Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау»



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата15.11.2023
өлшемі499,61 Kb.
#123641
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
6.3 Сөзжасамдық жұрнақ 
 
Сөзжасамдық жұрнақ тек морфологиялық немесе синтетикалық тәсіл арқылы 
ғана терминжасамға қатысады. 
Өмірзақ Айтбай еңбегінде “ Жалпы, қазақ тілінің сөзжасамға қатыстырылатын 
қосымшалары туралы әңгіме қозғалғанда, мамандар -шы, -ші. -лық, -лік, -
шылық, -шілік, -ма, -ме, -ыс, -іс, -с, -ым, -ім, -м, -іл, -ыл, -л, -қы, -кі, -у 
қосымшаларын өнімділер қатарына қосып жүргенін ескеру керек” - деп сөзжасам 
жұрнақтарын атап өткен. 
Ш.Құрманбайұлы “Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам 
тәсілдері” еңбегінде әр түрлі сөз 


25
таптарынан зат есім тудырушы 194 жұрнақты көрсеткен. Солардың біршамасын 
мысал ретінде көрсететін болсақ :
-а (жаза, жыра, айнала); -ай (маңай, малай); -ақ (жатақ, қонақ, тұрақ); -ан 
(отан, ұлан); -ба (қазба, жазба); -бе (көмбе, сүзбе, мінбе, кезбе); -гер (қаламгер, 
зергер, қаржыгер, тәлімгер) 
Тіл, әдебиет саласындағы сөзжасадық жұрнақтар 
-у 
абайтану, әсірелеу, сілтеу, қоштасу, жинақтау 
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік 
айлық, кеңістік, ғарыштық, салалық, жалғаулық, күнделік 
-шы, -ші 
ағартушы, аудармашы, әңгімеші, сыншы, муретші 
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті 
ақылы, астарлы, атаулы, дауысты, лепті 
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, пе 
аударма, әліппе, кірме, мінездеме, қаратпа 
-ша, -ше 
ауызша, есімше, қосымша, жазбаша 
-ым, -ім, -м 
байлам, басылым, естілім, жазылым 
-ыс, -іс, -с 
 айтыс, барыс, шегініс, тіркес, құбылыс және т.б. 
2011 жылы жарық көрген «Мал шаруашылығы терминдерінің орысша-қазақша 
сөздігі» еңбегінен мал шаруашылығы саласындағы сөзжасадық жұрнақтар 
арқылы жасалған терминдерді де қарастыруды жөн көрдім. Мәселен: 
-у 
бейімделу, автоастау, босаңсу, бонитировкалау, будандастыру
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік 
бедеулік, ветеринарлық, аналық, буаздық, көпсатылық 
-шы, -ші 


26
табыншы, малшы, дозалаушы 
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті 
шығынды, ақылы, бітімді , жұқпалы
-ша, -ше 
қарынша, түтікше, қалқанша
-ыс, -іс, -с 
тұқымдас, құбылыс, өзгеріс 
Қорытынды: Терминдер тілдің сөзжасамдық бірліктері арқылы жасалады.
Лексикалық бірліксіз ешбір туынды сөз, термин жасалмайды. Жұрнақ арқылы 
барлық сөз таптары өзінің құрамын туынды сөз арқылы толтырып отырады. 
Демек, сөзжасамдық бірліктердің терминжасамда алар орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет