Қарашаның он екісі


Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар



бет2/5
Дата21.10.2022
өлшемі0,68 Mb.
#44562
1   2   3   4   5
Байланысты:
558350.pptx 2

Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар:

  • анықталған проблема бойынша жұпта немесе шағын топта әңгімелесу, ойтолғау;
  • «Сенің ойың» - әр оқушының проблеманы өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;
  • «Менің ойым» - көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқарасының да маңызы өте зор;
  • «Белсенді тыңдау» әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау.
  • Әрине, тәсілдер мен әдістер қолдану негізінде балалар өз өйларын ашық айта алады, өмірге деген сенімділігі артады.

Оқушылардың белсенді іскерлігін қолдау, осындай әдістер мен тәсілдерді үнемі, әрі тиімді пайдалану негізінде педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының нәтижесін мынадай табыс формуласынан көруге болады. Олар:

  • оқушыда өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік пайда болады;
  • өзін-өзі дамытуда бала қоршаған ортаңың ерекшеліктеріне икемделеді, себебі, ол жалғыз емес, қоғамда өмір сүреді. Тұлға адамдар арасында түзелуге икемделеді;
  • оқушы жеке шығармашылық қызметке қатысады;
  • атқарылған жұмыс нәтижесінде тұлға өзін-өзі дамытады және жетілдіреді.

Үрдіс соңында жан-жақты дамыған, дені сау, шығармашыл, бәсекеге қабілетті, құзыретті, өзін бағалай алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзіне-өзі сенімді тұлға қалыптасады деп сенемін. Ол үшін мынадай талаптарды атап айтуға болады: Тәрбие үрдісін ұйымдастыру арқылы тұлғаның біліктілігін, шыдамдылығын қалыптастыра отырып, оқушының алдағы өмірінде, қоғамда табысты болуына көмектесетін қасиеттерін дамытып, қалыптастыру, әлеуметтендіру болып табылады.Бұл технология бойынша өзара іс-әрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негіздің, яғни ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ытымақтастықты қалыптастыруға бағытталады. Ең қымбат өмір – бала өмірі, бала өмір жалғасы болғандықтан, оның қоршаған ортаға бейімделуі, өмірден өз орнын таба алуы осы үш бірліктің бірлесіп атқарған қызметіне байланысты болады. Ата-ана, бала, ұстаз арасындағы тығыз ынтымақтастық, тиімді байланыс болғанда ғана біз өзімізге жүктелген қиын да абыройлы міндеттерді шеше аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет