Қарашаның он екісі



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі0,68 Mb.
#129549
1   2   3   4   5

Жағдаяттар


1-жағдаят
Оқушының оқудағы жетістіктеріне көңілі толмайды, өзінің икемділігінен күмәнданады, оқу материалын түсініп, игеріп алатындығына көзі жетпейді, ол мұғалімге: «Сіз қалай ойлайсыз, мен қашан да болсын сыныптастарымнан қалмай жақсы үлгеріп, оқып кете аламын ба?»-дейді, Сіздің жауабыңыз?

2-жағдаят
Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. 8-ші сынып оқушылары кабинеттің алдында оқытушыны күтіп тұр. Кабинет жабық. Оқытушы келіп, кілтпен есікті ашайын десе, кілттің орны қағазбен бітелген. Оқытушы оқушыларға күмәнді көзқараспен қарап шығып: «Бұл кімнің ісі, осылайша сабаққа кедергі жасайын дедіңдер ме?»-деп өзінің наразы көңілін білдірді. Оқушылар сасып қалды, қарсыласайын деп еді, оқытушы тыңдамай одан әрі дауыс көтеріп кінәлай берді. Осы сәтте директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары келіп: «Жамал Бектасқызы, кешіріңіз сәл кешігіп қалдым. Мен сізге басқа кабинет ашып берейін, себебі бұл кабинет сырланған еді, бөгде адам кірмеуі үшін мен кілт орнын әдейі қағазбен бітеп едім» деді. Бұл жағдайда сіздің әрекетіңіз?
 

3-жағдаят
Оқу жылы басталды. 6-шы сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді. Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден, басқа сабақты тағы басқалардан ұқыптап көшіріп алып жүрді. Әкесі Арманның күнделігін бақылап жүрді, бағалары дұрыс. Арманның әкесі уәдесінде тұрып, жазғы демалыс кезінде баласына велосипед алып берді.Сіз осындай екі жақты келісім шартқа қалай қарайсыз?
 

4-жағдаят
Тоқсандық баға шығарғанда талас бағаны байқамай оқушыға төмен баға шығардыңыз. Әрі оны ұмытып кеттіңіз. Оқушының ата - анасы директорға шағымданып келеді, сізді шақырады. 1. Директорға не дейсіз? 2. Ата - анаға не дейсіз? 3. Өзіңізге өзіңіз не дейсіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет