Қарапайым матиматикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі курсының мәні мен мінеттері Мақсаты


Балабақшада математика сабағын үйрету



бет5/7
Дата21.12.2023
өлшемі40,25 Kb.
#142176
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция "Қарапайым матиматикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі курсының мәні мен мінеттері"

Балабақшада математика сабағын үйрету
Балабақшаның басты міндеттерінің бірі бүлдіршіндердің ой-өрісінің, іс-қимылын жан-жақты дамыту . Баланың логикалық түсінігін ең алдымен оның сезімімен байланысты. Математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, салыстыру (көлемін ) орналасуын саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. 2-3 жастағы балалар туралы сезім әрекетін қалыптастыру . 3-4жастағы жастағы балалардың 3 көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру , сандарды ауызша санай білуге, сан, сана, көп, аз деген ұғымдарды үйрету. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауға үйрету.6-7 жастағы балаларға жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету.
Математика сабағында ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Математика сабағында ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Біз балаларға әр түрлі тапсырмаларды береміз, тапсырмаларды үйрену барысында мыналарды үйренеді:
1.Заттардың белгілерін сипаттау.
2.Заттардың пішініне,көлеміне, түсіне қарай жіктеу.
3.Есте сақтау қабілетін, қолдын кіші моторикасын дамыту.
4.Әр түрлі түсініктеріне анықтама беру.
Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой дене адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі жөніндегі психологиялық зерттеу нәтижелерә осы кезеңдегі балалардың қабылдау мүмкіндіктері мол екенін дәлелдейді. Мұның өзі оларға білім негіздерін неғұрлым кеңірек меңгертіп, өмір туралы түсініктерін жетілдіріп еңбекке деген сүйіспеншілік көз қарасын қалыптастыруға болатынын көрсетті. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларды отбасында тірбиелеудің маңызы өте зор. Ата-аналардың басшылығымен баланың өмірлік тәжірибесі нығайып, адамгершілік, мінез-құлық әдеті жөніндегі қарапайым дағдылары жетіле бастайды, тәрбиеленуші ортаға, айналадағы адамдарға қарым-қатнасын қалыптасады.
«Зерек бала» бағдарламасында ьаланы мектепке дайындау жөніндегі негізіндегі міндеттер атап көрсетілген. 4-5жастағы балалардың бойында математика туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әдістемелік құралға сандар, цифрлар, геометриялық фигуралар, логикалық тапсырмаларға байланысты қызықты ойындар мен жаттығулар жүйесі енгізілген.Әдістемелік құралдағы дамыту ойындары мен жаттығулар қазіргі әдәс-тәсілдерге сай алынған. Ондағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер жаңа әдіс тәсілдермен өткізіледі, бұл баланың тыңдаушы болып қана қоймай, оқу іс әрекетіне тікелей қатысып отыруына мүмкіндік береді. Балалар дидактикалык ойындар арқылы пайымдауға шығармашы – лық тұрғыдан ойлануға өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға үйретеді.
Әдістемелік құралдардағы тапсырмалар оқу бағдарламасы бойынша мынадай топтарға бөлінеді:

  • Сан және санау

  • Көлем

  • Пішін

  • Уақытты бағдарлау

  • Кеңістікті бағдарлау

«Сан және санау» көлемінде балалар 1 – ден 5 –ке дейінгі цифрлармен танысады, математикалық жұмбақтарды шешеді, сандар туралы тақпақтар жаттайды үйренеді. Цифырды заттың саныме сәйкестендіруге берілген тапсырмалар сан мен цифрдың байланысы туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Балалар ертегілер , шағын әңгімелеу арқылы реттік санаумен танысады. Ертегілер мен шағын әңгімелер оқу үрдісін қызықты етуге көмектеседі және есте сақтауды жеңілдетеді, тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Мұнда санның заттың көлеміне кеңістіктегі орналасқан орнына бағынбайтынын түсіндіруге арналған тапсырмалар да бар.
Балалар көп және екеуді салыстыру тапсырмаларын ойын арқылы меңгертеді. «Көлем» бөлімінде балаларға көзбен шамалау, қимыл – қозғалысын үйлесімділігін дамытуға арналған жаттығулар ұсынылып отыр. Балалар «үлкен» «кіші» «қысқы» «қысқарақ» сөздерін дұрыс қолдануды үйренеді. Ал «уақытты бағдарлау» бөлімінде балалар суреттер арқылы адамдардың іс – әрекетімен тәулік бөліктері арасындағы байланысты анықтайды (таңертен ұйқыдан тұрамыз, түнде ұйқтаймыз, күндіз ойанамыз ) Балаларды жыл мезгілдерімен таныстыруға бағытталған оқу іс – әрекеттерінде жұмбақтар, логикалық тапсырмалар орындалады.
Кеңістікті бағдарлау бөлімінде балалар бұған дейін алған білімін ұштап қана қоймай, қағаз бетінде бағдарлауды ұйренеді, оның жоғары әне төмен, оң жақ бөлігі, ортасы деген ұғымдарды меңгереді.
Пішін бөлімінде балалар әр түрлі фигуралардың арасынан белгілі бір фигураны табуды, заттардың арасынан өздеріне таныс геометриялық фигураларды табуды үйренеді.
Математикалық алғашқы ұғымдарды қалыптастырудың мұндай бағдарламалық мазмұны, мектеп жасына дейінгі балалардың сан туралы түсінуіне мүмкіндік туғызып, математикалық ойлауын одан әрі жетілдіру. 4 -5 жастағы баланың математикалық білімге қабілеті ерекше болады. Оның санауды үйренгісі, сандарды білгісі келеді, мысалдар мен есептерді шығаруға талпынады.
Бұл кезеңде баланың икемділігіне орай танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі жетілдіре түсінудің маңызы зор.
Баламен оқу іс –әрекетін өткізу алдын- ала дидактикалық материалды даярлауды талап етеді. Ол үшін әр түрлі ұсақ заттарды , ойыншықтарды, серуен кезінде жиналған табиғи материалды пайдалануға болады.Сонымен қатар суреттерді, жануар, құстар, жемістер, көкеністер, геометриялық пішіндер мен оларға ұқсас заттарды пайдалану керек.
Баланы санай білуге үйрету, есептей білу қабілетін жетілдіріп отыру аса жауапты міндет. Баланы ойын арқылы санай білуге үйретудің маңызы үлкеен. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан –жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше . Ойын – мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекшн қызмет түрі.
Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.
Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілетерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады, кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет