82
Елбасымыз кӛздеген әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бӛлігіне
іліккен елдер қатарынан орын алуымызға мүмкіндік беретін басты
негіздерінің бірі – жастарымыздың еркін дамуына, жан-жақты білім
алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау болып табылады.
Әлемдік білім беру және білім алу кеңістігінде бәсекеге барынша қабілетті
кірігудің тиімді жолдарының бірі – әрбір қазақстандықтың кемінде үш тіл
білуі деп атап ӛтілді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев қазақ тілі – мемлекеттік тіл,
орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі—деп атап ӛткен. Бұл пікірді «Ӛрлеу»
БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ нақты жүзеге асыруда. Осы
биік мақсаттарға жетелеу, қалыптастыру кезеңі адам ӛмірінің мектептегі
ӛткізген жылдарына сайма-сай келетіні – білім беру саласына үлкен
жауапкершілік
пен сенім артады, білім берудің жаңа ұлттық тиімді
механизмдерін құрумен байланыстырады.
Сонымен қатар, қазақтың ұлы ақыны Абай: «Әрбіреудің тілін, ӛнерін
білген кісі соныменен бірдейлік дағдысына кіреді» деген екен. Кӛптілде
оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,
әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына мүмкіндік
беретін бүгінгі таңда ең басты қажеттілік болып табылады.
Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың
2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру
мақсатында 2016 жылдан бастап жоғары білім берудің оқу
бағдарламаларына оқытудың барлық кезеңдерінде ағылшын тілін оқыту
курсын жүргізу бойынша ӛзгерістер
мен толықтырулар ендіру,
2020-2021
жылдары
мектептерде
жаратылыстану
пәндері
қатарында
«Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту (білім беру ұйымдарының
алқалық шешімінің негізінде таңдау бойынша) енгізілетіндігі белгіленген.
Осыған орай, 2017-2018 оқу жылынан бастап Информатика пәнін
оқыту жұмыстары толығымен ағылшын тілінде ұйымдастырылады.
Ал жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтар үшін Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар пәнін ағылшын тілінде жүргізу
жұмыстары іске асырылуда.
Жоғарғы оқу орындарында барлық мамандықтарды ағылшын тілінде
оқыту студенттерге сӛздік қорын кеңейте отырып, есептеу техникасы және
ақпараттық технологиялардың даму үрдістерін әлемдік білім негізінде
зерттеуге, жаңалық ашуға және кәсіби міндеттерді шешуге ықпал етеді, сондай-
ақ, заманауи құрылғыларды кәсіби деңгейде қолдану қабілетін арттырады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
пәнін ағылшын
тілінде оқыту студенттеріміздің ӛз беттерімен ізденуіне және идеяларының
халықаралық деңгейге шығуына зор мүмкіндік болатыны анық.
Сондықтан, болашақ информатика пәні мұғалімдерінің коммуникативтік
ортасын ағылшын тілінде қалыптастырудың моделін жасау; педагогикалық
шарттарын айқындау; коммуникативтік ортасын ағылшын тіліндегі
пәндерді оқытудағы әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибе
жүзінде тексеру қажет.
83
Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше
мән берілуде. Алайда, ағылшын тілін үйренуде, ағылшын тілінде сабақ
беруде кӛптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын ӛз
тәжірибемізде
барлығымыз айдан анық кӛріп отырмыз.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып,
педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сӛйлеу дағдыларын
қалыптастыруға
да
әбден
болады. Компьютер
желісін
және
мультимедиялық – электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді
қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды
және мультимедиялық - электрондық құралдарды
мектеп қабырғасында
және білім беру процесінде терең қолдануда үштілді білім беру мәселесін
шешуге кӛмектесері анық.
Үш тілді меңгеру мәселесі – тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем
алдында шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі. Үш тілде оқыту –
бүгінгі жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,
әлемнің түрлі ғылым құпияларына үңіліп, ӛз қабілетін танытуына
мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең негізгі заман талабы.
Қорыта айтатын болсақ, «үш тілде білім берудің» ерекшелігі—ағылшын
тілін оқып үйреніп қана қоймай,сонымен бірге осы тілде физика, химия,
биология,информатика пәндерін оқытуға маңыз беріледі. Үш тілді оқытуды
қолдана отырып белгілі
тапсырмаларды бір тілде оқып, екінші тілде орындап,
бейнежазбаны кӛріп, үшінші тілге аудару арқылы талқылау жүргізіліп отырады.
Оқушыларды ағылшын тілінде және ана тілінде оқытудың арасында ерекшелік
ескеріледі. Оқушыларға ағылшын тілінің үйрету сабағынан бӛлек, пәнге
қатысты ӛзінің танымын дамытуы үшін оқытушылар ПТКО-ны(пән мен тілді
кіріктіріп оқыту) қолдануды, яғни соған сәйкес, тілді де үйренуі керек, пәнді де
оқыту керек болады. Курстық оқыту кезінде ұстаздарға ағылшын тіліндегі
термин сӛздерді қолданысқа енгізу барысында акададемиялық сӛздік қорын
молайтуға мүмкіндік берілді.
Үштілді білім беру бағдарламасы негізінде үштілді меңгеру
тәжірибесін
жинақтап, әлемдік деңгейге кӛтерілуіміз керек. Елдің ертеңі
ӛресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеп ӛсіру
үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен
ұштастыратын сапалы білім мен тәрбие беруіміз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: