20) темперамент туралы түсінік. Темперамент туралы ілімдер.
темперамент - адамның психикалық әрекетi-нiң нақты динамикасын айқындайтын
психиканың дара қасиет-терiнiң жиынтығы. Бұл психикалық ерекшелiктер адамның
барша i с-әрекетiнде оның мазмұны, мақсаты және септүрткiлерiне тәуелсiз бiрқалыпты
көрiнедi, есейген шақта да өзгерiске түспей, өзара байланыста темперамент кейпiн
өрнектейдi.
Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзiнiң
ұнамды тараптарына ие, сондық-тан басты назар темпераменттi реттеп, түзетуге
қаратылмай, нақты i с-әрекетте оның тиiмдi жақтарын саналы әрi өз орны-мен
пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың
психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық
бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн
психология тарихында алғашқыдан тем-перамент типтерi деп атаған. Темпераменттердiң
бұл бiрiгiмдiк (типологиялық) жүйесi өмiрлiк iс-әрекет тұрғысынан өте тиiмдi, себебi оны
пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағ-дайларда белгiлi темперамент типiне жататын
адамның бола-шақ әрекет-қылығын күнi iлгерi пайымдауға әбден болады.
Темперамент туралы ілімдер.
Темпераменттер жөнiндегi ғылымның iрге тасын қалаған ежелгi грек дәрiгерi Гиппократ
(б.э.д. V ғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт "дене шырындарының" қан,
шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыраты-лады. Осы психологиялық тағылымды
арқау ете отырып, ежелгi дүние дәрiгерi Клавдий Гален (б.э.д. II ғ.) алғашқы рет
темперамент түрлерiне ғылымдық сипат бердi. Гален темпера-мент түрiн денеде жоғарыда
аталған шырындардың бiрiнiң басымдылығымен байланыстырды. Ол бiздiң заманымызға
дейiн жеткен темперамент атауларын белгiледi: сангвиник (sangius - қан), флегматик
(phlegma - шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole - запыран). Гален
ендiрген бұл ғажайып жаңалық кейiнгi жүзжылдықтар желiсiнде көптеген ғалымдар
iзденiсiне күштi ықпалын тигiздi.
Бұлардың iшiнде назар салар-лықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дара-
ланып, тума темперамент қасиеттерiне негiзделген – консти-туциялық типология (Э.
Кречмер). Бұл теорияның мәнi: әр адам өз дене құрылымына орай өзiндiк психикалық
ерекше-лiкке ие. Осыдан, дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай
өлшемдерiне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгiленген:
1. Лептосоматик - бойшаң, нәзiк денелi, көкiрек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қолаяғы
ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас,
қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша не орта бойлы,
кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.
4. Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелiк зақымсырқаттарға
ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемiстер).
Аталған дене құрылымы типтерiне үш темперамент типi сай: шизотомик, иксотомик,
циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзiк, әлсiз дамыған, тұйық, эмоциялары
ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгерiмiне ере бермейдi, осыдан қоршаған
ортаға икемдесуi қиын. Иксотомик - денесi мығым, мiнезi байсалды, сезiмталдығы кем,
ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, көбiне майдашыл. Циклотомик - семiзшең,
домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бiрдей, тiл табысқыш,
көзқарастары шындықтан ауытқымайды.
Бiр процесс түрiнен екiншiсiне өту үшiн қаншалықты көп уақыт пен күш қажет болатын
болса, жүйке жүйесiнiң селқостығы сонша үлкен болғаны. Аталған жүйке
процестерiнiң қасиеттерi негiзiнде жүйке жүйесiнiң типi немесе жоғарғы жүйке
қызметiнiң типi деп аталатын құрылым түзiледi. Бұл жүйе әр дара тұлғаның жүйке
жүйесiне тән негiзгi қасиеттер бiрлiгiнен құралады. Ол қасиеттер: қозу мен тежелу
процестерiнiң күшi, тепе-теңдiгi, қозғалмалылығы. Осы үш қасиеттi негiзге ала отырып,
И. П. Павлов жүйке процесiнiң күшiне орай және күштi тип пен әлсiз типтi айыра,
дәстүрлi Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесiнiң төрт негiзгi типiн ажыратты: •
күштi, қозу мен тежелуi теңдей, қозғалмалы - сангвиник; • күштi, қозу мен тежелуi
теңдей, салғырт - флегматик; • күштi, қозуы басым - холерик; • әлсiз тип -
меланхолик. Сонымен, И. П. Павлов түсiнiгiнде, жүйке жүйесiнiң типi тума
берiледi, тәрбие мен қоршаған орта ықпалынан өзгерiске келе бермейдi. Осыдан жүйке
жүйесiнiң қасиеттерi жүйке жүйесiнiң жалпы психикалық көрiнiсi болған темпера-менттiң
физиологиялық негiзiн қалайды, яғни адам темпера-ментi - жоғары жүйке жүйесiнiң
сырттай әрекет қарқынында танылатын психикалық бейнесi.
21) темперамент түрлерінің жалпы сипаттамасы.
Темперамент - бұл адамның психикалық әрекетiнiң динамикасын айқындайтын дара
қасиеттерiнiң жиынтығы. Ал қасиеттер iс-әрекеттiң барша түрiнде мазмұн, мақсат,
сеп-түрткiлерге тәуелсiз, бiрдей сипатта көрiнiс бередi, ересек шақта да өзгерiссiз
тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгiлi темперамент
типiне негiз болады. Темперамент типiнiң нақты көрiнiсi сан алуан. Олар тек сырттай
әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бiрге барлық психикалық құбылыстар да: сезiмде,
ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тiлдесу ерекшелiктерiнде т.б.байқалады.
Қазiргi кезеңде психология ғылымы белгiлi жүйеде темперамент типтерiнiң бәрiне
толық психологиялық сипат-тама беруге негiз боларлықтай деректер топтаған. Алайда,
дәстүрлi қабылданған темпераменттiң төрт (сангвиник, холерик, флегматик,
меланхолик) түрiнiң психологиялық сипатын түзу үшiн көбiне төмендегi аталған негiзгi
темпера-мент қасиеттерi қолдануда:
Достарыңызбен бөлісу: |