Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері


) Тиімді қарым қатынас факторлары



Pdf көрінісі
бет32/53
Дата06.10.2023
өлшемі1,17 Mb.
#113329
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
53) Тиімді қарым қатынас факторлары 
Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің 
орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен 
жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін 
сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа 
адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас 
мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен 
қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-
қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. Адамдар арасындағы 
қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-
қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы 
зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс 
жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен 
көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал 
секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды.
54) медицина саласындағы тұлға аралық коммуникацияның ерекшеліктері 
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі-кәсіби маңызды қасиет. 
Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, 
қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және 
олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық 
қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, 
мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету 
үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен 


қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. 
Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық 
мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің 
алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін 
және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни 
коммуникативті білгерлігіне байланысты. Коммуникативті білгерлік 
(компетенттілік) дегеніміз-медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен 
(науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші 
мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы 
қарым-қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының 
дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге 
толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды 
сеніммен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай 
психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы 
орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге 
мәжбүр болад адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, 
қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында 
жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне 
науқастар өте жоғары баға береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет