Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Негізгі орта мектеп түлегі: Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;
азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;
мемлекеттік тілді меңгеру;
Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және оны әрі қарай дәріптеу бойынша волонтерлік қызмет пен
жобаларға қатысу;
әр түрлі ұлт өкілдерімен сыйластық қарым-қатынас;
Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Негізгі орта мектеп түлегі: қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;
сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;
тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;
бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;
басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.