Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері


Психикалық және психологиялық денсаулық критерийлері



Pdf көрінісі
бет45/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#123119
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53
Байланысты:
Рк психология

78.
Психикалық және психологиялық денсаулық критерийлері.
 
Психикалық денсаулық критерийлері:
психикалық тепе
-
теңдік, психика 
ұйымының үйлесімділігі және оның бейімделу қасиеттері;қоршаған ортаны 
адекватты түрде қабылдау қабілеті және саналы түрде әрекеттер жасау, 
міндеттілік, тиімділік, белсенділік; отбасылық өмірдің толық құндылығы, 
өзін
-
өзі басқару ережелеріне сәйкес мінез
-
құлық, ұрпақ пен жақын отбасы 
мүшелері үшін жауапкершілік сезімі, өмірлік жағдайларға сыни көзқарас; 
жеке тұлғаның дербестігі, өзін
-
өзі актуализациялау, өзіне сенімділік, 
ренжімеу,мінез
-
құлықтың тәуелсіздігі мен табиғилығы; әзіл
сезімі, 
қайырымдылық, адекватты өзін
-
өзі бағалау қабілеті;өзін
-
өзі бақылау және 
қуана білу.
Психологиялық денсаулық критерийлері:
 
қоршаған
ортаны уақыт өте қабылдау,


іс
-
әрекеттерді әдейі орындау,
белсенділік,
тиімділік,
мақсаттылық,
тығыз байланыс орнату мүмкіндігі,
толық отбасылық өмір,
жақындарына деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімі,
сіздің өмірлік жоспарыңызды құру және жүзеге асыру мүмкіндігі,
өзін
-
өзі дамытуға бағыт, тұлғаның тұтастығы.
79) Психикалық денсаулық белгілері. 
Психикалық денсаулық жоғары сана, ойлау қабілеті дамыған ішкі және моральдық, 
саналы іс -әрекетке итермелейтін үлкен күш. Адамның ішкі жан-дүниесінің үйлесімділігі. 
Психикалық денсаулық – адам психикасының тұрақты және барабар қызметі, оның 
негізгі психикалық функциялары – ойлау, жады және басқалар. Бұл адамның қоршаған 
ортаға бейімделуіне мүмкіндік беретін параметрлер, сапа және функционалдық 
қабілеттер жиынтығы. 
(Рухани немесе жан дүние, кейде ментальді денсаулық) – Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
ұйының берген анықтамасы бойынша бұл адам өзінің біліктілігін шыңдай алатын, 
қанағаттану жағдай және қалыпты күнделікті өмір кезінде күйзеліспен күресе алатын, 
өнімді жұмыс атқара алатын, қошаған ортаға өз үлесін қоса алатын жағда 
«Психикалық денсаулық физикалық денсаулық секілді өте маңызды» «Психикалық 
денсаулық – өзіңізді күнделікті өмірде қалай сезінетіндігіңіз, ойларыңыз және 
сезімдеріңіз» Психикалық денсаулық сіздің стресс кезіндегі әрекетіңіз бен оны шешу 
жолдары мен қоршаған адамдарға деген көзқарасыңыз Ешбір адам үнемі өзін жақсы 
сезіне бермейді 
80) Психологиялық денсаулықты сақтау әдістері мен құралдары.
Психологиялық денсаулық: 
·Адамның жас ерекшелік, әлеуметтік, мәдени (бала немесе ересек, мұғалім немесе 
менеджер, қазақ немесе араб) рольдерді адекватты орындауы; 
·Адамның үздіксіз даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету; 
Психологиялық денсаулықтың құрылымы. 
·Аксиологиялық; 


·Инструменталдық; 
·Қажеттілік-мотивациялық. 
Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін 
қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де 
қабылдай алуы) 
Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін 
және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің 
эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы). Қажеттілік-
мотивациялық – өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті 
сезіне білу). Психологиялық қолдау көрсету формасын айқындау үшін норма және 
психологиялық денсаулық көрсеткішін қарастыруымыз қажет. Норма адамның 
қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу 
іскерлігімен айқындалады. Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес 
психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады. 
· Жоғары деңгейі – креативтілік тұлғаның психологиялық көмекті қажет етпеуі. 
(ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған 
әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы) 
· Орташа деңгей – бейімделу алдын-алу, дамыту бағытындағы топтық жұмысты 
ұйымдастыру. (социумге бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы). 
·Төменгі деңгей – бейімделеалмаушылық мінез-құлықтың ассимилятивтік-
аккомодативтік стилінде индивидуалдық психологиялық көмекті қажетсінудің (мінез-
құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра 
отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік 
стилі – өзгелерді бағындыруға тырысуы) маңызды болуы; 
Мектептегі оқушылардың күші мен қуаты сабақ барысында әлсірейді, сондықтан 
психолог эмоциялық қалыпты реттеуге үнемі көмектесуі керек. 
Психолог төмендегі мәселелерді шешуі қажет,олар: 
– Психоэмоциялық және соматикалық тынышталуына , қиналысты жоюға, жан 
дүниесінің, жүйке жүйесінің, психикасының қызметінің ретке келуіне мүмкіндік беру; 
– Тұлғаның қарым-қатынасындағы проблемаларды шешуге көмектесу; 
– Эмоциялық, ақпараттық, оқу, физиологиялық стресті жою техникаларын 
пайдалану; 
– Тұлғаның өзіне жағымды қатынасты қалыптастыру; 
– Еңбекке қабілеттілікті қолдау және оны сақтауға үйрету; 
– Тұлғаның өзіндік рефлексиясын дамыту; 


– Тұлғаның лидерлік қасиетін дамыту ; 
-
Қызметте сәттілікке жетуді үйрету; 
– Қызметте эмоцияны сақтауды үйрету; 
– Тұлғаның ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; 
– Мінездің іскерлік жағын дамыту; 
– Өзінің және өзгенің эмоциялық жағдайын ұғыну мен қабылдау іскерлігін дамыту; 
– «Бодифлекс» әдісі пайдалану арқылы оқушылардың күш қуатын арттыру және 
ақыл- ой іс-әрекетін белсендіру; 
– Сумен шынықтыру тәсілдерін үйрету; 
– Тыныс алу жаттығуларын үйрету . 
Тау етегінде, орманда, су жағалауында теріс иондар – аэроиондар өте көп, оларды 
біз «ауа дәрумендері» деп атаймыз. Денсаулықты нығайту үшін олармен тыныстай 
білуге үйрету. Психологиялық денсаулық бөлмесін ұйымдастыру қажет, 
81)
"Стресс" ұғымының анықтамасы. 
стресс - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты 
ұғымдарды білдіреді. 
Ғылымға ең алғаш осы ұғымды енгізген канадалық физиолог Ганс Селье. Оның 
анықтамасы бойынша, стресс - өте жағымсыз әсерлерге жауап ретінде туған 
организмнің қалыпсыз бейімделу әрекеттерінің жинағы. Адамның жеке 
ерекшеліктеріне, мінезіне, жоғарғы жүйке әрекетінің типтеріне орай стрестің 
бірнеше түрлері байқалады. 
Стресс үш кезеңнен тұрады: 
үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы 
кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады; 
төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы 
туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің 
гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке 
жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да 
жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді; 
әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан 
психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. 
Стрестің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. 


Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған 
тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз 
өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына 
орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы 
жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. 
Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты 
жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды 
кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. 
Міне, осы екі мысал стрестің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама 
сипаттайды. Стресті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және 
психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стресті мәліметтік және 
эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік 
стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін 
білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс 
қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке 
әрекетінде тежеулі серпілісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті 
немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стрестің физиологиялық тетігі гипоталамус-
гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс 
кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері 
оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин 
және самотомединдер де стрестің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп 
болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің 
стреске қарсы тұру төзімділігін арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет