22-26 қараша аралығында әл-Фараби атындығы ІТ лицейінде өткен
««Тілім менің- елдігімнің ертеңі»»
атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының өтілуі жайлы
АНЫҚТАМА
Қалалық білім бөлімінен келген жоспарға сүйене отырып апталықтың жоспары құрылды... Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Дүйсенбі күні салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды да жұмыс жоспарымен таныстырылды.. Жиында сөз алған мектеп директоры Кошанова А.Б тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу – жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, ана тіліміздің мерейлі мерекесімен құттықтады. Шараны пән мұғалімдері дайындаған оқушылардың тіл туралы өлеңдерімен жалғастырылды.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай
«Ұлт ұстазы Ыбырай» атты Ыбырай шығармаларын
жатқа оқу сайысы мектебіміздің кітапханасында Нұргүл Николаевна Сақтағанова мен Айжан Оразбаевна Жантубетова ұйымдастырса, Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдық мерекесіне орай «Күй тартыс» әдеби –музыкалық танымдық іс-шараны Ахметжанова Іңкәр Рамазановна және домбыра үйірмесінің жетекшісі Дина Бахытовна өткізді.Іс-шараға қатысқан оқушылар мектебімізде ұйымдастырылған домбыра үйірмесіне қатысып,ұлттық аспаптарымыз домбыра мен жетігенде ойнап , мың бұрала билеп өнерлерін көрсетті. Қазақтың ұлттық өнерін кеңінен паш етіп, көрермендерді оқушылар өз өнерлерімен тәнті етті.,.
Апталық аясында сабақтар да беріліп, іс-тәжірибе таратылды. Атап айтсақ,“Кahoot”бағдарламасын қолдана отыра 6 «а» сыныбында «Қалдыбек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры»атты жаңа сабақты Жиенбаева Маркен Капаровна өткізді, Сабақта мұғалім өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша Жантубетова Айжан Оразбаевна ашық сабақ өткізді. Сабақты мұғалім жаңартылған білім мазмұныны бағдарламасының модульдерін тиімді пайдаланды. Топтық жұмыстар жасалынып, сабаққа жаңаша үлгідегі,атап айтсақ World woll.com платформасында оқушыларға тапсырмалар орындатып, аталмыш бағдарламаларды тиімді пайдаланды. Тек мұғалім сабақ жоспарын №472 бұйрық бойынша жасалу керек екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар үйірме жетекшісі ретінде Айжан Оразбаевна Латынграфикалы ұлттық әліпби бізге не үшін керек? атты практикалық сабағы (цифрлық https://plickers.com платформасындағы скринкаст форматында тест жұмысын жүргізді) арқылы өткізді.
Мұрат Мөңкеұлының «Сарыарқа өлеңіндегі ақын қайғысы» атты сабақ
(“Learning apps” қосымшасымен). Ахметжанова Іңкәр Рамазановна өткізді. . Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаланды. Сабақты жақсы жоспарлаған. Оқушылардың белсенділігі мен ынтасы жақсы. Сабақта жаңа технологияны тиімді пайдаланды .Сабақ соңында мұғалімге әкімшілік тарапынан біршама ұсынытар айтылды.9 «Б»сыныбында «Есіл жағасындағы арман қала»атты жаңа сабақ, “Quizizz” қосымшасын қолдана отырып өткізді .Сабақта мұғалім сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, жас ерекшелігіне байланысты оқыту модульдерін тиімді пайдаланды. Мұғалім уақытты тиімді пайдалана алмады. Мектеп әкімшілігі тарапынан ескертпелер айтылды.
5 «А»сыныбыда «Өсімдіктер әлемі»атты тақырыпты биология пәні мұғалімі Айгерім Қайыржановнамен, Саденова Айнаүл Зарлыковна кіріктірілген сабақ түрін көрсетті. Сабақ барысында биология мұғалімі жемістердің атауын үш тілде сұрап ,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятты.Өсімдіктердің тамырларын микроскоппен көрсетті. Сабақта мұғалім бейнеслайдттар, үлестірмелі материалдар пайдаланды. Сонымен бірге сабақта ДЖИГСО әдісін қолданды.. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Мұғалім жаңа сабақты оқушылардың қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында оқушылармен кері байланыс жасады. Сабақ өз дәрежесінде өтті.. Сабаққа қатысқан әріптестер талдау барысында оң бағаларын берді.
“Тәуелсіз деп соғады жүрегім”тақырыбы бойынша «Миллион кімге бұйырады”
зияткерлік ойын (“Learning apps” қосымшасы fh0sks ). 10-11 сынып пән мұғалімдері: Ахметжанова І.Р. мен Сақтағанова Н.Н.өткізді.Ойын өте тартымды өтті,жоғары сынып оқушылары берілген сұрақтарға жауап беріп,қызығушылық таныта білді.
Тіл апталығының жоғары деңгейде өтілуіне мектеп кітапханашысы да ат салысты. Кітапханашы Мейіргүл Саяхат пен пән мұғалімі Маркен Капаровнамен бірлесіп “Оқуға құштар мектеп” жоба аясында“Поэзия,менімен егіз бе едің?- атты Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған поэзия кеші өте жоғары дәрежеде өтті. «Тілім менің- елдігімнің ертеңі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жабылуы 26.11.2021 жылы өтті.
Кеш соңында ӘБ жетекшісі Жиенбаева М.К. қазақ тілі пән мұғалімдерінің апталықта белсенділік танытқан сыныптарды, жеңімпаз топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді .Тіл апталығының қорытындысы шығарылып , оқушылар сыйлықтармен, мақтау қағаздармен марапатталды.
ӘБ жетекшісі Жиенбаева М.К.
Достарыңызбен бөлісу: |