2. Өнеркәсіптік сүзгілердің жіктелуі және олардың негізгі сипаттамалары Нутч – сүзгілер. Вакуумда немесе қысым астында мерзімді жұмыс істейтін өте қарапайым сүзгілер жатады. Мұндай сүзгілер де сүзінді оның ауырлық күшінің бағыттары бірдей болады. Олар цилиндр немесе тіктөртбұрыш пішінді тік аппарат болып жасалынады. Суспензия жоғарыдан құйылады да, сүзінді вакуум немесе қысым әсерінен сүзгі бөгеттерінен өтеді.
Артықшылықтары: Тұнбаның біркелкі және толық жуылуы.
Кемшіліктері: 1 м2 сүзу бетіне сәйкес келетін сүзгінің алатын орнының салыстырма ауданы көп.
Пресс-сүзгі. Қысым астында мерзімді әрекетте жұмыс істейтін сүзгілерге тік рамалы сүзгі-престер жатады. Мұндай сүзгілерде сүзіндінің және оның ауырлық күшінің бағыттыр бір-біріне перпендикуляр болады.Сүзгi-пресс бiрiнен кейiн бiрi тiзбектелiп орнатылған тақталар (плиталар) және рамалардын құралған. Олар екi жағынан екi параллель таяныш стержендерге бекiтiледi. Тақталар мен рамалар арасындағы сүзгi маталары (бөгеттерi) қойылады. Рамалар мен тақталар, жылжитын тақтамен, қозғалмайтын тақта арасын роликтерi бар гидравликалық механизм жәрдемiмен тұмшалап (саңылаусыз) қысылады. Суспензия құбыр арқылы, ал жуатын су құбыр арқылы берiледi.
Тақталы-рамалы сүзгi-престiң жұмыс iстеу тәсiлi. Сүзу кезеңiнде
суспензия үлкен қысыммен орта канал және каналдар арқылы екi жағынан сүзгi бөгеттермен және раманың iшкi бетiмен шектелген кеңiстiкке берiледi. Сүзiндi екi сүзгi бөгетiнен бiрдей өтiп, канал және шүмек арқылы шығарылады. Бұл кезде барлық тақталардың шүмектерi ашық болады. Кеңiстiк тұнбаға толған соң, суспензия берудi тоқтатады.
Артықшылығы: сүзу бетінің көптігі; істен шыққан кейбір тақталардың шүмектерін бекіту арқылы жұмысқа қоспауға болады; жұмыс істеген кезінде қозғалатын бөлшегі жоқ.
Кемшілігі: қол күшінің керектігі; сүзгі бөгеттерінің тез тозуы; тұнбаның жақсы жуылмауы.
Горизонталь камералы автоматтандырылған сүзгі-престер /ФПАКМ/ мерзімді әрекетте жұмыс істейді, қатты бөлшектері бар майда дисперсиялы суспензияларды сүзу үшін қолданылады. Сүзінді қозғалысының және оның ауырлық күшінің бағыттары бірдей.Бұл сүзгiлердiң сүзу тақталарының үстiңгi жағы торлы табамен жабылып, астыңғы жағында сүзiндi жиналатын кеңiстiк болады.Тақталардың төменгi жағы рама тәрiздi болады да, тақталарды сыққанда суспензия және тұнба үшiн камера пайда болады. Сүзу тақталарының арасында серпiмдi су өткiзбейтiн диафрагма орнатылған.