Арашалардың жыл құстарынан, Өмірдің сансыз бұрылыстарынан



Pdf көрінісі
Дата19.01.2017
өлшемі0,75 Mb.
#2229

Поэзия 

Қ

арашалардың жыл құстарынан, 



Өмірдің сансыз бұрылыстарынан, 

Ақ көңілдердің өр тұстарынан 

Сені көремін. 

Сезімнің сеңсіз теңіздерінен, 

Достардың ыстық лебіздерінен, 

Қ

имас сәттердің ең үздігінен 



Сені сеземін. 

Ғашық жүректер дүрсілдерінен, 

Тілсіз түндердің күрсінгенінен, 

Жұмбақ ғаламның тылсым демінен 

Сені есітемін. 

Уақытпен солай жарысамын да, 

Тағатты тербеп тауысамын да, 

Өзіңмен қайта қауышамын да, 

Үнсіз тілдесем. 

Мен солай күн кешем... 



Көктемді күту 

Қ

ара түн. Жым-жырт шартарап, 



Қ

олымда - қалам, ақ парақ. 

Көктемнің қақтым есігін, 

Ақпаннан аяз арқалап. 

Мерзімі өткен ойларым, 

Мертіктіруге қимадым. 

Сеземін сергелдеңдердің, 

Түбінде тілсіз күй барын. 

Көңілімнің қатпарларымен, 

Гүл іздеп талай барып ем. 

Қ

ауышайықшы қайтадан, 



Сезімнің жасыл бағымен. 

Жасырмай іңкәрлігімді, 

Түнекке шақтым мұңымды. 

Шабыттан шырақ ұсынып, 

Сырласым келді бұрынғы. 

Өзіңді жалғыз қарсы алып, 

Отырмын жырға шырмалып. 

Жұлдыздар анау жымыңдап, 

Жыл құстарыма тамсанып. 

Себелеп соқыр жаңбырың, 

Ашылып аппақ сандығың. 

Асыға көктем күткенде, 

Атпаса екен таң бүгін. 

Кәлима 

Неше түрлі ой мазалап көмескі, 

Қ

айран жүрек, шығардың-ау көп есті. 



Қ

ара жағы басым мынау өмірде, 

Аттадық па, жоқ па, әлде бір белесті. 

Байлық іздеп жүдемеппін бір уақыт, 

Сәл түнерсем, ақ парақпен сырласып. 

Осы - менің барым менен жоғым ғой, 

Өзі іздеп табар, мүмкін, бір бақыт. 

Достық жайлы айтып жүр ғой жан-

жақты ел, 

«Досы көпті қай жау келіп алмақ?» -

деп. 

Менің-дағы достарым көп, алайда 



Шынайысын санап берем бармақпен. 

Мүмкін, сен де таң қаларсың мұныма, 

Немқұрайлы қарай көрме шыныма. 

Мен ешкімді теріс тепкен емеспін, 

Маған қабақ түйе қоймас құбыла. 

Тағдыр деген - таусылмайтын толғақ-

шер, 

Тұнығына тереңірек бойлап көр. 



Қ

ара бастың зары тағдыр емес қой, 

Мықты болсаң, ел тағдырын ойлап 

көр. 


Мықты болсаң, жер тағдырын ойлап 

көр. 


Майырылмай алып елдің ожданы, 

Қ

ашаннан да халық - ақтың қорғаны. 



Адамзатқа ортақ тілім өлерде, 

Кәлиманы көп көрмесе болғаны. 



Жанар 

Бейнеңді көрген сәтте-ақ мақпал көрік, 

Жүрегім қайталанбас бақытты өпкен. 

Өмір дейтін бес күндік тақтан жеріп, 

Көзіңдегі мұхитқа батып кеткем. 

Тек қайталап сұрама сырлы үнді өлше, 

Есітіп көр жан жетпес терең үнді. 

Көзіңнің құдіретін білгің келсе, 

Жәй ғана оқы жаным өлеңімді. 

Көзіңнің ағы менің жаным еді, 

Ол күлгенде тұратын жаһан күліп. 

Көзіңнің ағы сенің арың еді, 

Сол қалпында бақиға батар сіңіп. 

Жанарың жәудірейді гүл күшті іліп, 

Секілді жаңбыры жоқ тұйық көктем. 

Өмір, өмір дейміз-ау білгішсініп, 

Өмір қалай көзіңе сыйып кеткен. 

Сенің көзің мәңгілік жарық мекен, 

Мәңгі жарық қала ма бізден бүгін? 

Жас болып жанарыңнан тамып кетем, 

Ешқашан жыламауға сөз бер күнім. 

Мен сенің көзіңдегі нұрлы алаңға, 

Жанымның ақ жолдарын тірек етем. 

Өздерін танымайтын бұл адамдар, 

Көзде де өмір барлығын біле ме екен.. 

*** 


Тәрк етіп тәнімнің тулаған тамырын, 

Жатсынып жанымның ып-ыстық жалы-

нын. 

Қ

ып-қысқа ғұмырым болардай 



тағылым, 

Мен сені ұмытқан екенмін жарығым. 

Кеудеме сәулесін түсірмей нәзік үн, 

Мұңымды ешкімге шақпадым, 

жазығым.. 

і Тас болып кеткендей мендегі әз ұғым, 

Мен сенен алыстап кетіппін нәзігім. 

Дәл сенің көзіңдей дүние жарқылдап, 

Ең соңғы демім де дәл солай 

сарқылмақ. 

Неліктен жанарлар барады салқындап, 

Сен менің ожданым едің ғой аңқылдақ. 

Өзіңсіз өмірді білмеуші едім мен, 

Ал қазір бітпес мұң жанымды кемірген, 

Осылай оқшау боп өтем бе өмірден? 

Періштем жүрегі сезімге көмілген. 

Тәтті өмір суытып біресе жылытып, 

Күмәннан жиіркенем сенімнің сыры 

жүк. 

Құ

былам, 



Өмірдің қалмаса құны түк, 

Тірілер сапында барымды ұмытып.. 



Жиде гүлі 

Жиденің гүлі -

Көктемнің соңғы кер демі, 

Өзіңсіз мынау шуақ та жылу бермеді. 

Тас бұлақтардың кеудесін түртіп оятар, 

Махаббаттардың хабаршысы сен 

жердегі. 

Құ

пия тағдыр жазылған болар біздерге, 



Жұмбақтығыңнан сыз тарта берді күз 

кеуде. 


Ғашықтар анау еріксіз күйге бөленіп, 

Өз жартыларын іздеуде. 

Іздеуде бәрі, бір жоғалтады, бір ұстап, 

Ғалам масайған сиқырыңменен тыны-

стап. 

Жүрекпен ғана іздегендері табуда, 



Аңқыма жұпар кеуде тұсына сіңіп қап. 

Жейденің гүлі -

Әр өткен жылдың көктемі, 

Айнала тұнған сағыныш мені өп деді. 

Сол сағынышқа ынтыққан ақын 

жүректің 

Тек өлең ғана - төккені. 

Жейденің гүлі -

Сезімнің үрі ең нәзік, 

Тәттілігімен іңкәр кеудеме берді азық. 

Неліктен сен де жазылмай қалған 

өлеңдей, 

Кешігіп келдің арқаңды күнге кең жа-

зып. 


Сиқырсыз сендік мен-дағы жұп боп 

жүзбес ем, 

Гүлдей бер, гүлде, кетпейді бүгін бізге 

есең. 


Ақын деп мені атама, жаным, өзіңді 

Жиде гүлдегенде ғана іздесем. 

Жиденің гүлі 

Махаббат екен шоқ, сарын, 

Өмірдің мәні осы ма деп бір тоқтадым. 

Жиделер гүлдеп, мен бола алмасам 

өмірде, 

От сезімімді өлеңдерімнен ұқ, жаным. 



Адасу 

Туғанда-ақ, өмір, бұлқан ең, 

Жанымды жастай шырмап ең. 

Ғұмырым солай басталды, 

Зәу биікке ынтамен. 

Сол іңкәрліктен сан арман, 

Түп-тамырлары нәр алған. 

Тереңдік болмай, биікке 

Базынасыз бара алман. 

Айтпағым арыз емес-ті, 

Елімнің мұңы, шері есті. 

Көзіңді қадап оқырсың, 

Естіліп жатса көмескі. 

Әр түрлі пиғыл себептен, 

Адалдық қана - кең өткел. 

Бір бөлсе, мені пендеден 

Тек арым ғана бөлектер. 

Өмірге көктем гүліндей, 

Бақпадым көптің біріндей. 

Тіп-тіке жүріп адастым, 

Шалып жатса да, сүрінбей. 

Көп толғандырып ісім кей, 

Тартып келемін күш үдей. 

Кедергі, күрес болмаса, 

Бақиға жылжып кетер ме ем, 

Өмірдің мәнін түсінбей?.. 

Бос қиял мәңгі кесел ой, 

Мақсатқа ылғи жетер бой. 

Жол табу үшін қайда да 

Адасу керек екен ғой... 



Ұқ

састық 

Бір-біріне өзара жарысты ымдап, 

Шүйлігеді төменге қар ұшқындап. 

Бұл доданың нүктесі - жердің беті, 

Сонда ғана шабыс тынбақ. 

Жетті. Тынды. Қара жер ағаруда, 

Бекігендей бейне бір жаңаруға. 

Қ

ап-қара түс тек қана жерде болса, 



Ғарыш жақта өңкей үр ақ ару ма? 

Шығыс нұры ағытып санам кілтін, 

Таң бозарып келеді жаңа ән бүркіп. 

Ей, аппақ қар, сен мені кінәлама, 

Тәнім сенің астыңда қалар бір күн. 

Сен де жерден кетіп ең, жерге келдің, 

Дамылсыз шар секілді дөңгелер күн. 

О баста жаңбыр едің, қарға айналдың, 

Мен мұңда емес, келеді өлеңде өлгім. 

Екшегенде өмірдің ақ-қарасын, 

Бәрінен баз кешпекке шақ қаласың. 

Мен сап-сары сағыныш боп қаламын, 

Сен пәктіктің белгісі боп қаласың. 

Тақылеттес тағдыр бұл мысы өктем, 

Сен құлап ең иеңді құшып бекем. 

Өмірдегі шабысым біткен күні 

Сен сияқты Тәңірге ұшып кетем. 

Уа, Жер-Ана, сен сонда жылап қалма, 

Шын перзент өз анасын жылатқан ба? 

Ақ мамыққа қосылып жауып түсем 

Жаның мені аңсаған бір ақ таңда. 

Сағынышың қайтадан бүр атқанда... 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет