7
2.
ТЕРМИНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2.1 Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі
Қазақ тіл білімінде термин , терминжасам мәселесін тәжірибе тұрғысынан
қарап, зертеген алғашқы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлыны айта аламыз.
Еңбектерінің ішіндегі «Оқу құралы», «Тіл құралы» қазақ тіл білімінде алар орны
ерекше. Терминжасамда алаш зиялыларының еңбектері зор. Ең алдымен алаш
ғалымдары терминдерді жат сөздер мен пән сөздер деп атады. Олардың өзіндік
ұстанымдары, талаптары болды. Алғашқы талап- терминдерді қазақ тілінің
байырғы сөздерінен жасау. Екінші талап- тілде баламасы жоқ шетел терминдерін
жатырқамай қабылдау, бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық
заңдарына сәйкестендіріп алу .
Тіл, термин мәселесі алғашқы Қазақ білімпаздарының сьезінде
талқыланды. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі 1924 жылы 12-17 маусым
аралығында Орынбор қаласында өткен ғылыми жиын. Сиез 5 мәселелерді
қарастырды:
1. Қазақ емлесін бірөңкейлеу.
2. Қаріп жағдайын қарастыру.
3. Халық әдебиетінің халін һәм оқылатын пәндерді жоспарлау.
4. Оқу һәм білім кітаптарын көбейту шарасын қарастыру.
5. Қазақ пән сөздері бір болу мәселесі. Аталған жиын қазақ тілі мен
әдебиетінің ғылыми жүйесі , әсіресе әліпби, орфография, терминология, оқыту
әдістері, ономастика және т.б салалар бойынша маңызды қаулылар қабылданды.
Бұл жиынға әр түрлі қауымнан зиялы ғалымдар қатысты. Олардың қатарында
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, К.Аспандияр,
Е.Омаров, М.Дулатов, М.Тұрғанбаев сынды ұлы зиялылар болды.
Достарыңызбен бөлісу: