Қарақұмық жармасын өндіру технологиясы



бет2/7
Дата22.12.2022
өлшемі1,25 Mb.
#59107
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7

Продел — жармаланған қарақұмық жармасы немесе велигорка қалдығы және сүттегі жартылай тәтті ботқа. Тұтқыр ботқаны дайындауда қолданылады. Қарақұмық ұнына балаларға пайдалы сүт, қант, витаминдер араласқан. Жұқа қүймақ дайындауға да қолданылады.

Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамы

Дəннің құрылысы жəне химиялық құрамы

Қарақұмықтың дəні негізінен үш қырлы, кейде екі, төрт, алты қырлары да кездеседі, жалпақ дəнділер де болады. Қабығы қатты, түсі сұр, күміс тектес, ақшыл қоңыр, қарақошқыл, кейде қара болады.

Қарақұмықты шаруашылық жағдайында үш топқа бөледі. Олар: 1. Ірі дəндер – ұзыны 5,5-6,0 мм, көлденеңі 4,0-4,5 мм, 1000 дəнінің масса- сы 24-30 г; 2. Ұсақ дəндер – ұзыны 4,5-5мм, көлденеңі – 3,0-3,5 мм, 1000 дəнінің массасы 12-18 г; 3. Орташа дəндер – осы екеуінің арасындағы мөлшерге жатады. Бұл топтарға бөлу, оларды сорттау жəне ақтау техно- логияларын жасау керек.

Дəннің анатомиялық бөліктері: қабығы 17-25%, қабыршағы 1,5-2,0, алайрондық қабаты 4-5, эндоспермі 55-65, ұрығы 10-15% шамасында болады.

Қарақұмықты кептіргенде жəне оны ақтау алдындағы ылғал- дау кезінде эндомпермі қоңыр түске боялып кетеді. Ол оның қабыршақтарында сулап қыздырғанда қоңыр түске айналатын пиг- менттер бар екенің көрсетеді. Эндоспермі ұн тəріздес, бос борпылдақ. Сондықтан ақтау кезінде аздап үгіліп кетуі де мүмкін.

Ұрығы өте үлкен, S əрпіне ұқсас, эндоспермнің терең ішінде жатады. Қарақұмық дəнінің химиялық құрамы: су – 14, ақуыз – 12, май – 2, крахмал – 55, қант – 1,5, клетчатка – 11, күл беретін заттар – 2% ша- масында. Минералды заттарда Na-40, Ca-120, Mg -258, Fe -17, К- 530, мг/100г болады.

Қарақұмықтың сабағы да пайдалы. Онда рутин көп, сондықтан одан Р дəруменін алады. Оның тағы бір медициналық қасиеті, оның құрамында болатын лецитин заттары қан тамырының ауруы холесте- ринге қарсы тұра алады.

Қарақұмықтың сабағы да пайдалы. Онда рутин көп, сондықтан одан Р дəруменін алады. Оның тағы бір медициналық қасиеті, оның құрамында болатын лецитин заттары қан тамырының ауруы холесте- ринге қарсы тұра алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет