырғыштары гүл тозаңында, ескі ластанған кәрездерде, балда жыл бойына сақталады; 15-20 минут суда қайнатып ұстау; хинозолдың 2 пайыздық ерітіндісі оларды 10 минуттың ішінде құртып жібереді. Дернәсілдердің ағзасына қоздырғыштар қорекпен бірге түседі.
  • Ауру белгілері. Ауырған дернәсілдер қуыста табиғи күйін өзгертеді, өзінің жарқырауық маржан түрінен айырылады, күңгірттенеді және сарғыш тартады, олардың жұқа терісінен кеңірдектері көрініп тұрады. Одан кейін дернәсіл қарауытып, қабақ түзе отырып кебеді, ал қабықтың өзі ұяның іргелерінен оңай бөлінеді.
  • Егер жабық қуыстағы дернәсілдер европалық шірімемен залалданған кезде қуыстардың қақпақтары күңгірттенеді және тесіледі. Олар зат тиіп кеткен кезде шіріген қамыр тәрізді бірсыдырғы қысқа жуан жіп тәрізді созылып тұрады, ерекше қышқыл иісті келеді. Ауруға тән белгілер – ұрықтың кереге көзді етіп тұруы және жабық ұрығымен кәрездердегі бос қуыстардың өте көп болуы. Өлген ұрықты лабораторияда зерттегеннен кейін дәл диагноз қоюға болады.
  • Күресу шаралары. Ауру байқалысымен омартаға карантин қояды, ауруға шалдыққан араларды табу үшін омартаның бүкіл ара отбасын қарап тексеріп шығады. Мұндай отбастардың ұяларын қысқартады, оларды жылуды мұқият сақтайтындай етіп жабдықтайды. Араларды сульфамид препараттарымен (норсульфазолдың натрий тұзы, сульфантрол және т.б.) немесе антибиотиктармен (биомицин,стрептомицин, тетрациклин,эритромицин,террамицин және т.б.) емдейді. Бір литр шырынға есептегенде (судың 1 бөлігінде қанттың 1 бөлігі) натрий норсульфазолын 1-2, сульфантролды 2 г, антибиотиктерді 400-500 мың ед мөлшерінде береді. Жылы шырынды оттықтарға немесе кәрездерге құяды және түнге қарай отбастарға аралардың екі көршілес арасындағы кеңістікте 100-150 мл есебінен қояды. Емдік үстеме қоректі 5-7 күн өткеннен соң ара отбастарының толық сауығуына дейін қайтадан қайталайды. Қатты залалданғанда отбастарды басқа жаққа ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет