2.
ТЕРМИНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2.1 Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі
Қазақ тіл білімінде термин , терминжасам мәселесін тәжірибе тұрғысынан
қарап, зертеген алғашқы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлыны айта аламыз.
Еңбектерінің ішіндегі «Оқу құралы», «Тіл құралы» қазақ тіл білімінде алар орны
ерекше. Терминжасамда алаш зиялыларының еңбектері зор. Ең алдымен алаш
ғалымдары терминдерді жат сөздер мен пән сөздер деп атады. Олардың өзіндік
ұстанымдары, талаптары болды. Алғашқы талап- терминдерді қазақ тілінің
байырғы сөздерінен жасау. Екінші талап- тілде баламасы жоқ шетел терминдерін
жатырқамай қабылдау, бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық
заңдарына сәйкестендіріп алу .
Тіл, термин мәселесі алғашқы Қазақ білімпаздарының сьезінде
талқыланды. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі 1924 жылы 12-17 маусым
аралығында Орынбор қаласында өткен ғылыми жиын. Сиез 5 мәселелерді
қарастырды:
1. Қазақ емлесін бірөңкейлеу.
2. Қаріп жағдайын қарастыру.
3. Халық әдебиетінің халін һәм оқылатын пәндерді жоспарлау.
4. Оқу һәм білім кітаптарын көбейту шарасын қарастыру.
5. Қазақ пән сөздері бір болу мәселесі. Аталған жиын қазақ тілі мен
әдебиетінің ғылыми жүйесі , әсіресе әліпби, орфография, терминология, оқыту
әдістері, ономастика және т.б салалар бойынша маңызды қаулылар қабылданды.
Бұл жиынға әр түрлі қауымнан зиялы ғалымдар қатысты. Олардың қатарында
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Н.Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, К.Аспандияр,
Е.Омаров, М.Дулатов, М.Тұрғанбаев сынды ұлы зиялылар болды.
2.2 Елдес Омарұлының “Қазақша пән сөздер” атты баяндамасы
Орынборда өткен қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінде Елдес Омарұлы
“Қазақша пән сөздер” атты баяндама жасады. Аталмыш баяндамада Елдес
Омарұлы термин сөздерді қабылдау тұрғысында мынадай тұжырымдар айтқан:
«Елдің мәдениетін өркендету үшін қолдан келетұн шаралардьң ең маңыздысы
8
басба сөз. Қазақша кітеб, жорнал, газеттерді қазақ түсініп оқи алатұн болуы үшін:
оның тілі қазақша болуы керек, - әуелі, сөздері қазақша болуы керек, екінші,
қазақша сөздер қазақша тізіліб жазылуы керек».«Пән сөзді қолдан келгенше
қазақтың өз тілінен алу керек. Пән сөзді қазақ тілінен алғанда түрлі түбірге түрлі
жұрнақтар жалғап алуға болады.»-деп, мысалдар келтіре өткен. Мәселен: -лық, -
шы, -шыл, -лы, -сыз, -уыш (тұрлаулы жұрнақ) және -қ,-н,-ақ (тұрлаусыз жұрнақ)
деп алып , "қ" жұрнағына "тара" деген түбірге жалғасақ, "тарақ" болады, "тарақ"
тарайтұн асбабтың аты, - мұндағы "қ"-"уыш"-тың орнында деп, пән сөзге қойылу
керек талаптарды атап өтеді. Соның ішінде сөздердің өзі де - тізілуі де қазақша
болу шараларын істеу керек деп ерекше мән береді. Баяндамада жат сөздер
туралы да сөз етеді .
Жат сөз қазақтың өз сөзіне ұқсап қазақ тіліне сіңіп кететұн болуы үшін, -
оны қазақ тілінің мынадай заңдарына келтіріп алу керек дейді: 1. Сөздерді не
жуан, не жіңішке етіп, үндестік заңына негіздеп жазу (-"нікі" "дікі", "тікі"-ден
басқа); 2. Бірінші буындағы "ә"-сі бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде, "ә"-
ні өзгертіп я "е", я жуан "а" қылып алу керек (әдебиет-адабиет, Мәриәғ”-
Мариаға); 3. Бас буыннан басқа буындарында "о", "ұ"-сы бар жат сөздерді қазақ
тіліне кіргізгенде "о", "ұ"-ларды басқа бір дауысты дыбысқа айналдырып алу
керек; 4. Сөз аяғындағы "ғ", "г", "д"-ларды мүлде жоғалтып жіберу; 5. Қазақ
тілінің үздіксіздік заңына сай жазу. Дауысты дыбыс алдындағы дауыссыз
дыбыстан кейінгі буынға шықпайды ("қарағай", "қар-ағай" болып үзіліп
буындала алмайды). Баяндамадан соң бұл мәселе талқыға түсіп, әртүрлі пікірлер
айтылады.
Х. Досмұхамедов: Біз тілімізге жат сөз кіргізгенде, оның түбірін ғана кіргізуіміз
керек, - жана түбірінің өзін де қазақ тілінің заңдарына келтіріп өзгертіп алуымыз
керек. Жат тілдің жұрнақтарын алудың жөні жоқ, жат тілден алынған түбірге біз
өз жұрнақтарымызды жалғайтұн болуымыз керек.
М. Тұрғанбаев: Пән сөзін әуелі қазақтың өз тілінен іздеу керек; Онан табылмаған
күнде басқа түрік қауымдарына кіріп кеткен сөздерден іздеу керек; Қазақтың өз
тілінен де басқа түріктерден де табылмаған сөзді ғылымның шыққан елінен
алуымыз керек .
Н. Төреқұлов: Пән сөзді қазақ тілінен алған дұрыс, - бірақ қазақша пән сөз
арналған ұғымға дәл келіп, тілге жеңіл құлаққа ерсі болмауы керек.-деп пікір
білдіреді.
Сьездің ақырғы шығарған қаулысы:
1 - Қазақша пән сөздері қазақтың өз тілінен алынатын болсын.
9
2 - Қазақтың өз тілінен табылмаған пән сөздер, басқа түрік қалықтарынан
ізделсін; басқа түріктер тіліндегі пән сөздер - жалпы түрік сөзі болып, жат тілдің
әсерінен аман болса, - ондай сөздер жатырқамай алынсын.
3 - Еуропа қалықтарының бәрінің де сіңіп кеткен жалпы жұртқа ортақ пән сөздер,
қазақ тілінің заңдарына келтіріліп, бізге де пән сөз болып алынсын.
4 - Қазақтың өз тілінен басқа тілдерден алынған пән сөздер қазақ тілінің
заңдарынша өзгертіп алынсын.
5 - Қазақша пән сөздерін тексеріп қабылдап алатұн орын, - қазақша білім кеңесі,
- жалпы қазақ қалқы үшін жалғыз болсын.
6 - Қазақша сөздер әлібби ретімен тізіліп, лұғат кітебі болып жазылып
шығарылсын.
Достарыңызбен бөлісу: |