Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша дидактикалық ойындар картотекасы


№ 11«Жыл атасы» дидактикалық ойыны



бет4/6
Дата09.10.2022
өлшемі211,3 Kb.
#42020
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ойындар

№ 11«Жыл атасы» дидактикалық ойыны

  • Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды. - Қазір жылдың қай мезгілі? Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. - Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті. - Не үшін сары карточка әкелді? Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар. Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.

№ 12«Зат неге ұқсайды?»

  • (2-сабақтың нұсқасын қараңыз). - Буратиноның үйіндегі қандай заттар тіктөрбұрышқа ұқсайды? - Міне, барлық қонақтар мерекелік дастарқан басына жиналды. Кім Буратиноға жақын отыр? - Кім Буратинодан алыс отыр? - Кім Карабас-Барабасқа жақын отыр? - Кім Карабас-Барабастан алыс отыр? Үлестірмелі материалмен жұмыс. - Паровозда неше тіктөртбұрыш және дөңгелек бар? Не артық?

№ 13«Сиқырлы қалта»

  • Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету. 1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау. 2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау. Тәрбиеші балалардың ортасына «сиқырлы қалтаны» әкеледі. Балалардың арасынан бір баланы таңдап алады. Ол бала көзін жұмып, қолын «сиқырлы қалтаға» салып, кез келген түймелері бар жолақты таңдап алып, қолын «сиқырлы қалтадан» шығармаған бойы түймелерді саусағымен санайды. Қалтадан қолын шығарып, санын айтады. Балалар тексереді және түймелердің санына (1-5) сәйкес цифрларды көрсетеді. Ұл балалар Ілиястың, қыздар Айсұлудың неше түйме қадағандығын анықтайды. Балалар әкесіне кафель төсеуге көмектесуді ұйғарады. Бірнеше кафель жерге құлап, сынып қалды. Балаларға оны жинауға көмектесуді сұрайды.

№14«Шаршы құрастыр»

  • Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Тәрбиеші тапсырманың орындалуын қадағалайды. Егер бала орындауға қиналса, оған көршілес партадағы бала көмектеседі. Мұғалім күрделі шаршыны дұрыс құрастырған бір партадағы балаларға жұлдызша беріп, мадақтайды. - Ілияс пен Айсұлу жануарлардың әрқайсысын өз үйлеріне орналастырмақшы. Тәрбиешінің үстеліне жануарлардың суреттері, ал тақтаның әр бұрышына үйшіктер қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет