қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет.
Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және
толық
мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің
алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін
және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни
коммуникативті білгерлігіне байланысты. Коммуникативті білгерлік
(компетенттілік) дегеніміз-медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен
(науқас және
оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші
мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы
қарым-қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының
дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге
толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды
сеніммен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай
психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол
нұсқаулықтарды немқұрайлы
орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге
мәжбүр болад адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю,
қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй
жағдайында
жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне
науқастар өте жоғары баға береді.
Достарыңызбен бөлісу: