«Қарапайым түсініктер» негізінен оқулықта берілген жаттығулар арқылы қалыптастырылады. Ал сол түсініктердің практикалық сипаттағы қырларын таңдау арнайы математика дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады. Мәселен, әр сабақ сайын сүрет салу, суретті әртүрлі әшекейлерді безендіру сияқты тапсырмаларды орындау көзделеді. Соның барысында бала саусақтарының кішкене бұлшық еттері дамиды. Қорытынды нәтиже – ілгеріде цифрларды, амалдарды және қатынастардың таңбаларын жазуға оқушыларды біртіндеп дайындайды.