№62 Конфликтінің дисруктивті және конструктивті
функциялары
Кез-келген конфликт
позитивті(конструктивті)
және
негативті(деструктивті)
қызмет
атқарады. Теориялық тұрғыдан ажырату оңай болып көрінгенімен,
практикада
конфликтінің конструктивтілігі мен деструктивтілігінің шекарасын анықтау қиынға
соғады. Ол төменде келтірілген себептерге байланысты:
- конфликт нәтижесінің позитивті не негативті екендігіне жалпылама баға беру қиын;
- конфликтінің конструктивтілігі мен деструктивтілігі оның әр сатыларында өзгеріп
отыруы мүмкін;
- конфликт қатысушы бір
жаққа конструктивті, ал екінші жаққа негативті әсер етуі
мүмкін
- конфликтінің конструктивтілігі мен деструктивтілігін оның тікелей қатысушыларына
қатысты немесе әлеуметтік ортаға қатысты қарастыруға болады.
Мысалы,бір фирманың макромаркетинг бөлімінде үлкен эмоционалды конфликтіге
ұласқан ұрыс шықты. Ұжымдағы бір қызметкер басқа бір көпжылғы тәжірибесі бар,
инжерен-экономист маманын «шалағайшы кісі» деп атады. Бұлай атаған кезде ол, сол
адамның жоғары жалақы алатындығына қарамастан, жұмыстан тыс қосымша пайда тауып
және соның кесірінен өзіне тиесілі жұмыстың біраз бөлігін жұмыстастарына ығысытырып
тастайтындығын айтқысы келген болатын. Сол бөлімнің басқа қызметкерлері оны
қолдады да, фирманың басшылығына оның оппонентін басқа жұмысқа ауыстыруға ладья
келді.
Конфликт, әрине, негативті нәтижесіз болмады - тәжірибелі қызметкердің орнына
тұрарлықтай жұмысшы вето керек болды. Бірақ, барлығы жақсы аяқталды. Себебі, бөлім
қызметкерлері олардың ортақ қызығушылықтарын айтып жеткізген жұмысшыға
ризашылық білдірді. Бұл олардың бірігіп жұмыс істеуге деген ынталарын одан сайын
арттырып, топпен жұмыс жасаудың қағидаларын сақтаудың маңыздылығын білдірді.
Бұлай шынайы өмірде жиі болып тұрады.
Конфликтіні басқарудың негізгі мақсаты деструктивті конфликттердің алдын алып,
конструктивті конфликттерді адекватты түрде шешу.
№63 Конфликтивті жіктеуге арналған өлшемдер
Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт
қақтығысты жағдай және тәрт
инцидент типтері анықталынды
•
Достарыңызбен бөлісу: